free templates joomla

1513000-Ветеринария

1. Мамандық атауы: 1513000 Ветеринария
Біліктілігі: 1513053 Ветеринарлық фельдшер

2. Ұқсас мамандықтар: Зооинженер, ветеринарлық фельдшер, зоотехник.

 

3. Кәсіптік қызметтік саласы:
   Агро өнеркәсіптік кешен
   Денсаулық сақтау
   Қызмет көрсету

       Ветеринарлық фельдшер – барша  адамзат  пен  жануарларға  ортақ  ауруларды анықтап, емдеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 

4. Мамандықтың біліктілігі.
   Еңбек  пәні  бойынша  мамандық  типі:   мал  дәрігер  фельдшерінің  басты  қызметі малдармен  жұмыс жасау т.б. сондықтан еңбек пәні бойынша «Адам-Табиғат» типіне жатқызуға болады.
   Мақсат белгісі:
   Еңбек қажеттіліктері бойынша мамндық типі: қолмен жасалған.
   Еңбек шарттары бойынша мамандық типі:  «бөлме» жағдайындағы жұмыс, таза ауадағы жұмыс.
   Мамандық класы: орындаушы алгоритмді еңбексипаттамасы бойынша мамандық бір   типті   жұмысты   орындаумен,   белгіленген   үлгі   бойынша  ұйымдастырылған стандартталған  тапсырмаларды   орындау   кезінде   ритмдерд і  нақты   орындаумен, барлық  ережелер,  нормативтер,  қолдану  тәртібі  ережелерін  толықтай орындаумен байланысты.

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:

 

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
   √ Назар аударғыштық
    Жақсы жады
   √  Ұқыптылық
    Жан-жақтылық қабілет
   √ 
 Қол моторикасы
    Жауапкершілік
   √  Орындаушылық
    Байсалдылық
    Шыдамдылық
    Жоғары қабілет ойлау
    Іс-қимылының шапшаңдығы
    Қозғалыстардың үйлестірілуі

 

       Ветеринарлық фельдшердің басты мақсаты  жануарларды  емдеу  және алдын алу   шараларын   ұйымдастыру,   жануар   өнімдерін   сараптау   және  азық  сапасын қадағалау болып табылады.

 

Ветеринарлық фельдшердің басты міндеттері:
   • Диагностика, емдеу және алдын-алу шараларын орындау;
   • Азық- түлік және шикізат өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау;
   • Ветеринарлық  жұмыстарды  жоспарлап,   ұйымдастыру;   жоспарлы  жұмыстарда қолайсыз жағдайлар туындаған кезде оптималды шешім қабылдау;
   • Жануарлар өнімдеріне сараптау жүргізу;
   • Өндірістік орындарда қауіпсізідік ережесімен қамтылу.

 

Малдәрігерлік фельдшердің маңызды кәсіби қасиеттеріне келесілер жатады:
   • Жітілік және көзбен шамалай білушілік;
   • Көздің жаксы көруі және есту қабілеті;
   • Әр түрлі жағдайларға тез әрекет ете білу қасиеті;
   • Ұжыммен жұмыс жасай білуі;
   • Зерттеу  обьектілеріндегі,  құрал  көрсеткіштеріндегі  болар - болмас  өзгерістерді байқай білуі
   • Талдап ойлай білуі;

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
       Малдәрігерлік  фельдшер ретінде қызмет атқаруға қайшы келетін медициналық қарсы көрсетімдерге келесілер жатады:
   • Өкпе қабынуы;
   • Туберкулез;
   • 
Жүрек-қантамыр аурулары;
   • Бүйрек және жүйке жүйесінің созылмалы аурулары;
   • Эндокриндік аурулар;

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
       Малдәрігерлік  фельдшерге  келесілерді  білуге  тиіс: кәсіби саласындағы жануар ауруларын,  алдын-алу  және  емдеудің  негізгі нормативтік-құқықтық актілерін және терминологияларын, мал шаруашылығы және ет өнімдерін  өндіру технологиясының  негіздерін,  жануарларды  ұстаудың  зоогигиеналық  және  ветеринарлық ережелерін, дәрілік   және   дезинфекциялық    құралдарды   және   оларды   қолдану   ережелерін, дезинфекция,  дезинсекция  және  дератизация  жүргізу  тәртібін,  мал шаруашылығы (құс  шаруашылығы)    өнімдерін    арналған    әрекет    етуші    стандартарды,    еңбек қауіпсіздігі,   өндірістік   санитария   және   өртке   қарсы   қорғаныс   ережелері   мен нормалары.

 

Малдәрігерлік фельдшер келесілерді жасай білуі қажет:
   • Алдын-алу, емдеу және ветеринарлық тазалық іс шараларын жүргізу;
   • Клиникалық қарау, ауру жануарларға диагноз қоя білу және оларды емдей білу;
   • Лабораториялық-зерттеулерге патологиялық материалдарды және пробаларды ала білу;
   • Жұқпалы   аурулармен  ауыратын  және  қаупі  бар  жануарларды  оқшаулау  және карантин енгізу;
   • Мал    шаруашылығы     орынжайлары    мен    ферма   аумағының   жағдайларына ветеринарлық - тазалық бақылау жүргізу;
   • Жануарларды   азықтанатын   жерлерінің,    жайлауларының,    су   ішетін   құрал -жабдықтар тұратын жерлерінің тазалығы бақылауды жүзеге асыру;
   • Есептеме жүргізу, ветеринарлық құжаттаманы рәсімдеу.

 

9. Қолданылу аясы
       Ветеринарлық    фельдшерлер     білімдері    мен    дағдыларын    ветеринарлық клиникаларда,  азық-түлік  базарларында,  хайуанаттар  бағында,  ауыл  шаруашылық кәсіпорындарында,  фермаларда  және агроөнеркәсіп кешендерінде пайдалана алады.

 

10. Еңбек шарты:
       Ветеринарлық фельдшерлер  жекелеп (фермаларда  немесе  базарларда  жүмыс жасағанда)  немесе  бірнеше  мамандардан  тұратын  ұжым  ретіндеде  (ветеринарлық станциялар,     ауыл     шаруашылық     кәсіпорындары)     жұмыс     жасауы     мүмкін. Фельдшерлер ғимараттар ішінде немесе ашық аспан астында да жүмыс жасай береді. Жұмыс іссапарлы сипатта болады.
       Ветеринарлық     фельдшерлер     жұмыс     барысында     балау    мен    талдау жұмыстарын   жүргізу   үшін   қол   күші   құралдарын   және   заманауи   техникалық құралдарды да тең қолданады.
       Фельдшерлер үшін арнайы киім қарастырылған.  Заралық жануарлармен жұмыс жасау   кезінде   жеке   қорғаныс   құралдарын   (респиратор, қолғап)   міндетті  түрде пайдалану қажет.

 

11. Кәсіптік қауіп:
       Ветеринарлық   фельдшерлер   заралы   жануарлармен   жұмыс  жасайды,  індетті аурулардың  алдын алумен айналысады. Соның салдарынан жануарлардан адамдарға берілетін    ауруларды    жұқтыру    қауіпі    жоғары    болып   келеді.  Сонымен  қатар жарақаттану қауіпі де жоғары.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
       «Ветеринарлық  фельдшер»   кәсібін   меңгеру  үшін  «Ветеринария»  мамандығы бойынша орта кәсіби білім алу қажет.

 

13.  Мансаптық өсу:
    Ветеринарлық фельдшердің карьералық өсу мүмкіндігі «Ветеринария» мамандығы бойынша   жоғары   білім   алуымен  және  жапсарлас   мамандықтарды  («Биология») меңгеруімен  байланысты  болып  келеді.   Мамандық  бойынша  жоғары  білім  алған фельдшер ветеринарлық дәрігер болуы мүмкін. Сонымен қатар уақыт өте келе маман жеке ісін ашып, кәсіпкерге айнануы да мүмкін.

гис-технологии
ткани для вышивания