free templates joomla

0518000-Есеп және аудит

1. Мамандық: 0518000 - «Есеп және аудит  (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0518023 – Бухгалтер-ревизор (аудитор)

2. Ұқсас мамандықтар:
   √ салық инспекторы;
   √ экономист;
    қаржыгер.

 

3. Кәсіби қызмет саласы: басқару, қаржы, экономика

 

4. Мамандықтың біліктілігі:
Еңбек     пәні     бойынша     кәсіптердің     түрі:     бухгалтер - ревизор    сандармен, формулалармен     және    кестемен   жұмыс    жасайды,    бұл   еңбек   пәні   бойынша мамандықты «Адам-белгі жүйесі» түріне жатқызады.
Мақсат белгісі бойынша мамандық түрі: танымдылық.
Еңбек құралы бойынша мамандық түрі: қол жұмысы.
Еңбек құралы бойынша мамандық түрі: «бөлме» жағдайында жұмыс.
Мамандық   класы:   орындаушы   (бухгалтер  мамандығы  еңбек  сипаты  бойынша нақты  белгіленген  ережелерді,  нормативтерді, нұсқауларды сақтай отырып біртипті шараларды   жүзеге   асыруды,   берілген   үлгіде   стандартты   есептерді  орындауды қамтамасыз етеді).

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
Бухгалтер-ревизор  –  бұл  әрекет   етуші   заңға  сәйкес  ұйымда   қаржылық   есепті жүргізетін маман.
Бухгалтер-ревизордың  қызметінің  негізгі  түрлері  кәсіпорынның  шаруашылық -қаржылық     қызметінің     бухгалтерлік    және    салықтық     есебін    жүргізу    және ұйымдастыру, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды бақылау, кәсіпорын меншігін сақтау.
Бухгалтер-ревизордың негізгі міндеттеріне жатады:
   - математикалық қабілетінің жоғары деңгейі;
   - талдауға қабілеті, алынған ақпаратты қорытындылау;
   - ұзақ  уақыт  бойы  бір  пәнге  тоқталу  қабілеті,   бір  қызмет  түрімен  шұғылдану, сондай-ақ бір қызмет түрінен басқа қызметке тез ауысу қабілеттілігі;
   - қысқа уақытты және ұзақ уақытты есте сақтау қабілетінің жақсы дамуы;
   - техникалық дайындығы (дербес компъютерде  жұмыс жасау дағдылары).

1   

6. Маманға      қойылатын      ерекше      талаптар:       төзімділік,      мақсаттылық, жауапкершілік,    жұмыста    «педантизм»,    адалдық,    ұқыптылық,    эмоционалды -психикалық тұрақтылық (өзін өзі бақылау қабілеті, әділдік.

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
Жүйке жүйесінің ауруы; бастың ауруы (гипертония, мигрень); көз ауруы.

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Бухгалтер-ревизор (аудитор) білуі керек:
   - экономикалық теорияны;
   - бухгалтерлік есепті (қаржылық және басқарушылық);
   - бухгалтерлік (қаржылық) есеп беруді;
   - шаруашылық қызметті талдауды;
   - аудитті;
   - салық салуды;
   - іскерлік және коммерциялық құқықты;
   - коммерциялық қызметті қаржыландыру және қаржылық басқаруды;
   - талдаудың және статистиканың сандық экономика-математикалық әдістерін;
   - жедел басқаруды және стратегияны.

Бухгалтер-ревизор (аудитор) істей білуі керек:
   - кәсіпорынның өзгешеліктерін ескере отырып есеп саясатын жасау;
   - шаруашылық операцияларының есебін  дұрыс ұйымдастыру және жүргізу;
   - мүліктердің,  міндеттемелер  мен  капиталдың  қозғалыстарын есеп құжаттарында уақытылы тіркеу;
   - барлық  әлеуметтік  саладағы  және  мекемелердегі кәсіпкерлердің субъектісі үшін қаржылық есеп беруді құру;
   - қаржылық   есептемені   корпоративтік   және   корпоративтік  емес ұйымдар үшін даярлау;
   - әлеуметтік - экономикалық,    қоғамдық    саясаттық   құбылыстарды   динамикада талдау, қысқа және ұзақ мерзімді болжаулар жасау;
   - әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың құрылымын және олардың жиынтығын меңгеру;
   - бухгалтерлік есептің мәліметтерін тіркеу, өңдеу, түгендеу;
   - өзінің көзқарастарын ойлы, дәлелді жеткізе білу;
   - экономикалық жағдайларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау;
   - басқару және өндірістік қызметтің деңгейін арттыруға ықпал ету;
   - шаруашылық   субъектілерінің   қаржы-шаруашылық   қызметтерін   талдау   және аудит жүргізу.

3   

9.  Қолданылу саласы:
       Бухгалтер-ревизор   мамандығы   көп   сұранысқа   ие   мамандық.   Бұл   саланың мамандары   меншік   формасы   әр   түрлі   кәсіпорындардың   бухгалтериясында,  ірі фирмалар  мен   банктерде,   экономикалық   жоспарлау   және   талдау   бөлімдерінің мемлекеттік  мекелерінде  жұмыс  жасай  алады.  Шағын  фирмалар штатта бухгалтер ұстамай,   есеп   жүргізу   үшін   сырттай   мамандарды   шақыруды   жөн  көреді. Сол себептен,    бір    қызметкер    бірнеше    шағын    кәсіпорындардың    бухгалтериясын жүргізе алады.
       Басқа  ұйымдарда  бухгалтерлік қызметті көрсетуге мамандандырылған көптеген фирмалар бар.

 

10. Еңбек жағдайы:
       Бухгалтерлер      дербес,       сондай-ақ      бірнеше       мамандардан       құралатын (бухгалтериядан және ірі кәсіпорындардың экономикалық  жоспарлау  бөлімдерінен) ұжыммен  жұмыс  жасай  алады.   Күндерінің   көп  бөлігін   мекеме   ішінде  өткізеді. Жұмыста  қимыл қозғалысының  белсенділігі шектеулі. Бухгалтер жұмыс барысында қол   жұмысын  (қалам,  қарындаш)  және  қазіргі  заманғы   техникалық   құралдарды (құжат   тігілетін    мұқаба,    штемпельді   жабдықтар   және   басқа   да   техникалар), Интернетке   шығу   мүмкіндігі  бар  дербес   компьютерді,   есептеу   операцияларын орындау  құралдарын  (калькуляторлар, ПЭВМ),  байланыс  құралын  (телефон, факс) қолданады . Жұмыс орны жақсы жарықталған болуы керек.  Бухгалтер  үшін  арнайы киім қарастырылмаған.

 

11. Кәсіптік тәуекел:
       Бухгалтер - ревизорлардың   жұмыс   позасы – бір   орында  ұзақ  отырып  жұмыс жасау,  сондықтан да бел мен мойын ауыруына әкеліп соғуы мүмкін.  Компьютермен ұзақ   уақыт   бойы  жұмыс  жасау  көз  ауруының  бұзылуына  әкеліп  соғуы  мүмкін. Есептік құжаттарды құрастыру кезінде бухгалтердің жұмыс күні нормаланбаған.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
       Бухгалтер-ревизор (аудитор) біліктілігін меңгеру үшін ең алдымен орташа кәсіби білім  0518000  «Есеп және аудит (салалар бойынша)»  мамандығы бойынша арнаулы білім алу қажет

 

13. Мансаптық өсу
       Бухгалтер-ревизордың   мансаптық өсуі жоғары біліктілікке жету үшін мамандық шеңберінде   білім  мен   іскерлікті   жаңарту   мақсатында   кәсіпорында   біліктілігін көтерумен байланысты

гис-технологии
ткани для вышивания