free templates joomla

1505000-Балық шаруашылығы

1. Мамандық: 1505000 – «Балық шаруашылығы»
Біліктілігі: 1505043 – Техник –балық өсіруші

2. Ұқсас  мамандықтар:   зоотехник,   балық  өсіру  бойынша  зооинженер,  биолог -ихтиолог

 

3. Кәсіби қызмет саласы: Агроөнеркәсіп кешені

 

4. Мамандықтын біліктілігі.
   Еңбек пәні бойынша кәсіптердің түрі:  техник - балық  өсірушінің негізгі қызметі балықтармен тікелей байланысты, соған сәйкес мамандық еңбек саласы бойынша «Адам-табиғат» типіне жатады.
   Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: мамандықты іздестіру
   Еңбек құралы бойынша мамандық типі: қол көмегімен
   Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: зауыттық жағдайда және ашық аспан астында
   Мамандық классы: атқарушы

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
       Техник – балық өсіруші – тоғандық және зауыттық  жағдайда тауарлық балықтар мен басқада гидробионттарды өсіру бойынша маман.
       Техник-балық өсірушінің негізгі қызмет түрлері:  өсіру материалдарын, тауарлық балықтарды  және  басқа да аквакультура  объектілерін  көбейту және өсіру бойынша кәсіпорындардағы  технологиялық  процестерді  ұйымдастыру  және  бақылау; балық шаруашылығы су қоймаларындағы  қоршаған  орта  факторлары  жағдайына бақылау жүргізу;  балықтарға  толықтай биологиялық талдау, паразитологиялық тексеру және ихтиопатологиялық   зерттеулер  жүргізу;  су  қоймаларының  балық  жағдайын  және азық қорын бағалау. 

Техник-балық өсірушінің негізгі міндеті:
   - жасанды жолмен өндіргіштерден уылдырықтар мен шоғалдарды алу әдісін білу;
   - жасанды ұрықтандыру бойынша операцияларды жүргізу;
   - уылдырықтарды инкубациялауды жүргізу;
   - судағы газдардың жағдайын анықтау;
   - су қоймаларына балықтарды жіберу.

      

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
   √ мұқият   көңіл   бөлу    (балықтың  жағдайын  бақылау  кезінде  көп  жағдайларды бақылауды қамтамасыз ету);
    тұрақты және таңдаулы көңіл бөлу (балықтарды іріктеу кезінде қажет);
    қосымша көңіл бөлу (азықтандыру кезінде);
    жақсы денсаулық, физикалықтөзімді;
    жақсы есте сақтау (икемді қозғалысты қамтамасыз етеді).

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
    ревматизм,
    тыны салу және қан айналым мүшелерінің аурулары;
    тірек-қимыл аппаратының қызметінің бұзылуы;
    жұқпалы және тері аурулары, аллергия;
    көру мүшелерінің күрделі ақаулары кезінде.

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Техник-балық өсіруші білуі тиіс:
   - балық түрлерін, физиологиясын және биологиясын;
   - дамудың түрлі сатыларындағы балықтарды өсіру процестерін;
   - азық түрлерін, оларды дайындау және балықтарды азықтандыру әдістерін;
   - тоғандарды өңдеу тәсілдерін, су қоймаларын құру үшін геология элементтерін;
   - балықтарды аулау тәсілдері мен ережесін, оларды іріктеу;
   - асылдандыру жұмыстарының тәсілдерін;
   - метеорология элементтерін. 

Техник-балық өсіруші істей алуы тиіс:
   - минералды және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс қолдану;
   - талдауға арналған планктон сынамаларын ережеге сәйкес алу және бекіту;
   - балықтарды су қоймаларына жіберу;
   - судағы газдарды анықтау;
   - жасанды жолмен өндіргіштерден уылдырықтар мен шоғалдарды алу әдісін білу;
   - жасанды ұрықтандыру бойынша операцияларды жүргізу.

 

9. Қолданылу саласы:
       Техник - балық     өсіруші     балық     өсіру     зауыттарында,      ғылыми - зерттеу институттарында,   зоодүкендерде,  жануарларды  қорғау  бойынша  инспекцияларда, тағамдық    балық    өнімдерін    өңдеу    және    шығару    бойынша    кәсіпорындарда, балықтарды  өндірістік  көбейту  бойынша  тоған  шаруашылықтарында, көлдерде, су қоймаларында жұмыс жасай алады.

 

10. Еңбек шарты:
       Техник - балық  өсіруші  бірнеше  мамандардан  тұратын ортада жұмыс жасайды. Балық өсірушілер ғимараттарда және ашық аспан астында да жұмыс жасайды. Балық өсірушілер үшін арнайы киімдер қарастырылған.

 

11. Кәсіптік қауіп:
       Жұмыс   процесі   кезінде   жұмысшыларға    қауіпті    және    зиянды    өндірістік факторлар   әсер   етуі   мүмкін:    қозғалмалы    транспорты    құралдар,    машиналар, механизмдер;  жүк көтеру транспорттарының, өндірістік құрылғылардың қозғалмалы бөліктері;  жұмыс  аймағының  жоғарғы  немесе  төменгі  ауа  температурасы; жұмыс аймағының    жоғары    шуылы;     жарықтың    әлсіздігі;    сыртқы    метеорологиялық факторлардың әсер етуі (жел, жауын-шашын т.б.), физикалық күш түсу.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
    «Техник-балық өсіруші» мамандығын игеру үшін 1505000 «Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша орта кәсіби білімі болуы тиіс.

 

13. Мансаптық өсу
       Мамандық  бойынша  жоғары  білім  алу  арқылы техник-балық өсіруші ихтиолог маманы бола алады. Сонымен бірге маман жеке кәсібін ұйымдасытыруы мүмкін.

гис-технологии
ткани для вышивания