Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Бағыт - бағдар

View the embedded image gallery online at:
http://wketc.kz/talapkerler/ba-yt-ba-dar.html#sigFreeIdd82f68a593


ЖОҒАРЫ  ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ  

БҮГІНГІ САПАЛЫ БІЛІМ –ЕРТЕҢГІ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК

Мемлекеттік лицензия № KZ56LAA00017526

МИССИЯ: «Инновациялық оқыту әдістерін қолдану - сұранысқа ие мамандарды дайындау негізі»

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі қазіргі таңда еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлайтын облысымыздағы алдыңғы қатарлы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.      

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, 2000 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде негізі қаланды. Колледж 2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінен бөлініп шығып, «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» ретінде дербес қызмет атқарды, қазіргі таңда «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі болып табылады.    

Колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 22 мамандық бойынша мамандар даярланып, білім алушыларға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беруді және білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен  жоғары білікті,  оқытушылар қызмет атқарады.

Бүгінде Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, мамандар даярлау сапасының талаптарын көтеру арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында теориялық оқытуды өндіріспен ұштастыра  отырып, 4 мамандық бойынша дуалды оқыту жүйесін енгізіп, білім алушылардың кәсіби өзін-өзі дамытуына, теориялық білімдерін тәжірибиемен бекітіп, жетілдіруіне мүмкіндіктер жасап келеді. 3 мамандық бойынша модульдық оқыту енгізілді, 2 мамандық бойынша қолданбалы бакалавралды даярлауға экспериментальды алан мәртебесін алуға құжаттар әзірленді.

Колледжде ақылы және мемлекеттік грант негізінде күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша оқушылар білім алады. 

 

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі 2021-2022 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша талапкерлерді қабылдайды:

 

0201000 Құқықтану

0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

0902000 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

1201000 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

1202000 Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)

0601000 Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

0809000 Мұнай және газ - кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

0819000 Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

1513000 Ветеринария

1505000 Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

0802000 Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану

1224000 Сүт өнімдерінің өндірісі

1225000 Ет және ет өнімдерінің өндірісі  (түрлері бойынша)

1510000 Ауыл шаруашылығын механикаландыру

1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

 

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:

  • өтініш;
  • аттестат;
  • 3х4 көлеміндегі 4 фото;
  • медициналық анықтама (086-у үлгісі), флюро түсірілімі – міндетті;
  • медициналық анықтама (063-у үлгісінің көшірмесі, күндізгі оқу түрі үшін);
  • жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі;

 

Өтінішті қабылдау мерізімі:

күндізгі бөлім үшін 20 маусымнан 25 тамыз аралығы;

сырттай бөлім үшін 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығы

 

 

Оқу үшін жасалған жағдайлар:

  • Мемлекеттік білім гранттары
  • Оқу төлемақысын оқу жылы бойынша бөліп төлеу
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту
  • Күндізгі, сырттай және жеделдетілген түрде оқыту
  • Компьютерлік бағдарламаларды тереңдете оқыту

 

Колледжге қабылдау 9 сынып негізінде аттестаттың орташа балы негізінде, 11 сынып негізінде бітірушілерге кешенді тестілеу қорытындысы бойынша немесе ҰБТ нәтижесінде  жүзеге асырылады.

Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 215

тел/факс: (7112) 51-35-31, ұял.тел.: 8 702 830 26 16

            wketc.kz                         WWW.wketc.kz

                                                                       Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.