free templates joomla

Бөлім туралы мәлімет (техникалық бөлім)

ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ

 

       Техникалық бөлімде төмендегі мамандықтар бойынша орта буын мамандарды даярлау жұмыстары жүргізіледі:

 - 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;

 - 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)»;

       Аталған мамандықтар бойынша мамандарды даярлау колледж құрылғаннан бастап,яғни 2000 жылдан жүргізіледі және  күндізгі және сырттай бөлімдерде оқытылады.

 -1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша 2008 жылдан бастап жүргізіледі.

       Барлық жоғарыдағы мамандықтар бойынша оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай (11 кл), 3 жыл 10 ай (9 кл).

-1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 2014 жылдан бастап, тек күндізгі бөлімде бір топ оқиды, оқу мерзімі 3 жыл 6 айды құрайды.

       Бөлімде тағы 1511000 «Жерге орналастыру» (біліктілігі-техник) және 1014000 «Машина жасау (түрлері бойынша)» (біліктілігі-техник-механик) мамандықтары бойынша маман даярлау лицензиялары бар. Бұл мамандықтарды оқыту мерзімі 2 жыл 6 ай (жалпы орта білім негізінде), 3 жыл 6 ай (негізгі орта білім негізінде) құрайды.

       Техникалық бөлім колледждің бір құрылымдық бөлігі ретінде 2009 жылдан бастап жұмыс жасайды.

       Болашақ мамандарды даярлау сапасы бөлімнің инженерлік-педагогикалық құрамының кәсіби деңгейлеріне тікелей байланысты.  Колледжде білікті педагог мамандардың болуы оқушыларды өзектілігі жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етумен қатар, колледждің еңбек нарығындағы орнын айқындайды. Осыған орай, оқытушылардың сандық және сапалық құрамын әрдайым жақсарту үшін колледж басшылығы басты назарда ұстайды.

       Техникалық бөлімде белсенді түрде ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысатын және мамандарды даярлау ісіне кәсіби тұрғыдан қызығушылық танытатын, өз біліктілігін арттыруға ұмтылатын оқытушылар қызмет жасайды. Бөлім құрамында біліктілігі сабақ беретін пәндері мен мамандықтарына сәйкес және оқушылармен жұмыс жасау тәжірибесі бар 14 оқытушы қызмет атқарады, олардың 1-і жоғары санатты, 4-і бірінші санатты, 4-і екінші санатты оқытушы болса, 7 оқытушы магистрлік дәрежесі бар. Санаты жоқ 2 оқытушы бар.

       Педагогикалық қызметкерлер оқушылардың маңызды кәсібилік қабілеттерін дамыту үшін, олардың өз бетінше жұмыстануына үлкен көңіл бөледі. Сабақтарды оқытуда әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды, іскерлік ойындарды, топтық жұмыстану, жарыс элементтерін қолдану, логикалық ойлауды дамыту және т.б.түрлі әдістерді қолданумен қатар, өздері дайындаған әр түрлі  көмекші құралдарды: әдістемелік оқу құралын, тесттерді, электронды оқулықтарды да қолданады.

       Бөлімде әрбір оқу жылында пәндік апталықтар өтіп тұрады. Апталық аясында бөлім оқытушылары әр түрлі ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс шараларды өткізеді.

       Бөлім оқытушылары ғылыми-ізденістік жұмыстармен де айналысуды ұмыт қалдырған емес. Әр жылдары оқытушылар Г.Т.Рахматуллина, А.М.Дюсенгалиева,С.К.Баигубенова, Г.К.Кудабаева, Б.Т.Таутешова, Х.Ж.Баданова және т.б. әр түрлі ғылыми конференцияларға қатысып, олардың материалдары конференция жинақтарына басылып шықты. Сондай-ақ, халықаралық сайттарға және оқытушылар мен студенттердің ашық Халықаралық каталогына да материалдар жариялап отырады. Колледжде өтетінПедагогикалық оқуларға да қатысып отырады.

       Бөлімде ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды, олардың құрамында оқытушылар және мамандықтар бойынша оқушылар бар. Үйірме жұмыстарының нәтижесінде түрлі көрнекіліктер, макеттер және стендтер, т.б. жасалады.

       Бөлімнің пән оқытушылары әр түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр, мысалы: Арнайы пән оқытушысы Г.К.Кудабаева бірнеше рет облыстық байқаулардың жүлдегері болса, жалпы техникалық пәндер оқытушысы Х.Ж.Баданова, арнайы пән оқытушысы Б.Т.Таутешовалар облыстық байқауда 3 орын иеленді. 

Оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілігін көтеруі жүйесі, олардың  жеке тұлға ретінде  қалыптасуымен қатар, жүйелі түрде білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

       Бөлім оқытушылары колледж жоспарына сәйкес біліктілікті көтеру курстарынан  ұлттық және өңірлік  ЖОО-нан, "Өрлеу" республикалық оратлығы мен ұйымдар мен мекемелерден өтіп тұрады. Бөліміміздің бірнеше оқытушысы 2016-2017, 2017-2018 оқу жылындарында ағылшын тілінің курсының бірнеше деңгейін оқытды. 

       Бөлімнің оқушылары да оқытушылардың жетекшілігімен конференциялар, семинарлар мен байқауларға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. 

       Әрбір оқу жылының соңында оқытушылардың оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарын қорытындылау мақсатында рейтингтік бағалау жүйесі қалыптасқан. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша да бөлім оқытушылары жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

       Бөлімнің оқытушылары мен оқушылары  қалалық, облыстық және колледжішілік спорттық шаралардың да белсенді қатысушылары. 

       Колледжде жыл сайын «Денсаулық күні» спорттық шарасы оздырылады, ол шараларда да бөлім оқушылары белсенді атсалысады.

       Бөлімнің оқытушыларынан басқа оқушылары да әр түрлі  мәдени-қоғамдық шараларға қатысып тұрады. І курс оқушыларының байқауында  бөлімнің оқушылары белсенділікпен қатысып, өздерінің таланттарын паш етуде алдарына жан салмайды.

       Техникалық бөлімнің оқушылары мен оқытушылар құрамы тек ғылыми-ізденістік жұмыстармен қатар, қоғамдық жұмыстардың да белсенді қатысушылары.

гис-технологии
ткани для вышивания