free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

 

2017 жылдың  10 қарашасында БҚИТК «Бірінші курс байқауы -2017» атты дәстүрлі бөлімаралық сайысы өтті.

    Мұнай, газ және стандарттау бөлімінің оқытушылары 1 орын, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бөлімі 2 орын, ал техникалық бөлім оқытушылары 3 орынға ие болды.

111111  22222  333333

8-10 қараша аралығында Петропавл қаласындағы Ж. Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжінде өткізілген  «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың «МЕНІ ШЫҢДАҒАН СЕРПІН-2017» республикалық кәсіби шеберлік байқауына арнайы пәндер оқытушыларының дайындауымен «Ветеринария» мамандығы бойынша ВТ-31 тобының оқушысы Тохаев Сабит қатысты.

   4  5

     2017 жылдың 15 қарашасында теңгенің айналымға шыққандығына 24 жылдығына орай  ПВ-921 және УА-911 топтарында бөлім оқытушысы Д.К. Рахимгалиева «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты ақпарат сабақ өткізді.

 6  7  8

        2017  жылдың 16 қарашасында колледждар арасында баскетболдан өткізілген  облыстық лигаға БҚИТК командасы қатысып, І орынға ие болды. 

9

        2017 жылдың 17 қарашасында студенттер күніне орай І курс оқушыларына арналған іс-шаралар өткізілді.

10  11

      Колледжде 2017 жылдың 21-22 қарашасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Қазақстан болашағы - үштілділікте» атты колледжішілік студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

12  13

14  15               

24 қараша күні «Технологиялық» бөлімінің апталығына орай арнайы пәндер оқытушылары Г.Х. Джубанышева, Э.К. Каримованың ұйымдастыруымен «Ветеринария» мамандығы бойынша ВТ-11 және ВТ-21 топ оқушылары арасында «Ветеринария мамандығының болашағы» атты сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ветеринария мамандығының болашағымен таныстырып, олардың мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды. 

16  17        

     21-24 қараша аралығында өткен «Техникалық» пәндер апталығында келесідей ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді:
-          А.Ш. Байгелова «Жүк тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру» пәні бойынша ОПУД-921 тобында «Жүк қармаушы құрылғылар» атты ашық сабағын;

18  19  20

        -        Х.Ж. Баданова ОПУД-921 тобында «Электр техникасы негіздері» пәні бойынша «Резисторларды жалғаудың түрлері» тақырыбында ашық сабағын;

21  22  23

      -          С.Г. Байгубенова ПВ-921 тобына «Microsoft Excel электрондық кестесінде диаграмма құру" тақырыбында ашық сабағын;

24  25

      -          Г.К. Кудабаева және Б.Т. Таутешова ПОВТ-21 тобында «Компьютер әлеміне саяхат» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырып, өткізілді. 

25  27  28

2017 жылдың 29 қарашасында «Рухани жаңғыру – болашақтың кепілі» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының ұйымдастырылуымен   «Туған жерім – түп қазынам» атты концерттік бағдарлама өткізілді.   

29  30  31

  33  34

    35  36

37  38

Қарашаның 27 мен 30 аралығында «Мұнай газ және стандарттау» бөлімінде пәндер апталығы болды. Соған байланысты:

- 30 қараша күні СТР -11 тобында оқытушы Сабргалиева Надежда Маратовнаның жетекшілігімен «Болашақ мұнайшылар» атты сабақтан тыс шара;

39  40

- 28 қараша күні СМС-922 тобында оқытушы Жумашева Айнур Насипкалиевнаның жетекшілігімен «Лучшие товароведы» атты сабақтан тыс шара;

41  42

          - 29 қараша күні ЭНГМ- 921тобында  оқытушы Тлеугалиев Жалғас Қуанышкалиевичтің жетекшілігімен сабақтан тыс шара; 

              

-               ЭНГМ-921 тобында оқытушылар Жумагалиева Нұржамал Мұратбековна  мен Лукпанова Орынгул Дархановнаның ұйымдастыруымен «OIL EMPIRE» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.

                  45  

 

Менің бағдарым

Менің бағдарым

0201000 - «Құқықтану»
0513000 - «Маркетинг»
0515000 - «Менеджмент»
0516000 - «Қаржы»
0518000 - «Есеп және аудит»
0601000 - «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»
0601000 - «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
0819000 - «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»
0902000 - «Электрмен қамтамасыз ету»
1014000 - «Машина жасау технологиясы»
1201000 - «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)»
1202000 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару»
1216000 - «Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі»
1224000 - «Сүт тағамдарының өндірісі»
1225000 - «Ет және ет өнімдерінің өндірісі»
1304000 - «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету»
1505000 - «Балық шаруашылығы»
1510000 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
1511000 - «Жерге орналастыру»
1513000 - «Ветеринария»
1514000 - «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану»

"СЕРПІН-2050"

risunok

 

serpin.kz    serpin.biz

Т а л а п к е р - 2 0 1 7


Оқу орны туралы

Оқу орны орналасқан өңір туралы

Жобаны жүзеге асыру бойынша ақпарат

Серпін-2050 әлеуметік жобасына жауапты қызметкер туралы мәлімет

Серпін-2050 әлеуметтік жоба қатысушыларының көшбасшы сардары туралы мәлімет

Сұрақ-жауап

Оқу орны орналасқан өңір туралы

Орал қаласы

 

   Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі – Батыс Қазақстан облысының орталығы  Орал қаласында орналасқан.

    Орал – Қазақстанның көне қаласы, Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Қала Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, үш жағынан Жайықтың, Шағанның суларымен қоршалған. Жалпы аумағы 700 ш.ш. құрайды. Қаланың аты әлденеше рет өзгерді. Қазақтар "Теке", "Орал" десе, ал орыстар - "Яицкий городок", "Уральск" деп атаған.

       1775 жылы Пугачев көтерілісін халықтың жадынан мүлдем шығарып, ұмыттыру мақсатында патшайым өзінің жарлығымен "Яицкий городок" атауын "Уральск" деп өзгертті.

    Ежелгі ғасырларда қала маңында көшпелі тайпалар - исседондар, сарматтар мекендеген. Орта ғасырда осы тұстан Шығыстан Батысқа қарай ең қысқа сауда жолы төселді.

   Қала төңірегінде әр кезеңде мекендеген халықтардан, тайпалардан түрлі қалашықтар, тастан жасалынған мүсіндер, арба дөңгелегінің іздері, саз балшықтан жасалынған ыдыс-аяқтар секілді естеліктер қалған. Соңғы жылдары қала аймағынан табылған археологиялық қазба-ларға қарағанда, бұл жерде XIII ғасырда негізі қаланған, Алтын Орданың өркендеуі кезінде қала болды деген жорамал бар. Орта ғасырлық қаланың негізгі тұрғындары - кіші жуз қазақтарының ең жақын тегі болып есептелетін ноғай-алшындар болған. Тарихи мәліметтерге қарағанда: ноғай-алшындардың басшысы Ормамбет бухар жаугер-шілігінен қорғану үшін 1598 жылы орыстарға мықты қалашық-қамал салдырып, артынан өз қалауынша бұздырып тастаған. Қалада Алтын Орда, ноғай-алшындардың тіршілігімен байланыстыратын жерлер бар. Бұндай жерлерге Хан тоғайы және Басқақ көпірі жатады (Басқақ - Алтын Орда ханының наместнигі салық жинаушысы). Хан тоғайы ерте заманнан қыпшақ хандарының жазғы көшпелі орны және жазғы тұрағы болып келді. Бұл жерде мұсылман ғұламасы жерленгендіктен қасиетті орын болып саналады. Маңызды оқиғалар кезінде түркі тілдес халықтардың өкілдері осы жерге жиналып, халық тағдыры, бейбітшілік және туыстық мәселелерін шешкен.

         XIX ғ. Орал  жаңа  көрініс  қабылдады:  кішкентай  тар  көшелердің орнына кең, түзу көшелер пайда болды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Орал қаласы Орал казак әскерінің "астанасы" деген атаудан мүлдем арылып, әкімшілік, сауда-өнеркәсіптік және аймақтағы тұрғындардың мәдени орталығына айналды. Білім ошақтары жетіліп, кіпапханалар, музейлер, театрлар ашылды, газет және журналдар шығарыла бастады.

     1920 жылы Казақ АССР-нің  жариялануымен Орал - Қазақстанның  Батыс бөлігіндегі әкімшілік орталығы болды. Қаланың тамаша тартымды сәулеті бар.

         Қаланың көне сәулетімен танысқанда, мұсылмандық Шығыс рухында саланған түрлі бағыттағы құрылыстарды кездестіруге болады.
          Бұрынғы орыс-қазақ кәсіптік мектебінің (қазақтардың қаражаттарына салынған) ғимараты (қазіргі облыстық тарихи-өлкетану музейі орналасқан) өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Бұл сәулет ескерткіші мавритандық стильге жатады. Саудагер Каревтің үиі (қазіргі кітапхана және филормония), Ванюшиннің үйі (қазіргі №38 қалалық мектеп) еуразиялық стильде салынған.
Орталық даңғылда орналасқан Михаил-Архангель соборы қаланың баға жетпес көне ескерткіші боп саналады.

      Жалпы  қала  құрылысының  қызу  қарқынмен дамуы XX ғасырдың 70-80 жылдарына келеді. Бұндай өнеркәсіптік, транспорттық және тұрғын үй құрылыстарының дамуын қала тарихы білген жоқ, қала өсіп және кеңейе түсті. Қысқа мерзім ішінде қаланың әрбір үшінші тұрғыны өзінің үй-тұрмыс жағдайын жақсартты, 125 сауда кәсіпорындары, 30 мектеп, 3 мәдениет сарайы және бірнеше ірі өнеркәсіптік нысандар салынды.
       Орал әдемі үйлермен, магистральді жолдармен, жылдар бойы сақталып келе жатқан тарихи-сәулет ескерткіштерімен Қазақстанның Батыс аймағындағы сәнді қақпасына айналды.

       Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері Орал көшелері жарқырай тазарып, жаңа әсем үйлер, бостандық пен тәуелсіздік жолында өмірлерін қиған қайраткерлерінің есімдерін есте сақтау мақсатында тұрғызылған тарихи ескерткіштер пайда болды. Көшелер мен алаңдар империялық, тоталитарлық топонимдерден арылды. Қаланың ерекше жағрапиялық жағдайы оның Шығыс пен Батыстың түрлі әтностарының мәдениетін біріктіруіде.

          Орал - студенттер қаласы.  Лицейлер,  колледждер,  университеттер  әр  жыл сайын жаңа талапкерлерді қабылдап, жоғары білімді кадрлар дайындайды. Осында дүниеге келіп немесе қала тарихымен, мәдениетімен тағдырлары етене араласып кеткен, Орал қаласының атағын шығарған ұлы есімдерді атауға болады.

     Қиын ғасырлардың қыл бұрауы осында анық сезіледі. Азап шеккен орыс шаруалары көтерілісіне Кіші жүз қазақтары қолдау көрсетті. XVIII ғ. қазақ халқының данышпан ұлы Сырым батырдың бастауымен қазақ сарбаздары ұлт-азаттық көтеріліске шықты. 1905 жылы Орал қаласында өткен жалпы қазақтың съезі қазақ халқының саяси тұрғыдан сана-сезімін оятты, "Алаш" саяси партиясын құру идеясы осында қолға алынды. Махамбет, Курмангазы, Дәулеткерей, Мұхит сынды тұлғалар қазақ халқының рухани және мәдени өрлеуіне дем берді. Олардың есімдері Жайық қаласының тарихында алтын әріптермен жазылды. Калалықтар Орал шаһарының өсіп-өркендеуіне еңбектерін арнаған есімдерді әрқашан мақтап тұтады. Жалынды ақын Пушкин қалаға қонақ болып келіп, өзінің мәңгі өлмейтін өлеңдерімен халық жадында сақталды. "Оралға келсең барлығы да жаңа, әрі қызықты, келген қонақты төселген кілем мен жайылған көрпенің үстіне отырғызып, қонақасы жегізіп, қымыз ішпейінше еш жібермейді,"- деп орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой да таңғала жазған. Ашық та зерек В.Даль қазақтардың өміріне ет жақын араласып, тұрмысын, салтдәстүрін терең таныған. Белгілі жазушы В. Короленко шексіз қазақ даласына қарап: "Казақтар құс секілді бағытты біледі. Қазақ халқы өте кеңпейілді"- деп айтып кеткен.

       Ұлы М.Шолохов халқымызды қадір тұтып "...Жайықта мен қазақпын..."- деп жырлаған. Жұбан Молдағалиев: «...Жайық бұрынғы өзен емес, Орал да қалашық емес, қала. Ұлы Құрманғазының күйлері сияқты, Жайық та өзінің сарынды жай ағысымен жүйткіп жатыр», — деп жыр жырлады.

     Орал тарихшылардың этнографтардың, суретшілердің, ғалымдардың, ақын-жазушылардың қызығушылығын әлі де туғызып келеді. Кім бұл жерде бір рет болса, сол мәңгі ұмытылмас әсерде болып тағы да қайтып оралып бір көруді аңсап жүреді...

        Ата-бабаларымыз бен қазіргі ұрпақтардың жасампаз ерен еңбектері арқасында қаламыз дамып, көркейіп келеді. Оның өткені мен болашағы көз тартады, айландырады.

          Сүйікті қаламызға қош келдіңіз!

 

1   

    4

    6

Оқу орны туралы

Оқу орны туралы мәлімет

 

     «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі, 2000 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің жанындағы инженерлік-технологиялық колледжі болып негізі қаланды. Ал 2010 жылдың 01 шілдесінде оқу орны құрылтайшысының  №2 шешімі бойынша оқу орны атауы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінен бөлініп шығуына байланысты, «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі болып өзгертіліп қайта құрылды.

      Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай, бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттербілім алады.

        Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылы Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы қолға алынып еліміздің Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау облыстарының жоғары және арнаулы орта оқу орындарына талапкерлер оқуға қабылданған болатын.

      Серпін-2050,  «Мәңгілік  Ел  жастары — индустрияға»  әлеуметтік  жобасының негізгі міндеттерінің бірі – жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу болып табылады.

      Батыс  Қазақстан  инженерлік-технологиялық  колледжі аталған жоба негізінде өткен 2014-2015 оқу жылы Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы негізінде 2 мамандық (Ветеринария-20 және Балық шаруашылығы-25) бойынша 45 талапкерді Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан оқуға  қабылдаса, 2015-2016 оқу жылы колледжге 4 мамандық бойынша 100 талапкер (Ветеринария-25, Мұнай және газ кен орындарын пайдалану - 25, Электрмен қамтамасыз ету – 25, Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану - 25) және 2016-2017 оқу жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі Серпін-2050 «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы негізінде 3 мамандық бойынша 75 талапкер (Электрмен қамтамасыз ету - 25, Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару - 25ғ Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - 25) оқуға қабылданды.

     Колледждің жалпы материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Колледжде оқу үрдісі барлығы 52  аудиторияда жүзеге асырылады. Оның ішінде жалпы білім беру пәндеріне арналған 8 аудитория, 30 арнайы пәндерге арналған аудитория және 3 шеберхана бар.

     Колледжде барлығы 5 компьютерлік сыныпта 78 компьютер болса, олардың барлығы кең жолақты интернет желісіне қосылған.

     Сонымен қатар колледжде көлемі 451  м², 200 орындық мәжіліс залы және оқушыларға арналған көлемі 796 шаршы метрлік жаңа спорт зал жұмыс жасайды.

          Колледжде 150 орындық кітапхана жұмыс жасап, кітапхана оқу үрдісіне қажетті оқу, ғылыми-техникалық, оқу-әдістемелік құралдармен, анықтамалармен және ақпараттық материалдармен толық қамтамасыз етілген.

 

Колледж

      3

 

Спорт зал

4   5   

 

Кітапхана

7      

 

Колледж – БҚО, Орал қаласы, Достық даңғылы 215 мекенжайында орналасқан (колледжбен байланысу үшін: 8 (7112) 513531,  240475 телефондарына, [email protected] поштасына және www.wкetc.kz ақпараттық сайты арқылы хабарласуға болады).

Жобаны жүзеге асыру бойынша ақпарат

Жобаны жүзеге асыру бойынша ақпарат

 

Серпін-2050 әлеуметтік жобасы бойынша оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат

Оқу-тәрбие үрдісі

Жоба қатысушыларының тұрмыстық әлеуметтік жағдайлары

Дуалды оқыту жүйесі және әлеуметтік серіктестер туралы ақпарат

Жоба қатысушыларының тізімі