free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

             2017 жылдың сәуірдің 7-ші күні колледжі оқушыларына арналған «Зат есім» электронды оқулығын жасау бойынша облыстық байқауында ПОВТ-941 топ оқушысы А.Е. Болатов Adobe Flash бағдарламасында жасалған жобасы үздік танылып, қорғаған жұмысы бойынша  I  орын иеленді. Ғылыми жетекшілері - арнайы пән оқытушысы Г.К. Кудабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Б.Халелова.

2017.04.1   2017.04.2

             2017 жылдың 8-ші сәуір күні 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына ашық есік күндері  өткізілді.

2017.04.3   2017.04.4
   2017.04.6

       2017   жылдың  15-ші  сәуір  күні  «ҒЫЛЫМ  және  БІЗ»  ғылыми-практикалық конференцияғылыми проблемалармен айналысатын  қалалық мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

    2017.04.7   2017.04.8
2017.04.9   2017.04.10

     Сәуір айының 10 мен 14 күні аралығында колледжішілік «Үздік жас оқытушы» байқауыөткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің оқытушысы Г.М.Батырниязова 1 орын, техникалық бөлім оқытушысы М.М. Укасова 2 орын , ал экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Г.Х. Джубанышева 3 орынды иеленді.

2017.04.11   2017.04.12
2017.04.13

             2017 жылдың 17-ші сәуір күні колледжде бөлім аралық студенттер арасында волейболдан сайыс өтті.

2017.04.14   2017.04.15

             4 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы   «Жастардың ғылыми-ізденісі- Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларына Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің студенті Культюшнова Анастасия  (жетекшісі - Н.М. Жумагалиева) қатысып, жаңашыл аталымымен марапатталды.

2017.04.16

          Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты сайысқа оқытушылар қатыстыру мақсатында 12-18 сәуірде «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты колледжішілік сайыс өтті. Нәтижесінде, экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Э.К. Каримова 3 орын, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы Г.Г. Беркалиева 2 орын, ал мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы А.Н. Жумашева 1 орынды жеңіп алды.
          «Үздік арнайы пән оқытушысы» байқауы 21 сәуір күні Тайпақ колледжінде өткізілді. А.Н. Жумашева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2017.04.17

          26  сәуір  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Парасыз болашаққа бірге акциясы» өткізілді. Осы шараға колледжімізден ВТ-921 студенттерімен оқытушы Г.Х.Джубанышева  ат салыса қатысты.

2017.04.18   2017.04.19

Мамандықтар

Мамандықтар тізімі

 

шифрМамандықтар атауыБіліктілігіОқу мерзіміБейін бойынша пән атауы
9 сынып негізінде11 сынып негізінде9 сынып негізінде11 сынып негізінде
0201000Құқықтанукеңесші -заңгер2 ж. 10 ай.1 ж. 10 айҚұқық негізіДүниежүзі тарихы
0516000Қаржы (салалар бойынша)қаржы жұмысы бойынша экономист2 ж. 10 ай1 ж. 10 айМатематикаМатематика
0518000Есеп және аудит (салалар бойынша)бухгалтер2ж. 10 ай1 ж. 10 айМатематикаМатематика
0515000Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)менеджер2 ж. 10 ай1 ж. 10 айМатематикаМатематика
0513000Маркетинг (салалар бойынша)маркетолог2 ж. 10 ай1 ж. 10 айМатематикаМатематика
1304000Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойыншатехник-программист3 ж. 10 ай2 ж.10 айМатематикаМатематика
0902000Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)техник-электрик3 ж. 10 ай2 ж. 10 айМатематикаМатематика
1201000Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдаланутехник-механик3 ж. 10 ай2 ж. 10 айМатематикаМатематика
1202000Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)техник3 ж. 10 ай2 ж. 10 айМатематикаМатематика
0601000Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)техник-метролог2 ж. 10 ай1 ж. 10 айМатематикаМатематика
1511000Жерге орналастырутехник3 ж. 6 ай2 ж. 6 айМатематикаМатематика
0809000Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)техник-технолог3 ж. 10 ай2 ж. 10 айМатематикаМатематика
0801000Мұнай және газ скважина бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бағыты бойынша)техник-технолог3 ж. 10 ай2 ж. 10 айМатематикаМатематика
0819000Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясытехник-технолог3 ж. 10 ай2 ж. 10 айХимияХимия
1513000ВетеринарияВетеринарлық фельдшер3 ж. 10 ай2 ж. 10 айБиологияБиология
1514000Экология және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану (салалар бойынша)эколог3 ж. 10 ай2 ж. 10 айМатематикаХимия
1505000Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)техник-рыбовод3 ж. 6 ай2 ж. 6 айБиологияБиология
0802000Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдаланутехник-механик3 ж. 10 ай2 ж. 10 айФизикаФизика
1508000Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшаф құрылыстар (түрлері бойынша)техник-технолог3 ж. 6 ай2 ж. 6 айМатематикаХимия
1224000Сүт өнімдерінің өндірісітехник-технолог2ж. 10 ай1 ж.10 айХимияХимия
1225000Ет және ет өнімдерін өндіру   (түрлері бойынша)техник-технолог3 ж. 6 ай2 ж. 6 айХимияХимия
1216000Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісітехник-технолог3ж. 6 ай2 ж. 6 айБиологияХимия
1504000Фермер шаруашылығы (бейіндері бойынша)фермер2 ж. 10 ай1ж.10 айБиологияБиология
1510000Ауыл шаруашылығын механикаландырутехник-механик3ж. 6 ай2 ж.6 айМатематикаМатематика
1014000Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)техник-механик3ж.6 ай2 ж.6 айМатематикаМатематика

Колледж мамандықтары (презентация)

гис-технологии
ткани для вышивания