free templates joomla

Оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастыру

Оқу – өндірістік жұмысын жүзеге асыруда басшылыққа алынатын негізгі құжаттар:

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Білім туралы заңы;

2.ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

3. Типтік оқу бағдарламалары;

4. Өндіріс орындарымен филиалдар ашуға келісім шарттар;

5. Машықтан өтуге келісім шарттар;

6. Дуалды оқыту жүйесін құрудағы құжаттар;

7. «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қантардағы № 107 бұйрығы. (көшіру)

 

2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында кәсіби практика колледждің оқу үрдісінің кестесіне сәйкес облыстық және қалалық мекемелерінде өткізілді.

   «Кәсіптік практиканы ұйымдастырумен өткізу қағидалары» ҚР Білім және министрлігінің 2016 жылғы 29 қантардағы №107 бұйрығымен сәйкес ұйымдастырылды.

Практика өту бойынша барлық келісім шарттар әрбір оқушымен жеке жасалды.    Практиканың жұмыс оқу бағдарламалары негізгі практика базаларымен келісілді. 

Кәсіби практикалардың негізгі базалары:«Уральскнефтегазгеология» АҚ «ИнтерГазОрталықАзия» АҚ, «Сичим» компаниясы, Атырау қаласы, «Аквамәдениеттің өнеркәсіптік-тәжірибелік өндірісінің  оқу-ғылыми кешені» ЖШС, «Орал-Каспий» ЖШС, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ базасындағы «Биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми зерттеу институты», БҚО аудандық ветеринарлық станциялар, «Ойыл аудандық ветеринарлық станциясы», Атырау облысының «Исатай аудандық ветеринарлық станциясы», «Арал аудандық ветеринарлық станциясы» МКК; «УралТехСервис» ЖШС, «БҚЭЖТК» АҚ, «Пассажир-Авто» ЖШС, «Ақ қайнар нан өнімдері комбинаты» АҚ,   «Қазақстан-Елім» ЖШС, «№1 Автобус паркі» ЖШС, «Құрылыс газ» ЖШС және т.б. болып табылды.

Колледж әкімшілігі практика базаларын кеңейту, әлеуметтік серіктестік жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі түрде жұмыстарды өткізеді. Бүгінгі таңда, 58 практикадан өтуге өндірістермен келісім шартар бар, одан басқа 10 келісім шарт дуалды оқыту бойынша жасалған.   

        

1

Гистограмма 1.  Әлеуметтік серіктестермен жұмыс мониторингісі

 

2. Әлеуметтік серіктестіктер туралы мәлімет 

 

Р/с

Әлеуметтік

серіктестіктің атауы

Келісім –шартқа қол қойылған жылы, күні, №, мамандығы (біліктілігі)

Мекенжайы

1

«УралТехСервис» ЖШС

09.10.2015ж., №50, 1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және  пайдалану»

Жамбыла 81

2

«Ізденіс» ЖШС

27.08.2014ж., №11, 1513000 -«Ветеринария»

Ихсанова 44/1

3

«УральскАгрореммаш» АҚ

27.08.2014ж., №14, 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»

Чингирлауская 7

4

«Пассажир-Авто» ЖШС

09.09.2015ж., №51, 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»

Космическая 8/1

5

«Батыс Қазақстан ғылыми-ізденіс ветеринарлық станциясы»

1513000-«Ветеринария»

Гагарина 12/1

 

«БҚО ветеринария басқармасы» МБ

30.09.2016ж., №79, 1513000-«Ветеринария»

Ескалиева 84

6

«Орал трансформаторлық завод» ЖШС

30.09.2016ж., №80, 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)»

Есенжанова 42/6

7

«Уральскнефтегазгеология» АҚ

23.08.2016ж., №00071/16, 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»

Темиртауская 17

8

«НК Автожол» БҚФ

27.08.2014ж., №14, 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»

Ихсанова 44/1

9

«КПО б.в»

06.04.2014ж., №81, 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану», 0601000  Метрология, стандарттау және сертификаттау, 0902000 Электрмен қамтамасыздандыру,0201000 Құқықтану, 0518000 Есеп және аудит.

Ақсай қ., промзона

10

«Жайықтеплоэнерго» АҚ

08.04.2015ж., №72, 0902000 Электрмен қамтамасыздандыру, 1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және  пайдалану»

Район ТЭЦ

11

«Уральская ГТЭС» ЖШС

01.09.2013ж., №37, 0902000 Электрмен қамтамасыздандыру,

Мичурино ауылы, Шаруашылық 2/1

12

«Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС

21.01.2016ж., №34, 1505000 «Балық шаруашылығы»

Жангир хана 51/7

13

«МФО «Кредитал» ЖШС

18.04.2017ж., №45, 0516000 «Қаржы», 0518000 Есеп және аудит.

Д. Нурпеисова 12/1

 

«Серпін-2050» бағдарламасымен оқитын 1513000-«Ветеринария» мамандығының оқушылары БҚО Жаңақала, Бокей Орда, Каратөбе, Казталов аудандарының және қалалық ветеринарлық станцияларының қосындылары, 1201000  «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және  пайдалану» және 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)» мамандығының оқушылары «Орал трансформаторлық заводы» ЖШС, «БҚЭЖТК» АҚ, 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы «КазГазТрансАймақ» АҚ сияқты мекемелерден өндірістік-технологиялық практикадан өтті.

Оқу практикалары колледждін оқу шеберханаларымен зертханаларында және «Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндрісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС;

«Кублей» ЖШС, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Биотехнология және табиғатты пайдалану ҒЗИ», «Уралтехсервис» ЖШС өндіріс базаларында ұйымдастырылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында бизнес серіктестіктермен кездесу ұйымдастырылды:

- 06.12.2017ж. «Балық шаруашылығы» мамандығының оқушылары Жәнгір хан атындағы БҚАТУ-ң Биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкерлері, техник балық өсірушілерімен Д.М. Габдрахманов, А.Д. Өтегеновпен кездесті. Тренинг семинардың тақырыбы: «Тұлга және қоғам»;

ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясы, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Ерболат Қайнармен 2017 жылдың қараша айының 23 күні «Болашақ кәсіби мамандарды даярлау» атты тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында  қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Ерболат Қайнар ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясына оқуға түсуге 020100 «Құқықтану» мамандығының 2-3 курс оқушыларына академияға түсу үшін талаптары түсіндірілді. Қостанай академиясы туралы бейне ролик көрсетіліп, оқу бітіргеннен кейін жұмыспен қамтылатындығы түсіндірілді.

2012 жылдан бастап төрт мамандық бойынша, яғни  1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1513000 «Мал дәрігерлігі», 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару», 0902000 «Электрмен қамтасыз ету» мамандыктары дуалды оқыту жүйесінің  моделімен 380 оқушы оқытылуда.

Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін жүзеге асыру үшін БҚО Кәсіпкер палатасымен келісе, «Урал ТехСервис» ЖШС, «Ізденіс» ЖШС, «Пассажир-Авто» ЖШС, «Оралагрореммаш» ЖШС, «Ардактау» оқу орталығы, «Казахавтодор» РММ, «КазАвтожол» БҚФ, «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясы» ЖШС  мекемелерімен үш жақты келісім шарт жасалды.

 

Оқу жылдары

ДОЖ моделімен оқытылатын оқушы саны

ДОЖ моделімен оқытуға қатысатын әлеуметтік серіктестіктер саны

1

2015-2016

184

8

2

2016-2017

252

10

3

2017-2018

380

10

 

2

Гистограмма 2. Дуалды оқыту жүйесі қатысатын кәсіпорындар мен оқушылар саны

 

Түлектерді жұмысқа орналастыру колледждің басты  міндеттерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік серіктестер және жұмыс берушілермен бірлескен жұмыс барысында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері қаралады. Кәсіптік бағдар беру, түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен дәстүрлі кездесулер ұйымдастыру, колледж әкімшілігінің БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық және қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе жұмыс жасап қалалық және облыстық бос орындар жәрменкелеріне түлектерді қатыстыру, жұмысқа орналасу мониторингісі үнемі жүргізіліп тұрады.

Түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында жүргізілетін негізгі жұмыстар:

- мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мониторингісін жүргізу;

-қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен, Жастар ресурстық орталығымен бос орындар туралы жұмыстар жүргізу;

-жоғары курс оқушыларын және колледж түлектерін қалалық, облыстық бос орындар жәрменкісіне қатыстыру;

- оқушыларға колледжде кәсіби бағдар беру (жұмыс берушілермен кездесу, жұмысқа орналасу бойынша тренингтер, дөнгелек үстелдер ұйымдастыру және т.б.);

- түлектердін электрондық базасын жүргізу.

 

3

Гистограмма 3. Тулектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

 

гис-технологии
ткани для вышивания