free templates joomla

Тәрбие жұмысы

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

 

      Тәрбие жұмысының басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, ғылыми көзқарасы, жоғары мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі бар, елін сүйетін ұлтжанды, толерантты студенттерді дайындау.

       Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінде тәрбие жұмысы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 16 қарашасындағы № 521 бұйрығымен бекітілген,  Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізгі 12 бағыты  бойынша жүргізіліп келсе, 2015-2016  оқу жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің2015 жылғы «22» сәуірдегі№ 227 бұйрығымен бекітілген «тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» негізінде 8 бағыт бойынша тәрбие жұмысының жоспары жасалынып жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Тәрбие жұмысының басым бағыттары 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие 

3. Ұлттық тәрбие 

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

 

      Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

 

Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және

құқықтық тәрбие беру

      Колледжде жыл сайын оқу жылының басында 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиналыс өткізіледі. Сонымен қатар топ тәлімгерлері 1-курс оқушыларын  колледждің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, «Конституция», «ҚР Мемлекеттік рәміздері»  және ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында айтылатын басым бағыттар бойынша тәрбие сағаттарын өткізеді.

       Сонымен қатар колледжде оқушылардың, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың арасында қылмыстың алдын алу мақсатында, оқушыларға Орал қалалық ішкі істер департаментімен екіжақты бірлесе келісілген жоспар бойынша колледжге жауапты кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектормен бірлесе отырып, «Сабақ», «жастар», «қадағалау»  жедел алдын алу іс-шаралары жұмыстары жүргізіледі.

       Колледж оқушыларының бойында ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты қалыптастырып, олардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне арналған салтанатты мерекелік іс-шаралар және топтарда тәрбие сағаттары жоспарланып өткізіледі.

       Сондай-ақ колледж оқушылары мен оқытушылары елімізде ұлтаралық достықты нығайту мақсатында жыл сайын «1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымақ күні» мерекесіне арналған облыстық мерекелік шеруіне белсенді түрде  қатысады және колледж оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу, ұлы отан соғысы ардагерлерінің ерлігін жастарға үлгі ету мақсатында колледжде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне арналған тәрбие сағаттары өткізіліп,  жыл сайын «Біз өз еліміздің патриоттарымыз!» тақырыбында әскери патриоттық айлық оздырылады.

 

Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру

       Колледж оқушыларының демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру,оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту, шығармашылық қабілетін дамыту мен полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру, олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдау мақсатында колледжде  спорттық секциялар, пәндік үйірмелер, клубтар және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы жоспарлы әрі мақсатты түрде жұмыс жүргізеді.

 

      

 

       Колледжде студент жастардың бос уақыттарын мазмұнды өткізу үшін колледждің өзін өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен жоспарлы түрде мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылып отырады.

       Мәселен, колледжде дәстүрлі «Бірінші курс байқауы», «Жігіт сұлтаны»,  «Көктем аруы», өнер фестивальдері, кездесу кештері, дәстүрлі спартакиадалар т.б. студенттердің ең асыға күтетін шаралары ұйымдастырылады.

«Бірінші курс» байқауы

      

       

 

«Жігіт сұлтаны» байқауы

          

 

«Көктем аруы» байқауы

      

      

 

       Сондай-ақ колледж оқушылары қалалық, облыстық ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, әрдайым белсенділік танытып отырады.

      

      

      

       Колледжіміздің жанынан колледж белсенді оқушыларынан құралған «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс атқарып, аталмыш жастар ұйымы колледж оқушыларының өзін-өзі басқару жүйесін және студенттердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, спорттық және мәдени әрекеттермен қамтамасыз етуін, студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету шараларымен айналысуын қамтамасыз ете отырып, облыстық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп, қазіргі таңда облысымыздағы ең белсенді ұйымдардың бірі саналады. Осы белсенді жұмыстың нәтижесінде «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысы жастар сыйлығы байқауының «Үздік жастар ұйымы» аталымы бойынша  жеңімпаз болып, 2014 жылдың үздігі атанды. Сондай-ақ бүгінде колледждің белсенді оқушыларынан құралып, колледжден шыққан  «Назар аудар»  жайдарман тобы, 2013 жылы елімізге танымал болып жүр.

 

      

         

       Колдеджіміздің белсенді оқушылары облысымыздағы «Жас Отан» жастар қанаты,  «Орал қалалық студенттер альянсы», «Жайдарман» лигасы,«Жасыл Ел» БҚО бойынша штабымен сияқты жастар ұйымдарымен тығыз қарым қатынаста жұмыстар атқарады.

 

 

       Оқу ордамызда студент жастарымыздың білім алуымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, спорттық үйірмелер жүргізіледі. Дене шынықтыру және спорт  –  ұлтты сауықтырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар жастарды жат қылықтардан арылтудың қосымша жолы, жастардың темекі шегуге, ішімдікке салынуына жол бермеудің тиімді бағыты десек, колледжде оқушылар арасында Денсаулық фестивалі, мереке күндеріне арналған түрліспартакиадалар т.б. спорттық шаралар ұйымдастырылады.

 

      

                       

 

       Жатақханадағы тәрбие жұмысы

       Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде 150 орынға есептелген пәтер типтік жатақхана бар. Тұрғындар ыстық-суық сумен, жуынатын бөлмемен, асханамен, демалыс бөлмесі, оқу бөлмесімен қамтамасыз етілген. Колледж оқытушыларынан жатақханаға кезекшілік ұйымдастырылып, оқытушылар оқушыларға тәрбиелік мәні бар іс-шаралар, тренингтер, қызықты ойындар, кездесулер өткізіп отырады.

 

Колледждегі тәрбие жұмысы жетістіктерінің мониторингі  

 

 

      

      

         

      

    

   

гис-технологии
ткани для вышивания