free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

наурыз, 2016

    4 наурыз күні Х.Ж.Баданова, Ж.Х.Айткалиева “Ziat” ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты қашықтан өткізілетін IV Республикалық оқытушылар сайысында «Электротехника пәнін оқытуда инновациялық технологияны қолданып сабақтың тиімділігін арттыру» тақырыбымен II орынға ие болды.

 

1

 

         Техникалық бөлімнің пәндік циклдік комиссия төрағасы Ж.Х. Айткалиева 29.02-05.03 аралығында «Интернет конкурстары» Халықаралық білім-беру жобасымен ұйымдастырылған «Ашық білім ресурстары» тақырыбында семнарға қатысып, 12 наурыз күні сертификат табысталды.

 

2

 

     19 наурыз күні «Наурыз» мейрамы қарсаңында техникалық бөлімнің оқытушылары Г.С. Никишева және Б.Т. Таутешова колледж директорының атынан Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастарға білім мен тәрбие беруге қосқан зор еңбегі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

3

 

         Наурыз айының 29-30 күндері аралығында колледжіміздің әдістемелік кабинеті ұйымдастрған «Үздік жас оқытушы» байқауында техникалық бөлімнің оқытушылары Э.А. Мукангалиева «Ең сабырлы жас оқытушы» номинациясына, Б.Т. Таутешова  «Ізденімпаз жас оқытушы» номинациясына ие болды.

 

4   5

 

          11.03.2016 ж. Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледж өткізген «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану» атты облыстық оқу-әдістемелік конференциясында оқытушы А.К. Булатова «Компьютерлік технологияның тиімділігі» тақырыбымен, Ж.Х. Айткалиева  «Внедрение инновационных и информационных технологий в организацию самостоятельной работы студентов с целью повышения качества образования»  тақырыбымен қатысты. Жасалған жұмыс бойынша сертификат берілді.

 

6

 

       15 наурыз күні техникалық бөлімнің оқытушысы Кунакбаева Д.А. “Ziat” ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген «Үлгілік сабақ» атты III Республикалық педагогтар сайысында қатысып I орынға ие болды.

 

7

 

       1-наурыз Алғыс айту күніне орай техникалық бөлімнің оқытушысы Х.Ж. Баданова ТОР-11 тобына«Ризашылық пен алғыс», «Алғыс айту парызым»  атты тәрбие сағаттарын өтткізді.

 

8   9

 

           МСХ-921 тобының тәлімгері А.К.Булатованың жетекшілігімен наурыз айының 4 жұлдызында «8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне!» арналған тәрбие сағаты өтті.

 

10   11

 

       18.03.2016  «PISA халықаралық зерттеуіне дайындық аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыру»тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

12

 

       Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтеу, сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатында наурыз айының 1-ші жұлдызында ПВ-931 тобының тәлімгері  А.Ф. Яғмусова «Алғыс айту – парызым» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

13

 

         Тәрбиелеуде қамқорлық пен қолдау көрсеткендері үшін балалардың ата-анасына деген ризашылықтарын білдіретін «Ата-анам – алтын тұғырым» атты суреттер мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.

 

14

 

15

 

     Тіл мамандарының  ұйымдастыруымен «Ұстазыма рахмет» атты көркем сөз байқауы өткізілді. Белсенді қатысқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.

 

16   17

 

         Тұңғыш рет тойланып жатқан алғыс айту күні көлледж көлемінде ерекше аталып өтті.

 

18   19

 

«Алғыс білдіремін» атты  колледжішілік шығарма байқауы өткізілді.

 

20

 

        Болашақ  мамандықтарының  қыр-сырын  ашып  көрсету  мақсатында «Мамандығым - өмір жолым» тақырыбында  тәрбие сағаты  ұйымдастырылды.

 

21   

 

         8-наурыз қарсаңында өткізілген «Жігіт сұлтаны  -2016» байқауына ЭНГМ-11 тобының оқушысы Бисенеев Т. қатысып, финал жүлдегері атанды.

 

23

 

«Made in Kazakhstan» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студентерінің арасында ұйымдастырған облыстық сайыста «Даму» командасы І жүлделі орынға ие болды (УА-921 топ оқушылары, жетекшісі – экономикалық пәндер оқытушысы Д.К.Рахимгалиева).

 

24   25

 

       Көрісу айт дін мерекесі емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру, ата- бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру, оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтеу мақсатында  наурыз айының 16 жұлдызында   өзін-өзі тану пәні оқытушысы Ж.К. Балуанова «Қабыл болсын Көрісу айт!» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді.

 

26   27
28   29

 

     Наурыз айының 18 жұлдызында арнайы құқықтық пәндер оқытушылары А.С.Нурлубаева, Д.Т.Хабибуллина, А.Ф.Яғмусова «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие», «Преступность среди несовершеннолетних» тақырыбында   БҚО ІІД қызметкерлері   Р.М. Бусурманов, А.Р Каринмен кездесу ұйымдастырды.

 

30

 

        Колледждің барлық  бөлімдерінде наурыз айының 19 жұлдызында ауыл-ауыл болып Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы кең ауқымда ұйымдастырылды.

 

31   32   33

 

     Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің қоғамдық пәндер кафедрасы 2016 жылдың  30 наурыз «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт –азаттық күресі» тақырыбында колледжаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына ОПУД-911 тобының оқушысы М.Хуснийдинова (жетекшісі –Ш.У.Махметова)«Есімізде мәңгілік, қасиетті баба!» және ПВ-11 тобының оқушысы Г.Бауыржанова (жетекшісі- С.А.Жумашева)  «Желтоқсанның қарылғаштары» тақырырыптарында баяндама оқып сәйкесінше сертификатқа ие болды.

 

34   35

 

         Жамбыл өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялаты арқылы поэзияны сүйіп, оны бағалай білуге, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, елінің  өнерін сүюге тәрбиелеу мақсатында кәсіптік колледж оқушылары арасында жыршы бабамыз, эпик, ақын Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жыр алыбы –Жамбыл» тақырыбында өткізілген шығармашылық байқауға А.Б.Халелова, Г.А.Аймурзина, А.М.Мукатаеваның жетекшілігімен  колледж оқушылары қатысып, Алғыс хатқа ие болды.

 

36

 

      «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген «Үлгілік сабақ» атты ІІІ Республикалық педагогтар  сайысында Т.И. Павлова ІІ орынға ие болды (№00777, 15.03.2016).

 

37

 

          23.03-01.04.2016 жылы Астана қаласында өткізілген «Лучший классный час» атты халықаралық творчествалық сайысқа Т.И.Павлова сырттай қатысып, сертификатқа ие болды (№138, 25.03.2016).

 

38

гис-технологии
ткани для вышивания