free templates joomla

Бөлім туралы мәлімет (экологиялық бөлім)

Технологиялық бөлім

       Бөлімнің жұмыстары

       Колледж қызметінің негізге алған мақсаты – кең іргелі білімді меңгерген, ынталы, еңбек нарығына қажетті, топта жұмыс жасай алатын білікті мамандар даярлау.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі жаңа буын мамандарын даярлау бойынша облыстағы ең үздік орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі болып табылады. Соның ішінде «Технологиялық»  бөлім ең жас және қызықты бөлімдердің бірі.

       Бөлімнің оқытушылар құрамы сапалы мамандарды даярлау үшін ғылыми педагогикалық өтілі, біліктілігі жоғары оқытушылардан құрылған. Олардың құрамында 1 ғылым кандидаты, 4 магистр, 2 жоғары санатты, 2 бірінші санатты, 2 екінші санатты оқытушылар жұмыс жасайды.

Экология және биотехнология бөлімі 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс жасай бастады.

      2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Технологиялық бөлім болып атауы өзгертілді. Осы бөлімге қарасты 9-11 сыныптар базасында келесі мамандықтар бойынша біліктілік алуды ұсынады:

  1.  1513000 - «Ветеринария»
  2.  1505000 - «Балық шаруашылығы» (түрлері бойынша)
  3.  1514000 - «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» (салалар бойынша)
  4.  1224000 - «Сүт өнімдерінің өндірісі»
  5.  1225000 - «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» (түрлері бойынша)
  6.  1216000 - «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі
  7.  1508000 - «Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшаф құрылысы»
  8.  0902000 -  «Электрмен қамтамасыздандыру (сала бойынша)».

  9.        Бөлімнің оқытушылық құрамы

       Бөлімде штаттық - 16 оқытушы, зертханашы – 1,  қоса атқарушы – 3 оқытушы қызмет етеді, соның ішінде: кандидаттар – 3, магистр - 4, жоғары категориялы – 2, І категориялы – 1, ІІ категориялы - 4.

 

 

А.Ж.Т.

Лауазымы

Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты

Разакова Асемгуль Маликовна

Бөлім менгерушісі,                       арнайы пәндер оқытушысы

техника және технология магистрі, I

Алимбеков Серик Ахметович

Директор,                                  арнайы пәндер оқытушысы

в. ғ.к.

Укасова Майра Мендигалиевна

арнайы пәндер оқытушысы

ІІ

Тасбулатова Сара Кайыргалиевна

арнайы пәндер оқытушысы

 

Максутова Динара Хамзиевна

арнайы пәндер оқытушысы

 

Ахмедиярова Гүлмаржан Төлепбергенқызы

арнайы пәндер оқытушысы

ветеринария ғылымдарының магистрі

Кубаева Жемис Алибековна

арнайы пәндер оқытушысы

ІІ

Каримова Эльвира Казимоллиевна

арнайы пәндер оқытушысы

ветеринария ғылымдарының магистрі

Кдирбаев Мержан Мергарафович

арнайы пәндер оқытушысы, ПЦК төрағасы

І

Мещерякова Елена Юрьевна

арнайы пәндер оқытушысы

 жоғары

Магауов Аскар Тлеккалиевич

арнайы пәндер оқытушысы

 

 

Кульбабаева Жемис

Искаковна

 

 

арнайы пәндер оқытушысы

 

 жоғары

 

Шотов Боранбай Отаргалиевич

 

 

арнайы пәндер оқытушысы

 

 

Джубанышева Гулдаурен Хаджибаевна

 

 

арнайы пәндер оқытушысы

 

ветеринария ғылымдарының магистрі

 

Кожабаева Айнагуль Махсуткалиевна

 

 

зертханашы

 

Қоса атқарушылар

Мурзабаев Кенжебек Есмагамбетович

арнайы пәндер оқытушысы

в.ғ.к.

Бисенбаева Гулжамал Турсынбековна

арнайы пәндер оқытушысы

 

 

       Оқу-әдістемелік жұмысы   

       Мемлекеттік білім стандартына және типтік жұмыс бағдарламаларына сәйкес жұмыс жоспарлары бөлімдегі мамандықтарға сәйкес жасалынады. Барлық сабақтар кестеге  сәйкес өткізіледі. Колледждің  педагогикалық ұжымы «Инновациялық технологиялар арқылы білікті маман даярлау - бәсекеге қаблетті қоғам негізі» әдістемелік  тақырыбында жұмыс атқару үстінде. Колледж әдіскері ұйымдастыратын «Жас педагогтар мектебі» оқуына бөлімдегі жаңадан қабылданған жас оқытушылары қатысып отырса, жоғары білікті оқытушылар өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, оқу жылы басында құрылатын «Өзара сабаққа қатынасу» кестесіне сәйкес, оқытушылар әріптестерінің сабақтарына  қатысып, тәжірибе алмасып отырады. Колледжде  болашақ бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында, оқу-тәрбие жұмысы алдыңғы орынға қойылған. Осыған орай, оқытушылар өз сабақтарын жүргізу барысында, әр түрлі инновациялық тәсілдер мен оқытудың техникалық құралдарын пайдаланып жүр.

       2013-2014 оқу жылындағы дайындалып, баспадан шығарылған әдістемелік нұсқаулар:

  1. 1. Кдирбаев М.М., Шапенова А.Б. – 1505000-«Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша «Ихтиология» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау;
  2. 2. Кдирбаев М.М., Шапенова А.Б. – 1505000-«Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша оқу-өндірістік сараманнан өтуге арналған әдістемелік нұсқау;
  3. 3. Кдирбаев М.М., Шапенова А.Б. – 1505000-«Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша «Өнеркәсіптік балық өндірісіндегі балық аулау құрылғыларының құрылысы және оны пайдалану» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау;
  4. 4. Мурзабекова Ж.А., Шиганбаева С.Г. – Методическое пособие по выполнению курсовой работы по дисциплине «Методика геолого-экологических исследований городских агломераций и промышленных комплексов»;
  5. 5. Мурзабекова Ж.А., Шиганбаева С.Г. – Методические указания по проведению и организации профессиональной практики для специальности 1514000-«Экология и рациональное использование природных ресурсов»;
  6. 6. Беркалиева А.А., Тулегенова А.Н. – Сборник лекций по предмету «Геохимия и экогеохимия».

       2014-2015 оқу жылындағы дайындалып, баспадан шығарылған әдістемелік нұсқаулар:

 

  1. 1. Кдирбаев Ш.А., Жанаисова Ш.А., Бимағанбет Қ.Е. – 1505000-«Балық шаруашылығы» мамандығы оқушыларына арналған «Өнеркәсіптік балық аулау құрылғыларының құрылысы және оларды пайдалану» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау;
  2. 2. Каримова Э.К., Жумабаева К.К. -  -«Ветеринария» мамандығы оқушыларына арналған «Жануарлар анатомиясы» пәнінен дәрістер жинағы;
  3. 3. Жумабаева К.К., Каримова Э.К. - 1513000-«Ветеринария» мамандығы оқушыларына арналған «Малды азықтандыру негіздері» пәнінен зертханалық жұмыстар;
  4. 4. Джубанышева Г.Х. – 1513000-«Ветеринария» мамандығының оқушыларына арналған «Мал ауруларын клиникалық зерттеу әдістері» бойынша көмекші құрал;
  5. 5. Разакова А.М., Бисенгалиева Н.С., Дюсенгалиева Х.С. – 1225000-«Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы оқушыларына арналған «Ет өндіретін кәсіпорынның жабдықтары» пәнінен дәрістер жинағы;
  6. 6. Разакова А.М., Бисенгалиева Н.С. - 1225000-«Ет және ет өнімдерінің өндірісі», 1224000-«Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандықтарының оқушыларына арналған «Өндірісті технохимиялық бақылау» пәні бойынша әдістемелік көмекші құрал. 

 

 

 

       2015-2016 оқу жылындағы баспадан шығаруға жоспарланған  әдістемелік нұсқаулар:

 

  1. 1. Кдирбаев М.М, Жанаисова Ш.А., Бимағанбет Қ.Е. - 1505000 – «Балық шаруашылығы» мамандығы оқушыларына арналған «Гидробиология» пәнінен оқу құралы;
  2. 2. Каримова Э.К., Жумабаева К.К., Ахмедиярова Г.Т. - 1513000 – «Ветеринария» мамандығы бойынша «Өсімдік және жануар текті өнімдердің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау;
  3. 3. Разакова А.М., Айтжанова Г.С. - 1225000 – «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша дипломдық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау;
  4. 4. Кдирбаев М.М, Жанаисова Ш.А. - 1505000 – «Балық шаруашылығы» мамандығы оқушыларына арналған «Балықтарды сақтау және өңдеу» пәні бойынша электрондық оқу құралы.

 

 

 

       Ғылыми зерттеу жұмыстары

       Бөлім оқытушылары мен оқушылары ғылыми-әдістемелік жұмыстар атқаруда. Бөлім оқытушылары әр түрлі ғылыми-ізденістік жұмыстармен айналысады, оның ішінде байқау, конференция, семинарларға қатысу, материалдар жинақтап баяндамалар жасау, баспаға беру, т.б.

       Атап айтсақ,

       2013-2014  оқу жылы

       Оқытушылар

       2013 жылдың 24-25 қазан айында өткен Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу» тақырыбындағы республикалық ғылыми – практикалық конференциясына келесідей оқытушылар қатысып,  мақалалары баспадан шықты:

 

  1. 1. «Оқушының интелектуалдық қабілетін дамытудағы мультимедиа бағдарламасының маңызы» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы, магистр А.М.Разакова, 
  2. 2. «Кәсіптік білім беруде жаңа технологияны тиімді пайдалану» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы Г.Х Джубанышева,
  3. 3. «Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы А.А Беркалиева,
  4. 4. «Модульдік оқыту технологиясы – жеке тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы Х.С Дюсенгалиева,
  5. 5. «Кәсіби орта білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды қолдану» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы К.К Жумабаева.

 

 

       Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің ұйымдастырылуымен колледж базасында өткізілген «Арнайы пәндерді оқытудың тиімділігін көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» атты облыстық семинарына «Оқытудың сапасын арттыру мақсатында ақпараттық технологияны қолдану» тақырыбындағы мақаласымен арнайы пәндер оқытушысы А.А Беркалиева қатысты.  Мақаласы жинақ кітапшасына енгізілді.

       Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің 80 жылдық мерейтойына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инновациялық ортаны қалыптастыру» атты аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясына «Формирования личности в эпоху средств массовой информации и пропаганды» тақырыбымен магистр А.М. Разакова, Ж.А. Мурзабекова мақалалары жіберіліп, жинақ кітапшасына басылып шықты.

       Арнайы пәндер оқытушысы, магистр А.М.Разакова «Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі» тақырыбында «Жайық ұстазы» ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылымына мақаласы баспадан шығарылды.

       Беркалиева А.А. «Smart Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» атты аймақтық онлайн конференциясына «Электрондық оқыту – заман талабы» мақаласымен қатысып сертификат иеленді. Мақаласы www.zkoipk.kz сайтында жарық көрді.

       25.02.2014 ж. К.Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 85 жылдығына орай «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі: бүгінге сараптама, болашаққа бағдар» тақырыбындағы өткізілген ғылыми-тәжірибелік коференцияға келесідей оқытушылар қатысып,  мақалалары баспадан шықты:

1. Шиганбаева С.Г. «Применение тестирования на уроках химии как метод педагогического контроля»,

2.  Джубанышева Г.Х., Жумабаева К.К. «Кәсіби білім берудегі білім берудің жаңа технологиялары мен әдістері»,

3. Беркалиева А.А. «Оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану – сапалы білім негізі».

 

       Оқушылар

       «Мемлекеттік тіл – менің тілім» орыс ұлттар арасындағы облыстық тіл фестивалі аясында өткізілген байқауда Шорикова Виктория ІІІ орынды иеленді (РХ-921).

       Мамыр айының 5-10 аралығында БҚИТК-да «Жастар және ғылым- Қазақстанның инновациялық дамуының маңызды факторы» атты  ХIV ғылыми студенттік конференция өтті. Оған бөлімнен бірнеше оқушы қатысты:

1. ВТ-21 топ оқушысы Жұмабайұлы Р. "Дикроцелиоз кезінде сайыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау"тақырыбындағы баяндамасымен  І орынды иеленді (Жетекшісі Жумабаева К.К.).

2. РХ-11 топ оқушысы Буханов Т. "БҚО су қоймаларының балық өнімділігін бақылау" ІІ орынды иеленді (Жетекшісі Кдирбаев М.М.).

3. РХ-11 топ оқушысы Амантай А. "Жайық өзенінің экологиялық жағдайын бақылау" тақырыбымен ІІІ орынды иеленді. (Жетекшісі Кдирбаев М.М.).

4. ТМ-11 топ оқушысы Залелова У. (Жетекшісі Дюсенгалиева Х.С.).

5. ВТ-941 топ  оқушысы Мулдашева С. "Қой эстрозы. Анықтау, алдын алу гифолары " За хорошую идею" номинациясымен мараппаталды. (Жетекшісі Каримова Э.К.)

6. ЭКР-922 топ оқушысы Танжарыкова Д. "Автотранспорт и экологические проблемы г.Уральска" тақырыбындағы баяндамасымен "За ораторские искусства" номинациясымен мараппаталды (Жетекшісі Беркалиева А.А.).

7. ЭКР-9323 тобының оқушысы Абдыгалиева М., Головина А. "Экологическое состояние водных ресурсов ЗКО" тақырыбындағы баяндамасымен  "За новизну и исследовательский труд" номинациясымен мараппаталды. (Жетекшісі Мурзабекова Ж.А.).

 

       2014-2015 оқу жылы

       Оқытушылар

       Уфа қаласында өткен «Технические науки: теоретический и практический взгляд» аты халықаралық ғылыми практикалық конференциясына арнайы пән оқытушысы Шиганбаева С.Г. «Исследования асфальто смолистых и парафинистых отложений Чинаревского месторождения» атты мақаласымен қатысып, сертификат алды.

Бөлім оқытушысы Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетінде өткен «Atameken Startup» атты жастар арасындағы серпінді және инновациялық жобалардың республикалық байқауына Разакова А.М. қатысып сертификат алды.

       Қараша айында Батыс Қазақстан облысы жастары арасындағы «Үздік экологиялық мақала» атты шығармалар сайысына «Автотранспорт и экологические проблемы города Уральск» атты мақаласымен Беркалиева А.А. қатысты. 

       «Білім беру сапасы: оқыту түрлері мен әдістерін таңдау» атты облыстық оқу-әдістемелік конференциясына Н.С.Бисенгалиева мен Қ.Е.Бимаганбеттің «Оқу барысында қолданылатын инновациялық технологияның негізгі ерекшеліктері» атты баяндамасымен, К.К.Жумабаева «Білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологиясын кеңінен енгізу мәселелері» атты баяндамасымен қатысты.

       «Білім кілті – Ключ знаний» атты Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық журналына арнайы пән оқытушысы Кульбабаева Ж.И. «Алканы: строение, номенклатура, изомерия» атты мақаласы басылып шығарылды.

       Казань қаласында шығарылатын  «Молодой ученый» атты ғылыми журналына С.Г.Шиганбаева «Иследование выбора химических реагентов-растворителей для разрушения и удаления асфальто-смолистых и парафиновых отложений Чинаревского месторождения» атты мақаласы басылып шығарылды.

       «Кәсіптік қазақ тілі» атты Республикалық журналының 2015жылдың №2 санында А.А.Беркалиеваның «Арал теңізінің экологиясы» атты сабақ жоспары жарық көрді және конспекты уроков.рф атты халықаралық ашық сайтында «Қазақстандағы экологиялық жағдай» атты мақаласы жарияланды.

 

       Оқушылар

       Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетінде өткен «Atameken Startup» атты жастар арасындағы серпінді және инновациялық жобалардың республикалық байқауына  Ниязбаев Асылбек ЭКР – 932 топ оқушысы қатысып сертификат алды

       Қараша айында Батыс Қазақстан облысы жастары арасындағы «Үздік экологиялық мақала» атты шығармалар сайысына арнайы пән оқытушысы Шиганбаева С.Г.  ЭКР – 932 топ оқушысы Мурзагалиева Дананы «Биогаз альтернативное топливо будущего» атты мақаласымен қатыстырды.

       2015  жылдың 27 наурызында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында колледж студенттері арасында "Ғылым әлемін ашамыз" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға келесі оқушылар қатысты:

 - «Демокрациялау кезінде сайыс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау және санитарлық сараптау» Оқушы: Жумабайұлы Р., Жетекшісі: Жумабаева К.К.;

 - «Снижение техногенного воздействия на окружающую среду ЗКО при внутри промысловом сборе и подготовке нефти» Оқушы: Ниязбаев Н., Жетекшісі: Беркалиева А.А.

 

       Тәрбие жұмысы

       Біздің бөлімнің ұжымы тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөледі. Топ тәлімгерлері өздерінің міндеті ретінде кәсіби білімді мамандарды даярлау ғана емес, сонымен қатар өмірге деген құштарлығы мол, патриоттық рухтағы тәрбиеленген адамдарды даярлау деп санайды. Тиімді ұйымдастырылған демалыс, спорттық-мәдени шаралар бөлім бойынша көптеп өткізіліп тұрады. Оқушылар спорттық, мәдени шараларға, интеллектуалдық, басқа кең көлемде өтілетін қалалық, облыстық, республикалық, сонымен қоса халықаралық шараларға да белсене араласады.

1   2

3   45   6

 

       Оқу - өндірістік жұмыс

       Оқытудың дидактикалық принциптерінің бірі – теория мен практиканың байланысы болып табылады. Оның оқу үрдісінде жүзеге асырылуы оқушылардың тәжірибе жүзінде алған білімдерін көрсете білу мақсатында тәжіриеблік өтілін дамытуға жақсы жағдай туғыза білу. Қазіргі заман талаптарына сай жоғары сапалы кәсіби дайындығы бар мамандарды дайындауда жұмыс беруші мен оқу орнының арасындағы байланыс ең маңызды бөлігі болып табылады. Жұмыс берушілер мен оқушылар арасындағы байланысты жөнге келтіріп, соңынан түлектерді бөліп және жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын «Бос қызмет орындары жәрмеңкесі», «Ашық есік күндерін» ұйымдастырып, түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік даярлау бөлімі жұмыс жасайды.

       Әр оқу жылында бөлім бойынша оқу-өндірістік жұмысының жоспарын дайындап, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасарымен бекітіледі. Сонымен қатар әр мамандық бойынша өндіріс орындарына саяхаттар ұйымдастырылып тұрады.

 

       1513000-«Ветеринария» мамандығы

 

7

 

8

 

 «Әдиет» шаруа қожалығында саяхатта.

 

9

 

«Қараөзен» ЖШС-і ветеринарлық-санитарлық, фито-санитарлық сараптау зертханасында

 

10   11

Оқушылардың «Vertebra» үйірмесі кезіндегі жұмыстары

 

12   13

 14

15

 

Оқу практикасы кезіндегі жұмыстары

 

16

 

17

 

18

 

19

 

20

 

       2015 жылдың 11 ақпанында олледждің базасында өткізілген «Кәсіптік білім беруде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелері» атты облыстық практикалық семинарынан

       1216000-«Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы

21   2223   2425

«Желаев» нан өнімдері комбинатында саяхатта

 

       1505000-«Балық шаруашылығы» (түрлері бойынша) мамандығы

 

26

 

       Оқушылардың кәсіби дайындық деңгейін бағалаудың практикалық емтихан қорытындысын тыңдауы

 

27   28

 

       Оқушылардың Жайық өзеніндегі балықтардың демалуын қадағалау мақсатындағы шыққан оқу практикасы кезіндегі сәті

       1225000-«Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы

 

29   3031   32  

Оқушылардың практика кезіндегі жұмыстары

 

       1514000-«Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы

 

33   34

 

       Оқушылардың кәсіби дайындық деңгейін бағалаудың практикалық емтиханды орындауағы сәттері

 

35   36

37   38                

Оқушылардың кәсіби практикасын өтудегі кездері

 

       Қоғамдық жұмыс

       Бөлім оқытушылары жыл бойы колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Колледждің педагогикалық және әдістемелік Кеңестеріне, бөлім отырыстарына, басқа да жиындарға қатысады.

           

39   40

2015 жылдың 5 ақпанында РХ-21 тобының оқушылары облыстық балық қорғау инспекторларымен бірігіп, жергілікті өзен-көлдердегі балықтарды құтқару шарасына қатысты.

 

41   42

       2015 жылдың 18 мамыр күні РХ-921 тобының оқушылары балық қорғау инспекциясы қызметкерлерімен бірге су қорғау аймағын қалдықтардан тазарту сенбілігіне қатысты.

 

       Бөлім оқытушыларының  жұмыстан тыс уақыты

43   44

 

гис-технологии
ткани для вышивания