free templates joomla

Мамандықтарға сипаттама (экономикалық бөлім)

Экономикалық және әлеуметтік-құқықтық пәндер бөлімі мамандықтары
 

0201000 «Құқықтану»

     Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдай немесе тәртіпте болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгерлік те бар. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.

        Заңгер мамандығының сұранысқа ие болуы неліктен?

    Әрине, көп адамдардың заңгер болуға деген құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді.

      Тергеуші,  судья  болып  жұмыс істейтін заңгер қылмыскерге әділ жазасын беру үшін қызмет етсе, прокурор болып қызмет атқаратын заңгер заң бұзған шенеунікті жауапкершілікке тартады. Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззат сыйлайды. Заңгер мамандығының тағы бір жақсы жері – алынған білімді мемлекеттік басқарудың әр саласында: ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болады.

      Бүгінгі  таңда  құқық қорғау органдарында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алуда. Қылмыстың өсуі әсерінен тергеу аппаратын, соттар санын, прокурорлардың санын ұлғайту мәселесі туындауда. Ал өндіріс аясында жұмыс берушіге тиімді қызмет атқаратын заңгерлер қажет.   

   Сонымен қатар, заңгер мамандығын таңдаған адамға мынадай қаражаттық мүмкіндіктер ашылады:

      Біріншісі: Мемлекеттік органдардағы еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктер. Құқық қорғау органдарында еңбек ақысын төлеу қалыпты және мемлекетімізде жыл сайын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысы көтерілуде, жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі де бар.

    Екіншісі Еркін  қызмет  істейтін заңгерлердің (адвокаттар, нотариустар, кеңесшілер) жалақысы. Аталған тұлғалардың жалақысы өздерінің біліктілігіне, әрекетіне байланысты.

          Үшіншісі: Коммерциялық фирмада жұмыс жасайтын заңгерлердің жалақысы.

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай.                               

          Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

 - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

          Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

 - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

          Бітірушілердің біліктілігі -  «кеңесші заңгер»

 

0513000 «Маркетинг (салалар бойынша)» мамандығы 

      Маркетинг мамандығының түлектері Қазақстан экономикасының әр саласында маркетолог қызметімен байланысты еңбек нарығында сұранысқа ие. Маркетолог мамандығы бүгінгі күнде беделі бар және сұранысқа ие. Маркетолог – бұл қазіргі мен келешектің мамандығы.

    Маркетинг– бұл тұтынушылардың қажеттілігі мен сұранысын айырбастауға бағытталған адам қызметінің бірі. Маркетинг түсінігі «тұтынушылардың сұранысын анықтау, болжау, қанағаттандыру және оларды басқару». Басқа сөзбен айтқанда, нарықта маңызы зор қызмет түрін анықтау мен қамтамасыз ету. Маркетинг маманының мақсаты- болашақ тұтныушының қажеттілігін анықтау және нарыққа керекті өнімді анықтау, сол өнімді қай жерде және қашан өткізуді шешу.Маркетолог мамандарының негізгі қызмет нысандары құрылыс компаниялары, қаржылық-несиелік ұйымдар, өндіріс кәсіпорындары, консалтингтік фирмалар және әртүрлі құқықтық түрдегі коммерциялық фирмалар, діни және қоғамдық ұйымдар.Маркетинг мамандары өте шапшаң, креативті ойлайтын, сауатты және экономика және менеджмент пәндері бойынша фундаменталды білімі бар, байланысқа ыңғайлы адамдар болуы тиіс. Маркетолог– тұтынушылар мен ұйымдастырудың мүдделері негізінде бәсекеге түсе алатын ортада ұйымның тұрақты қызмет етуі мен дамуы негізгі нәтижесі болатын маман.Маркетолог маманы бизнес саласының әр түрлі жағдайларында үміткер бола алады, сонымен қатар тауарлар мен қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның бөлімшелері мен маркетингтік қызмет деңгейіндегі мынандай лауазымдарға үміткер:

         Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

         Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

          Бітірушілердің біліктілігі -  «маркетолог»

 

0515000 «Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)» мамандығы

         «Менеджмент» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді.

        Менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. «Менеджмент» мамандығының түлегі менеджер біліктілігін алады. Бұл мамандық бойынша Сіз кез келген саланың компаниялары мен ұйымдарын басқару білімін меңгересіз. Өндірісті ұйымдастыру, маркетинг, қаржылық жоспарлау, басқарудың психологиялық аспектілері, компаниялардың дамуы бойынша мәселелерді кешенді және тізбекті түрде шеше алу қабілеті бұл мамандықтың түлектеріне сәтті мансап жасауға жәрдемдеседі. Олардың фирмалардың, корпорациялардың және трансұлттық компаниялардың алуан түрлі бөлімдерінің (басқармаларының) менеджері лауазымын алуға және бөлімдердің (басқармалардың) бастығына дейін өсуге мүмкіндігі бар. «Менеджмент» мамандығының түлектері дәстүрлі бизнеспен компанияның жобалық қызметін тиімді басқара алады. Ешбір ұйым (банк немесе мемлекеттік мекеме болсын) менеджерлерсіз әрекет ете алмайды. Өйткені, фирма құрылған соң, бірден оны басқару қажеттілігі туындайды. Заманауи менеджерлер дәл осы жұмыс түрін атқарады. Менеджмент – негізгі және сұранысы мол мамандық.

        Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

        Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

         Бітірушілердің біліктілігі -  «менеджер»

 

0516000 «Қаржы (салалар бойынша)» мамандығы

       Қаржыгер-әр   кезде   сұранысқа   ие   мамандық.   Қаржыгер   бұл   саясатты, экономиканы меңгеретін маман. Бұл өте қажет мамандық, себебі біздің ел нақты, дәл тексерілген және ұйымдастырылған әрекеттерге мұқтаж. Қаржыны сауатты басқару тек мемлекеттік құрылымдарда емес, сондай ақ кез келген кәсіпорындарда да талап етіледі.  Қаржы мамандығы қоғамдағы қаржылық қатынастардың жүйесін, оның даму зандылықтары мен негізгі бағыттарын, қаржылық шешімдердің әдістерін талдайтын және түсіндіретін ғылым. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор роль атқарады. Қаржы – нарық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осыған орай қаржының әлеуметтік экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс әрекет етуші ерекшеліктерін терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудың маңызы зор.

      Қаржы қызметі бойынша экономистің кәсіптік қызметінің объектілері:әр түрлі ұйымдастырушы-құқықтық жеке меншік формаларының қаржы қызметін талдау және жоспарлау.       

          Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

          Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

          Бітірушілердің біліктілігі -  «қаржы жұмысы бойынша экономист»

 

0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)

    Есеп және аудит саласында оқушыларды дайындау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікте ақпаратты қалыптастырудың қағидаттары мен нақты ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есепті жүргізудің бүгінгі күнгі әдістерін білетін және бухгалтерлік есептілікті дайындау мен аудиторлық тексеру тәжірибесін меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған. Оқу бітірген соң түлектер бухгалтер ретінде меншіктің барлық түрлерінде ұйымдарда, өндірістік сферада, қызмет көрсету сфераларында, кәсіпорындарда, банктік жүйеде, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдарында және тағы да басқа жерлерде жұмыс істей алады.

          Есеп және аудит мамандығының кәсіби мүмкіндіктері:

       - есептеме мен қаржылық есептің принциптерінің  мәнін жазу;

       - кәсіпорынның өзгешеліктерін ескере отырып есеп саясатын жасау;

       - шаруашылық операцияларының есебін  дұрыс ұйымдастыру және жүргізу;

      - мүліктердің, міндеттемелер мен капиталдың  қозғалыстарын есеп құжаттарында уақытылы тіркеу;

      - барлық әлеуметтік саладағы және мекемелердегі кәсіпкерлердің субъектісі үшін қаржылық есеп беруді құру;

    - қаржылық есептемені корпоративтік және корпоративтік емес ұйымдар үшін даярлау;

      - әлеуметті-экономикалық,    қоғамдық    саясаттық    құбылыстарды   динамикада талдау; қысқа және ұзақ мерзімді болжаулар жасау;

     - әлеуметтік-экономикалық     құбылыстардың     құрылымын    және    олардың жиынтығын меңгеру;

       - бухгалтерлік есептің мәліметтерін тіркеу, өңдеу, түгендеу;

       - бухгалтерлік есеп әдістемесін ұғыну;

       - өзінің көзқарастарын ойлы, дәлелді жеткізе білу;

      - талдау негізінде оқылатын үрдістің дамуындағы пайда болатын тенденцияларды анықтау;

       - экономикалық жағдайларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау;

       - басқару және өндірістік қызметтің деңгейін арттыруға ықпал ету;

     - шаруашылық  субъектілерінің  қаржы-шаруашылық  қызметтерін  талдау және аудит жүргізу.

         Күндізгі оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

  Сырттай оқу нысанындағы нормативтік оқыту мерзімі:

       - жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

        Бітірушілердің біліктілігі -  «бухгалтер-ревизор (аудитор)»

гис-технологии
ткани для вышивания