Техникалық бөлім мамандықтары
1510000 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
Біліктілігі: 1510043– Техник - механик.
Оқыту мерзімі:
Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
Дайындау бағыты: 1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі, ұйымдастыру және күйін анықтау технологиясы, техникалық қызмет көрсету, жөндеу машина-трактор паркің сақтау, автокөлік және мал шаруашылық фермасының жабдықтарын ұйымдастыратын білікті жұмысшылар, қызметкерлер және орта буынды мамандарды дайындайды.
Кәсіптік қызмет объектісі:
1202000 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару(салалар бойынша)»
Біліктілігі: 1202063– Техник.
Оқыту мерзімі:
Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
Дайындау бағыттары: «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)» мамандығының дайындау бағыты, адам қызметінің әр түрлі саласында автомобильмен жолаушы тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру, автомобиль жолдарын пайдалану, жол қозғалысының қауіпсіздігі, автомобиль көлігі мекемелерінде диспечерлік басқару қызметін ұйымдастыру, әр түрлі жүктерді тиеу – түсіру жұмыстарын механикаландыруды ұйымдастыру саласында білім және тәжірибе алады.
Кәсіби қызметінің нысандары: жылжымалы құрам сипаттамасы мен құрылымы, көше –жол желісіндегі жол қозғалысын ұйымдастыруда әр түрлі практикалық шараларды ұйымдастырудың негіздерін, жылжымалы құрамның қозғалысын диспечерлік басқару, дайындығын тексеру, әр түрлі жол жағдайларында көлік құралдарын қауіпсіз басқару, жол- көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық қызмет көрсету жөнінде білім алулары қарастырылады. Аталған мамандық бойынша оқу барысында оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада жетілдіру қарастылылған.
«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару(салалар бойынша)» мамандығының түлектері жұмыс жасай алады:
Жол полициясында, жолды бақылау, жол-көлік оқиғаларын зерттеу, көлік құралын сертификаттау бөлімдерінде, жолаушы тасымалы бойынша автокөлік кәсіпорындарында, жүк тасымалын ұйымдастыру бойынша автокөлік кәсіпорындарында, автокөлік жолдарына жөндеу жүргізетін ұйымдарға, тиеу – түсіру операциялары бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындарға т.б. мекемелерде қызмет атқаруға болады.
1014000 - «Машина жасау технологиясы»
Біліктілігі: 1014023 – Техник механик.
Оқыту мерзімі:
Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
Дайындау бағыты:1014000 - «Машина жасау технологиясы» - басқа салалардың даму мүмкіндігін анықтайтын, халық шаруашылығының негізгі саласы болып табылады. Машина жасау өнеркәсібін дамыту қоғам әл-ауқатының өсуіне негізгі септігін тигізеді. Барлық машина жасау салалары және де басқа өмір тіршілігінің аймағы машина жасау профиліндегі мамандарға үлкен сұраныста.
XXI ғасырдың машина жасау технологиясы – бұл жаңа бөлшектер мен машиналарды берілген сапада өндіруде компьютерлік техникаларды және автоматты жобалаудағы компьютерлік жүйені қолдану негізінде машина жасау кезіндегі негізгі заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым.
Машина жасау технологтарының кәсіби қызметінің нысандары:
Машина жасау өндірісінің нысандары, технологиялық жабдықтар, құрал-саймандар техникасы, автоматтандыру жүйесі; өндірістік және технологиялық үрдістер, олардың өңделуі және жаңа технологияларды игеру; технологиялық жүйелерді ақпараттық, метрологиялық, күй анықтау құралдарымен қамтамасыз ету; машина жасау бұйымдарының нормативтік - техникалық құралдары, стандарттау және сертификаттау жүйелері, сынау тәсілдері құралдары және сапаны бақылау.
Қызмет түрлері:
- бұйымды станоктарда өңдеу үрдісін басқаратын заманауи сандық басқару бағдарламасын енгізу;
1201000 - «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
Біліктілігі: 1201123– Техник - механик, оқытутілі: мемлекеттік, орыс.
Оқытумерзімі:
Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
Дайындау бағыты: 1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»транспорттық құралдарды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарың басқару, бақылау, ұйымдастыру білікті жұмысшыларды, қызметкерлерді және орта буынды мамандарды дайындайды.
«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» қызығушылық танытатын және қызықты мамандықты алғысы келетін, мамандықтар арасында басылымды бәсекені қамтамасыз ететін, қазіргі автокөлік нарығының даму жағдайында адамдар үшін бірде-бір тартымды мамандық.
Кәсіптік қызмет объектісі
1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының түлектері техник-механик ретінде жұмыс жасай алады:
1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»
Біліктілігі: 1304043– Техник бағдарламашы, оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.
Оқыту мерзімі:
Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» дайындығының бағыты адам қызметінің әр түрлі саласында ақпаратты қолдану мен түрлендіру, сақтау мен жинақтау, ізденуге байланысты ақпараттық технологиялар сұрақтарымен айналысады. Ақпараттық технологияларды меңгеру қазіргі уақыт нормасы. Аталған бағыт аясында кәсіптік бағдарламашыларды, қолданбалы бағдарламалық қамтамысыз ету мен жүйелік әзірлеушілерді дайындау іске асады. Мамандық түлектерін дайындаудың сұранысы өте жоғары - көп жылдан бері бұл сұраныс күн тәртібінен түспеді. Түлектер жетекші ИТ-компанияларда жұмыс істейді.
Қызмет түрлері:
Деректер базасына қызмет көрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;
Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;
Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының түлектері ІТ мамандығы ретінде жұмыс жасай алады:
- банктерде, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет көрсету;
- өндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;
- ақпараттық анықтамалық жүйелер мен көпшілік қызмет көрсету жүйелеріне -кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет көрсету мен әзірлеу;
- компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жөндеу бойынша сервис орталығы.
Мамандық: 0902000 – Электрмен қамтамасыз ету
Біліктілік: 0902033 – техник - электрик
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай (9 сынып негізінде)
2 жыл 10 ай (11 сынып негізінде)
«Электрмен қамтамасыздандыру», яғни «техник - электрик» біліктілігін алу барысында студент кәсіпорындарды электрмен қамтамасыздандыру, электр құрылғылар жабдықтарын жөндеу және пайдалану, электр қосалқы станцияларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік, электр жабдықтарын техникалық пайдалану саласында электр энергиясын есептеу және ұйымдастыру негіздерін меңгере отырып, «Электрмен қамтамасыздандыру» саласында терең білім алады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамыған уақытында электр жабдықтарын пайдалану мен оларды құрастыратын мамандарға қойылатын талап деңгейі жоғары болып отыр. Бұл мамандық бойынша қызметкерлерге қойылатын негізгі міндет – өндірістік процестердің үзіліссіз жүруін, жабдықтардың ұзақ уақыт сақталуын, электр энергиясының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
Электр жабдықтарымен жұмыс жасайтын мамандар машиналар мен аппараттардың құрылысын оқып үйреніп, құрастыру мен пайдалану негіздерін меңгеруі шарт.