free templates joomla

Кітапхана

Қазақстан Республикасы президентінің
ресми сайты

Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана 

       Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орта. Кітап – адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық  қабілетін қалыптастыратын мәдени орта- бұл кітапхана.

Қазіргі заманда ақпарат көздерінің қаншалықты көбеюіне қарамастан кітап және мерзімді басылымдар кітапханадағы негізгі ақпарат көзі болып қала береді.

Кітапхананың қазіргі кезде оқырмандардың талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы қабілетін, ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетика талғамын қалыптастыруда, оқырманнның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Әр адамның парасат-пайымын, ой өрісін жетілдіретін білім болса, сол білімнің қайнар көзі кітапта екенін, сол кітапты сақтаушысы да, жақтаушысы да кітапхана екенін жеткізу біздің міндетіміз.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі (БҚИТК) кітапханасының   кітап қоры 69704 дананы құрайды. Қордың құрамы негізінен  оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, көркем әдебиеттерден тұрады. Қордағы оқулықтар – 64695, оқу-әдістемелік құралдар- 2296, электрондық оқулықтар- 1772, әдеби кітаптар- 611. Кітапхана жыл сайын ТОО «Эверо»,  «Фолиант», «Бастау» баспаларынан, кітап дүкендерінен сатып алынған баспа өнімдерімен толықтырылып отырады. Сонымен қатар түрлі күнделікті ақпарат таратушы республикалық, облыстық мерзімді басылымдарға жазылып алынуда. Мерзімдік басылымдар уақытында алынып тұрады. Оқырман қауымы керекті материалдарын газет-журнал беттерінен іздеп, үлкен талпыныспен еңбектенеді. 2016-2017 оқу жылдары бойынша оқырман саны – 1485, кітап берілімі- 46958, оқырман қатынасы – 15700. Кітапханада іс-шаралар, көрмелер  өткізіліп тұрады.

Бүгінгі кітапхана- бұл кітап сақтау қоймасы, білім, мәдениет және ақпараттық қоғам саласындағы мемлекеттік саясаттың бастаушысы әрі оны жүргізудегі көмекші.Кітап – өмір ұстазы.Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс, Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. 

23 сәуір Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні. Бұл әлем әдебиеті үшін символикалық дата. Осы бір ерекше күні бүкіл әлемдегі кітаптар мен авторларға құрмет көрсетіліп, кітап оқу дәстүрі мадақталады. Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыратын іс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі кітапханасында осы мерекеге қатысты ЭЛС, ВТ-факултеттерінің 1 курс студенттерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Оқуға Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесті таңдап алынды. Студенттер жазушының өмірімен, шығармашылығымен танысты. Повестті кезектесіп оқып шығып ой-пікірлерін ортаға салды. Кітап жайында әңгіме қозғалып студенттер кітап туралы өз түсініктерін айтты. Мерекеге орай ұйымдастырылған «Кітап – сенің досың» атты кітап көрмесін тамашалады.

Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек. ХХI ғасыр білім, ғылымның ғасыры, ал талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін абырой болары анық. Заманға сай білімді білікті боламыз десек кітапқа жақын болайық.

 

17-18 қаңтар аралығында  (БҚИТК) колледж кітапханасында жаңадан сатып алынған көркем әдебиеттерді насихаттау мақсатында «КІТАП – рухани қазына» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер саны көп болды.

    

   

  

Ұлттық теңге күніне орай  «Есеп және аудит», «Құқықтану» тобының 1-2 курс студенттерімен іс-шара өткізілді. Студенттер төл теңгеміздің шығу тарихымен , теңгеге қатысты қызық жайттармен таныстырылып, осыған орай ұйымдастырылған  көрмені тамашалады.

  

3

Елбасы  және Тәуелсіздік күндеріне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

Елбасы және Тәуелсіздік егіз ұғым. 1991 ж.1 желтоқсанында тарихымызда тұңғыш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда  қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік туын биікке көтерді.

  

 

Көрмелер топтамасы:

1. «Болашағы жарқын - Жолдау» көрмесіне Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдары Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары мен Жарлықтары және жолдауға қатысты дайындалған тақырыптық папкалар қойылған.

7

 

2.«Елбасы және Тәуелсіздік» көрмесіне Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары, нақыл сөздері, тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін болған Ұлт-азаттық көтерілістер туралы мәліметтер,Желтоқсан қозғалысының куәгері Шәмші Қалдаяқовтың естелігі, желтоқсан оқиғасы туралы газет-журнал беттеріндегі жазылған мақалалар қойылды. Колледж студенттері Қазақстанның даму тарихын баяндайтын макет жасады.

  

3.Өлкетану көрмесі «Туған жер шежіресі» деп аталады. Бұл көрмеде Батыс Қазақстан облысына қатысты және Орал қаласы туралы кітаптар, энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар, фотолар топтастырылған. Осы өлкенің жері, халқы, экономикасы, тарихы, табиғаты, этнографиясы, жәдігерлері, тарихи нысаналары туралы құнды деректер жинақталған. Желтоқсан бойы колледж студенттері , оқытушылары көрмеге келіп өздеріне қызықты мәліметтер алды.

      

4.2018 жылдың 8-10 қаңтар аралығында  кітапхана оқу залында «Жаңа кітап – жаңа сыр» атты жаңадан түскен әдеби оқулықтар көрмесі өткізілді.

    

  

       

гис-технологии
ткани для вышивания