free templates joomla

Бөлім туралы мәлімет (экономикалық бөлім)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР  БӨЛІМІ

 

       Экономикалық бөлім 2000 жылы құрылды, ал 2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін бөлімімен біріктіріліп экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімі деп аталды. Бөлім төмендегі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды:

 - 0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша»

 - 0516000 «Қаржы (салалар бойынша)»

 - 0201000 «Құқықтану»

 - 0513000 «Маркетинг»

 - 0515000 «Менеджмент»

       Бөлімде 22 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 7 жоғары санатты, 8 бірінші санатты, 3 екінші санатты, 4 санаты жоқ оқытушы.    

       Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің құрамында гуманитарлық пәндер циклдік комиссиясы және экономикалық және әлеуметтік-құқықтық пәндер циклдік комиссиясы жұмыс жасайды. Бөлімнің барлық оқытушылары аталған ПЦК-ң мүшелері болып табылады.

 

Бөлім меңгерушісі: Такесова Айымторы Калиматовна

-  жоғары санатты арнайы экономикалық пәндер

оқытушысы

 

                                                  

 

Экономикалық және әлеуметтік-құқықтық           Гуманитарлық пәндер 

      пәндер циклдік комиссия төрағасы:                циклдік комиссия төрағасы:

        Рахимгалиева Динара Кабуловна            Сагатова Гульнур Амангалиевна

    

Бөлім жұмысының негізгі мақсаты:

 - Экономикалық және құқықтық пәндерді оқыту арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

 - Білім сапасын және экономикалық, құқықтық пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылармен жүргізілетін ғылыми -  практикалық жұмыстардың сапасын жетілдіру.

 - Экономикалық, құқықтық пәндерді оқытуда ақпараттық интерактивтік технологиялық мүмкіндіктерін пайдалану.

 - ҚР мемлекеттік саясатын насихаттау.

 - Қазақстандық патриотизмді, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.

 - Кәсіптік құзіреттілік деңгейін көтеру мақсатында ғылыми әдістемелік жұмыспен айналысу.

       Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің  оқытушылары оқытудың инновациялық технологияларын дәстүрлі технологиялармен ұштастыра отырып қолданады.  Интернет желісінің ресурстарын пайдалану, білім сапасын тексеруде автоматтандырылған технологияны пайдалану арқылы оқу үрдісін жоғары дәрежеде өткізуге басты назарды аударады.

       Жыл сайын колледжде оқу жылының қорытындысы бойынша оқытушылар рейтингін жүргізу арқылы оқытушылардың жұмысына бағалау жүргізіледі. Оқытушылар рейтингі  оқу құралдарын шығару, мақалаларды жариялау, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру, спорттық және мәдени шараларға қатысу және т.б. сол  сияқты сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. 

       Оқытушылар мен оқушылар оқу процесін ғылыми-зерттеу жұмысымен ұштастырып, жыл сайын өткізілетін оқытушылар мен студенттерге арналған  халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және т.б. ғылыми-зерттеу жұмысымен байланысты іс-шараларға қатысады.

        С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырған «ІХ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына оқытушылар А.Б.Халелова «Диалог арқылы оқытудың маңызы» атты баяндамасымен және оқытушы А.К.Азгалиева «Абай шығармаларының қоғамдық өмірдегі маңызы» тақырыбымен қатысып, материалдары жинаққа еніп, сертификат пен Алғыс хатқа ие болды (17.11.2017ж.).

 

БҚО Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында А.К.Азгалиеваның «Рухани жаңғыру тетігі - тіл» атты мақаласы жинаққа шықты (21.11.2017ж.).

 

2017 жылдың желтоқсан айында Л.А.Канаткалиева Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Эрудит» интеллектуалды білім порталы ұйымдастыруымен «Мәртебелі маман – 2017  атты республикалық байқауға қатысып, дипломмен марапатталды.

 

 «ZIAT» ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Қазіргі замаңғы экономикалық мәселелері» атты қашықтықтан өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына экономикалық пәндер оқытушысы Д.К. Рахимгалиева қатысып, жинаққа  «Қазақстан Республикасының салық жүйесі» атты мақаласы жарияланды (қараша 2017ж.) және «Үздік ашық сабақ» атты  Республикалық оқытушылар сайысында оқытушы Д.К. Рахимгалиева ІІІ орын иеленді (желтоқсан 2017ж.).

 

«Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен Білім беру мекемелеріндегі ұстаздардың арасынан ең озық ұстаздарды анықтау, оларды қолдау мақсатында ұйымдастырған Республикалық «Менің сүйікті мамандығым» атты қашықтықтан өткізілген байқауының жеңімпазы Хабибуллина Д.Т. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (қараша, 2017ж.).

Оқытушы Л.А.Канаткалиева облыстық  «Үздік педагог» байқауында жүлделі ІІІ орын иеленді.

08.11.2017ж. облыстық колледж лигасының қалалық іріктеуінде БҚИТК командасы баскетболдан І орын және волейболдан ІІІ орынға ие болды (жетекшілер – М.Г.Бустеков, А.А.Кенжегалиев).

 

гис-технологии
ткани для вышивания