free templates joomla

БҚИТК тарихы

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің қалыптасу және даму тарихы


Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің кезекті «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді жолдауында негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетеді.
«Жастар-еліміздің ертеңі» деп мемлекет басшысы жастарға үміт артып, жыл сайын оларды қолдау мақсатында ауқымды істер, игі жаңалықтар жасауда.
  Елбасымыз отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді айқындаған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісінде 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, қоғамның қызу қолдауына ие болған «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айқындалған жаңа мақсат-міндеттерден туындайтын тың тапсырмалар берді.
  Батыс Қазақстан инжерелік-технологиялық колледжі – білім мен кәсіби-техникалық даярлық үшін жақсы мүмкіндік беретін, тұрақты даму бағыты бар білім мекемесі.
  Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады.
  Қазіргі, Батыс Қазақстан инжерелік-технологиялық колледжі алғашында, Басқару және құқық иститутының Ғылыми кеңесінің 2000 жылғы 16 мамыр күнгі шешімімен (хаттама №6) Басқару және құқық институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.
  Институттың 2000 жылғы 05 тамызындағы №34-к бұйрығымен колледждің алғашқы директоры болып, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Бекбулов Нагметулла Құрманұлы тағайындалды.
  18.06.2002 жылы №43-к бұйрықпен колледж директоры лауазымдық қызметіне Уразгалиева Разия Изимовна отырды.
  Ал 22.12.2003 жылғы №111 бұйрықпен колледж директорының міндетін атқарушы болып Ким Лариса Валентиновна тағайындалды.
  01.03.2004 жылы №27 бұйрықпен А.Н. Обезянов колледж директоры болды.
  01.0.7.2007 жылы №61 бұйрықпен колледж директоры лауазымдық қызметіне Жұбантаев Ізімғали Нұрымұлы тағайындалды.
  2012 жылдың 1 тамызынан бүгінге дейін, колледж директоры лауазымдық қызметін Алимбеков Серік Ахметұлы атқарып келеді.
  Алғашқы уақытта колледжде екі бөлім экономикалық және техникалық бөлімдері жұмыс жасады.
  Колледждің алғашқы ұйымдастырушылары және жетекшілерінің күшімен қысқа мерзімде оқу-көмекші ғимараттарын даярлау, талапкерлерді қабылдау, оқу үдерісін ұйымдастыру, оқытушылар, оқу көмекші және қызмет көрсететін құрамды таңдау бойынша кең көлемді ұйымдастыру бойынша әкімшілік жұмыстары жүргізілді.
  Ал, 2010 жылдың 01 шілдесінде оқу орны құрылтайшысының №2 шешімі бойынша оқу орны атауы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінен бөлініп шығуына байланысты, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі мемлекеттік емес білім беру мекемесі болып өзгертіліп қайта құрылды.
  Қазіргі уақытта дербес қызмет ететін «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беретін көпсалалы оқу орны болып табылады. Қазір оқу орнында 4 бөлім, экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімі, техникалық бөлім, экология және биотехнология бөлімі, мұнай-газ және стандарттау бөлімдері жұмыс жасайды.
  Бүгінгі күні Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, облысымыздағы техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономикалық мамандықтар бойынша білім беретін көпсалалы оқу орындарының бірі болып табылады.  
  Колледж Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2010 жылдың 6 тамызында №560 бұйрығымен берілген сериясы АБ №0036514 Мемлекеттік лицензия негізінде соңғы талаптарға сай мамандар даярлайды.
  Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Колледжде білім беру күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде жүргізіледі. Оқу үрдісі білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Оқытылатын барлық мамандық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларымен толығымен қамтамасыз етілген.


гис-технологии
ткани для вышивания