free templates joomla

Мамандықтарға сипаттама (мұнай-газ бөлімі)

Мұнай-газ және стандарттау бөлімі мамандықтары

 

Шифр спец/ти

Мамандық/ Специальность

Біліктілігі/ Квалификация

ҚР МЖМБС ГОСО РК

Оқу мерзімі (9 класс)

Оқу мерзімі (11 класс)

1

0601000

Метрология, стандарттау  және сертификаттау (салалар  бойынша)    Стандартизация, метрология и сертификация (по отраслям)

0601013  -

Техник по стандартизации

4.05.012 – 2008

   

2 жыл 10 ай

   

1 жыл 10 ай

2

0801000

Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша)                   Бурение нефтяных и газовых скважин и технология буровых работ (по профилю)

0801143 – Техник-технолог

4.05.022 – 2008

       -

2 жыл 10 ай

3

0802000

Мұнай – газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану

Сооружение и эксплуатация газонефтепроводов и газонефтехранилищ

0802043 –Техник-механик

4.05.023 – 2008

3 жыл 10 ай

2 жыл 10 ай

4

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)                   Эксплуатация нефтяных и газовых месторождений (по профилю)

0809223 –Техник-технолог

4.05.025 – 2008

3 жыл 10 ай

2 жыл 10 ай

5

0819000

Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

Технология переработки нефти и газа

0819073 - Техник-технолог

4.05.027 – 2008

3 жыл 10 ай

2 жыл 10 ай

 

Мамандық 0601000 «Метрология, стандарттау  және сертификаттау

(салалар  бойынша)»

       Қазіргі таңда сапа мәселесі барлық елдерде нарықтық экономиканың дамуына қарамастан  өзекті мәселе болып табылады.

       Барлық  дамыған елдерде стандарттау және метрология  елдің дамуы мен өркендеуіне өз септігін тигізеді.  Олардың көмегімен өндіріс орындарында сапа мәселесін  және өндіріс тиімділігін арттырады. Стандарттау және метрология  азаматтардың өмір сүру  сапасына маңызды үлесін қосады. Метрологиядағы стандарттау және метрологиялық қызметте стандарттау өндіріс орындарының барлық салаларының дамуына үлесін тигізеді.

Сапа мәселесін шешуде негізгі  мәселе практикалық тұрғыда  қазіргі заманға сәйкес өнім сапасын басқару механизмін қолдана алатын бәсекеге қабілетті мамандар қажет.

       Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.                       

       Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

 - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

       Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

       Бітірушілердің біліктілігі -  «стандарттау технигі»

 

Мамандық 0801000-«Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы бейін бойынша)»

       Түлектердің кәсіптік қызмет нысандарына: іздеу-кәсіпшілік бұрғылауда үйымдастыру-технологиялық жүмыстарын жүргізу, сонымен қатар ұңғымаларды және бүрғылау жабдықтарын пайдалану; бұрғылау жұмыстарын әрі қарай жүргізу, көмірсутегін өндіру және үңғыма жабдықтарын пайдаланумен айналысатын мұнай-газ саласының компаниялары мен мекемелерінде; көмірсутегі шикізатын сақтау кәсіпорындары жатады.

       Мұнай мен газды өндіру үшін ұңғымаларды бұрғылау - бұл күрделі және қымбат бағалы техникалық процесс, ол үлкен диаметрлі бұрғылау жұмыстарын, ұңғыма жағдайларын зерттеуді және геофизикалық әдістердің көмегімен өнімді қабаттарды, жоғары қысым қабаттарының гидрогеологиялық қабаттарын зерттеу және экологиялық мәселелерді шешуді қамтиды.

       Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.                         

       Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

 - жалпы орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;

       Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       Бітірушілердің біліктілігі -  «техник-технолог»

 

Мамандық 0802000-«Мұнай –газ құбырлары мен қоймаларын

салу және пайдалану»

       Бұл саланың маңыздылығы, еліміздің энергетикалық кешенінің даму перспективасы өмір сүру деңгейіне басым әсерімен байланысты. Мұнай мен газдың еліміздің басты ресурстарының  бірі екені белгілі. Мұнай мен газды өндірудің артуы мен қатар оны тасмалдау мен сақтаудың маңыздылығы артуда. Соған байланысты құбыр құрылысы мен сақтағыштар салу мамандары еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуда. Шикізатты жоғарытехнологиялық өңдеу мен тұтынушыларға тиімді жеткізудің жобаларын жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.

       Құрылыс бакалаврының кәсіптік қызмет ету объектілеріне газ-мұнай қүбырлары мен газ-мұнай қоймалары, сонымен қатар құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, коммуналдық шаруашылық мекемелері, құрылыс техникасы мен қондырғылар жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестіктер жатады.

       Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.                         

       Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

 - жалпы орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;

       Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       Бітірушілердің біліктілігі -  «техник-механик»

 

Мамандық 0819000 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»

       Қазақстан  Республикасының мұнай өндіру және химиялық технология өнеркәсіптерінің дамуын жылдамдатуға, жаңа мұнай кен орындарын жылдам игерілуіне және мұнайхимиясының өнімдерін әр түрлі халық шарушылығы саласында кең қолданылуға және ғылыми-техникалық және инженер, технолог  кадрлерді дайындау мақсатында техник-технолог мамандары қажеттілігінің маңыздылығы ұлғаюда. Қазіргі кезде бұл сала қарқынды дамып келе жатқандықтан, болашақта мамандықтың қыр-сырын жете меңгерген жаңа буын білікті мамандар даярлау қажеттілігін тудырып отыр.

       Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.

       Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;

 - жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       Бітірушілердің біліктілігі -   «техник-технолог»

 

Мамандық 0809000  «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»

       Мұнай-газ саласы едәуір ірі және қарқынды дамып жатқан өндіріс саласы болып табылады. Мұнай-газ өндірісінің қарқынды түрде дамуы елдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады. Осыған орай мұнай-газ өндірісі біліктілігі жоғары жас мамандарды қажет етеді. Сондықтан мұнай және газбен  қамтамасыз етуде  «Мұнай және газ скважиналарын пайдалану» мамандығы бойынша техник-технолог мамандарын дайындау қажеттілігі арта түсуде.

       Осылайша, берілген мамандық шағын және орта бизнестің және жалпы еліміздің дамуына ықпал етеді.

       Осы мамандық бойынша түлектерді дайындаудың қажеттілігі кәсіпшіліктер  мен ұйымдарға мұнай мен газды өндірудің техникасы мен технологиясын, ұңғы өнімін жинау және дайындауды және ұңғыманы жөндеуді,  жобалық-конструкторлық, технологиялық жне т.б. құжаттарды білетін мамандардың қажеттілігінен туындап отыр. Мамандар мұнай-газ өндіру кәсіпшіліктеріндегі практикалық қызметке дайындалады.

       Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.                         

       Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

 - жалпы орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;

       Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       Бітірушілердің біліктілігі -  «техник-технолог»

гис-технологии
ткани для вышивания