free templates joomla

Бөлім туралы мәлімет (мұнай-газ бөлімі)

 Мұнай - газ және стандарттау бөлімі

 

       Бөлім төмендегі мамандықтар бойынша орта буын мамандарын дайындайды: 0801000-«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы ( бағыты бойынша)», 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бағыты бойынша)», 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану», 0819000 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы», 0601000 «Метрология стандарттау және сертификаттау (салалары бойынша)» күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша. Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мамандарды дайындау 2000 жылдан бері жүргізіліп келеді. 2010 жылы колледж заңды тұлға мәртебесін иеленгеннен кейін аталған мамандықтар  «Мұнай-газ және стандарттау» бөліміне енгізілді.

       Бөлімнің оқытушылар құрамының оқу процесінің шеңберінде оқушыларға тиімді білім беру үшін толыққанды мамандандырылған мәліметтері және қажетті тәжірибелері мен дағдалары бар. Бөлімде штаттық - 10 оқытушы, зертханашы – 1,  қоса атқарушы – 1 оқытушы қызмет етеді, соның ішінде штат бойынша: магистр - 3, жоғары санатты – 2, ІІ санатты – 5, І санатты – 1,  яғни сапалық құрам бөлім бойынша 44%-ды құрайды. ІІ санатты оқытушы Жумагалиева Н.М. біліктілігін жоғарлату мақсатында Жангірхан атындағы БҚАТУ-ң магистратурасында оқып, 2016-17 оқу жылында  бітірді.   

       Оқытушылардың біліктілігі мамандықтардың бағытына, сонымен қатар оқытылып жатқан пәндеріне сәйкес келеді.

       «Мұнай-газ және стандарттау» бөлімінің оқытушылары оқытудың тиімділігін жақсарту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында оқу пәндерінің мазмұнын және білім беру сапасын үнемі арттыру арқылы оқу процесін жетілдіруге өз үлестерін қосуда. Оқытушылар магистратурада оқу арқылы, әр түрлі семинар, тренинг, біліктілікті арттыру курстарына  қатысу арқылы жүйелі түрде біліктіліктерін арттырып отырады.  

   Бөлім оқытушылары оқытудың әр түрлі инновациялық  әдістерін қолданады: іскерлік ойындар, кейстер, әр түрлі студенттік конференцияларға қатысу, пәндер апталығын өткізу және т.б.  21- 25.11.16 бастап пәндер апталығының шеңберінде бөлім оқытушылары «Зерек мұнайшылар», «Будущие нефтяники»,  «Үздік мұнайхимия синтездеущілері»,  «Фестиваль конкурсов» сияқты интеллектуалды ойындар, сайыстар өткізді.

2017 жылдың 17 сәуір күні бөліміздің жас арнайы пән оқытушысы Тулегенова И.У.  колледжімізде өткен "Үздік жас оқытушы" байқауынан "Ізденімпаз" номинациясын иеленді.

            2017 жылдың 21 сәуір күні ІІ санатты арнайы пән оқытушысы Жумашева А.Н. колледже өткен  "Үздік арнайы пән оқытушысы" байқауынан І-орынды иеленіп, БҚО- білім басқармасының ұйымдастыруымен Тайпақ колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы "Үздік арнайы пән оқытушысы" атты облыстық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленді.

            2017 жылдың 21 сәуір күні арнайы пән оқытушысы, магистр Беркалиева Г.Г. «Үздік арнайы пән оқытушысы» колледжішілік сайысына қатысып,  2 орынға иеленді.

            2017 жылдың 30 наурызында Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде "Дуальды білім-әлеуметтік серіктестік өнімі" іс тәжірибеге бөлісу семинарына Айешев М.А.  қатысты. 

       Бөлім бойынша  «Стандартшылар» және «Мұнайшылар» атты үйірме жұмыс жасауда. «Стандартшылар» үйірмесінің жетекшісі - А.Н. Жумашева "Стандартшылар" үйірмесінде-10 оқушы «Мұнайшылар» үйірмесінде 30 оқушы. «Мұнайшылар» үйірмесінің жетекшісі- Н.М. Сабргалиева. 

2016 жылдың 17 желтоқсан күні ТПНГ-21 тобының оқушысы Ермекқали Гаухар "ZIAT" Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына эссе жазу» республикалық байқауға қашықтықтан қатысып ІІ-орынды иеленді.        

            2017 жылдың 31 наурызында БҚИТК-да "ХХІ ғасырдағы ғылым және жастар" атты ІV ғылыми-практикалық студенттік конференцияға ЭНГМ-932 тобының студенті Тулемисов Артур қатысып  ІІІ-орынды иеленді. (жетекшісі Тлеугалиев Ж.К.)., ТПНГ-21 тобының студенттері Имашева Айтолқы "Ойшыл" номинациясына, Маратова Диана "Зерделі" номинациясын иеленді (жетекшісі Тулегенова И.У.)., ЭНГМ-21 тобының оқушысы Өтеулі Шерхан "Өнерлі өрге жүзсін" номинациясын иеленді. (жетекшісі Утеева Т.Н.)

            Наурыз  айында колледжімізде өткізілген, «Үздік үйірме - 2017» байқауы 13 үйірме арасында өткізілді. байқауға бөлімнен "Мұнайшылар" ,«Стандартшылар» үйірмелері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша "Мұнайшылар" үйірмесі І орынды иеленді. Стандартшылар үйірме мүшелері «Ең үздік презентация» номинациясын иеленді. 

            2017 жылдың 4-сәуір күні БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы "Жастардың ғылыми ізденісі-Қазақстанның болашағы" атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларының "Энергияның балама көзі" бағытындағы байқауға ЭНГМ-922 тобының студенті А. Культюшнова "Предотвращение пескопроявлений в нефтяных и газовых скважинах"  тақырыбымен қатысып, "Жаңашыл" номинациясын иеленді (жетекшісі  Н.М. Жумагалиева).

            2017 ж. наурыз айында ТПНГ-921 топ оқушылары Имашева А. және Маратова Д. Казань қ. Татарстан Республикасында өткен  I Халықаралық кәсіптік сайысына қатысып,  жұмысшы мамандық «Лаборант химического анализа» сертификатына иеленді. Сайысқа дайындаған жетекші - арнайы пән оқытушысы И.У.Тулегенова.  Алайда оқушылардың бос уақыты тек қана спорттық  шараларға ғана емес, сонымен қатар мәдени шараларға да толық.  Бірінші курс оқушылары үшін жыл сайын бірінші курс байқауы ұйымдастырылады. 2017-2018 оқу жылында бөлімнің  бірінші курс оқушылары «Бірінші курс-2017»  байқауына қатысып,  жалпы командалық ойнында 1 орынға иеленді.

гис-технологии
ткани для вышивания