free templates joomla

1216000-Элеватор, ұн тарту, жармалық

1. Мамандық атауы: 1216000 «Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі»
Біліктілігі 1216063 техник-технолог

 

2. Ұқсас мамандықтар:
   √ Техник-технолог;
   Элеватор, құрама жем және диірмен зауыттары;

   нан зауыттары;
   макарон және кондитер өнімдері фабрикалары;
   ғылыми-зерттеу орталықтары.

                 

 

3. Кәсіби қызмет саласы:
   Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісінің технологиялық үрдісін ұйымдастыру, қадағалау және бақылау жасау;
   өндірістің технологиялық және микробиологиялық бақылауын ұйымдастыру;
   шикізаттың және дайын өнімнің сапасын анықтау;
   жабдықтардағы белгіленген ұнтақтау тәртіптерін,жүктеу салмағын қадағалау;
   қызметтегі жабдықтардың техникалық жағдайын қадағалау,тоқтаусыз және үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

              

 

4. Мамандықтын біліктілігі.
   Еңбек бойынша мамандық түрі:технологиялық тізбекпен өндіріс саласында техникамен байланысқан «Адам-техник» болып саналады.
   Кәсіптің мақсаты бойынша:мамандықты іздестіру, бейнелеу қызметі.
   Еңбек арқылы кәсіп түрі:автоматтандырылған техника жүйесін қолдану арқылы функционалдық қаражатты игеру болып табылады.
   Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: Ерекше шарттары
   Мамандық класы: Техник-технолог кәсібін жүзеге асыру бағытында стандартты тапсырмаларды орындау үлгісін болжау және нормативтик нұскауларды бағытау

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:

    Мамандық бойынша еңбек түрі: Объект маманы техник технолог кәсіби қызметі біліктілігі элеваторлық ұн тарту, жарма және құрама жем өндіру технологиялық процестер жүргізу,бақылау және ұйымдастыруболып табылады.Кәсіп түрінің мақсаты:
    Элеватор өндірісінің техник технологы нақты астық қоймаларын персоналды даярлау үшін мамандандырылады.Практика кезінде теориялық және практикалық білімдерін ұштастырып элеватор операторының пульт басқармасын және де басда да кәсіпорынг кәсіпкер талаптарын,бидай сақталуын,тұтынушыларға жөнелтуін, элеватор құрал жабдықтарын, технологияны пайдалану ,ауыл шаруашылық өнімдерін қабылдауды білу керек.

      Элеватор өндірісінің техник -технологының негізгі міндеттеріне жатады:
   Элеваторлық ұн тарту, жарма және құрама жем өндіру технологиялық процестерін жүргізу, бақылау;
   Жабдықтардың ақаулығын анықтау, өлшеу кезінде дұрыс емес технологиялық процестерді жүргізу;
   өндірістің технологиялық және микробиологиялық бақылауын ұйымдастыру;
   қызметтегі жабдықтардың техникалық жағдайын қадағалау, тоқтаусыз және үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
  
назар аудару;
   жақсы есте сақтау;
   ұқыптылық;
   коммуникативті қабілеті;
   қол моторикасы;
   жауапкершілік;
   орындаушылық;
   байсалдылық;
   шыдамдылық;
   терең ойлау;
   тез ойлау;
   үйлестіру;
   қозғалу координациясы.

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
  
қозғалысты шектейтін аурулар;
   қолдың үйлесімділігінің бұзылуы;
   психикалық және жүйке жүйесі аурулары;
   көру және есту қабілетінің бұзылуы;
   коммуникабельді.

 

7. Кәсіби дайындықтарына қойылатын талаптар
Техник-технолог білу керек:
  
Атқаратын жұмыстың ережелері мен санитарлық талаптарын сақтау;
   Сызуларды құрастыру, оқу, рәсімдеу және машина бөлшектерін есептеуді жоспарлау;
   Тамақ өндірісі машиналары мен аппараттарының технологиялық және электрлік сұлбаларын оқу, электрлік тізбекті құрастыру;
   Шикізаттарды, материалдарды және дайын өнімдерді бақылау кезінде аналитикалық зерттеу жүргізу;
   Негізгі және қосымша шикізаттың органолептикалық әдіспен сапасын анықтау;
   өндірілетін өнім мен қалдықтардың санын есепке алу;
   элеватор,ұн тарту,жарма және құрама жем өндірісінің технологиялық тәртіптерін сақтау;
   бақылау-өлшегіш құралдардың және қызмет істейтін жабдықтардың көрсеткіштеріне бақылау жүргізу;
   қызмет істейтін жабдықтардың пайдалану ережелерін сақтау.

 

9. Қолдану саласы
   қайта өңдеу өндірістерінің өнеркәсіптеріндегі технологиялық үрдістерін ұйымдастыру және жүргізу;
   технологиялық үрдістердің және дайын өнімнің,шикізат құрамының технохимиялық бақылауы;
   стандарт талаптарына сай бәсекеге қабілетті,жоғары сапалы өнім шығуын қамту.

 

10. Еңбек шарты:
  
Ұн және құрама жем өндірітін өндірістерде
   Ұн өндірісінде

 

11. Кәсіптік қауіп:
        Технологқа көптеген технологиялық әдістерді ылғалдылығымен температурасы жоғары жағдайда болатын бөлмеде бір орында тұрып ұзақ уақыт бойы қолмен жасауға тура келеді.
     Әрдайым жинақы және зейінді жағдайда кешкі және түнгі ауысымда жұмыс істеуге тура келеді. Үнемі медициналық тексеруден өту кәсіби қауіп қатердің қажеттілігін негіздейді.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
     Техник-технолг біліктілігін меңгеру үшін үшін ең алдымен орташа кәсіби білім 1216000«Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша арнаулы білім алу қажет

 

13. Мансаптық өсу:
    Қосымша білім алу негізінде  өндірістік  маманды жетік білуі және кәсіби  тәжірибе жинау барысында мастерлік жағдайының өсуімен байланысты.

гис-технологии
ткани для вышивания