free templates joomla

март, 2017

       1 марта 2017 года в целях пропаганды учащихся любви к своей Родине, сохранения традиционных праздников, преподавателями отделений были проведены мероприятия на тему: «Құтты болсын бір жасын! Қабыл болсын Көрісу айт!».

2017.03 (1)   2017.03 (2)
2017.03 (3)   2017.03 (4)

        6 марта в ЗКИГУ прошел конкурс посвященный международному женскому дню «Наурыз жұлдыздары-2017», где учащиеся группы ПВ-911 Абдуалиев Ж. и Бисенгалиева А. заняли 1 призовое место, учащиеся группы ПОВТ-11 Тынышбек М. и Қажғали М. заняли 2 место, Маратов Н. и Сақтағанова К. -3 место.

2017.03 (5)   2017.03 (6)
2017.03 (7)   2017.03 (8)
2017.03 (9)

         

         7 марта 2017 года в колледже прошел конкурс «Өнерлі жұп», посвященный международному женскому дню 8 марта. На этом конкурсе принимали участие пары из преподавателей и студентов, которые заняли призовые места и различные номинации.
         По итогам конкурса 1 место заняла пара «Жалын» из отделения экономики и гуманитарных дисциплин Г.Баирханова и Ж.Абдуалиев. 2 призовое место было присвоено паре «Бірлік» из отделения нефти, газа и стандартизации (Н.М. Жумагалиева и Ш.Өтеулі). 3 место удостоились пара «Қос жұлдыз» из отделения экологии и биотехнологии (Э.К. Каримова и А. Қыдырбаев)

2017.03 (10)   2017.03 (11)
2017.03 (12)   2017.03 (13)
2017.03 (14)

          10 марта 2017 года прошел областной флеш семинар «Құзіретті маманға-нәтижеге бағытталған білім», где преподватели нашего колледжа провели следующие открытые уроки
     Таутешова Б.Т.- «Компьютерлік вирустар. Вирустар классификациясы», Кудабаева Г.К. -«Основные понятия Power Point», Альжанова В.Ж.- «Жасушаның бөлінуі. Митоз, мейоз», Кульбабаева Ж.И.- «Моносахариды. Глюкоза», Купешев М.А. -«Трансформаторлар», Айткалиева Ж.Х.- «Угол между прямыми. Условия паралельности и перпендикулярности угла».

2017.03 (15)   2017.03 (16)
2017.03 (17)   2017.03 (18)

      16-17 марта 2017 года в Уральске проходил региональный чемпионат среди студентов и выпускников организаций технического и профессионального образования в возрасте 18 и 22 лет, среди рабочих и специалистов «WorldSkills Kazakhstan» (WSK).
         «WorldSkills Kazakhstan» (WSK) -
международная некоммерческая ассоциация, целью которой является повышение статуса и стандартов профессиональной подготовки и квалификации по всему миру.
        На 8-ом региональном чемпионате, который проходил в нашей области
в компетенции «ремонт Кузова» с нашего колледжа приняли активное участие студенты специальности 1201000 - «Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта» Н.Ильичев, О. Дикин, В. Пяташкин, Р. Жангалиев и И.Смилин
      Участники согласно заданиям чемпионата выявляли дефекты кузова автомобиля, заменяли элементы кузова исправиляли катер, варили и т.д.
      По решению Совета экспертов «WorldSkills Kazakhstan» (WSK) регионального чемпионата учащиееся Западно-казахстанского инженерно технологического колледжа по компетенции «ремонт Кузова» Ильичев Никита занял 1 место, Дикин Олег - 2 место, Смилин Иван- 3 место.
Победители и призеры чемпионата были награждены дипломами от организаторов, сертификатами, медалями и памятными подарками.

2017.03 (19)   2017.03 (20)
2017.03 (21)   2017.03 (22)
2017.03 (23)   2017.03 (24)

        18 марта 2017 года было проведено мероприятие на тему: «Қош келдің - Әз Наурыз», посвященное празднику НАУРЫЗ, где преподаватели и учащиеся колледжа показали традиции и обряды казахского народа.

2017.03 (25)   2017.03 (26)
2017.03 (27)   2017.03 (28)
2017.03 (29)   2017.03 (30)
2017.03 (31)   2017.03 (32)

       28-29 марта 2017 года согдасно плану учебно-методической работы в колледже проходил конкурс «Лучший кружок - 2017», целью которого является: организация и выполнение мероприятий кружков по плану, выявление работы лучшего кружка. По результатам проведенного конкурса 1 призовое место занял кружок «Нефтянники», 2 место- «Ихтиолог», 3 место заняли -«Жас өлкетанушы».

 2017.03 (33)   2017.03 (34)
2017.03 (35)   2017.03 (36)
2017.03 (37)   2017.03 (38)
2017.03 (39)

         

      30-31 марта 2017 года проходила IV внутриколледская студенческая научно-практическая конференция «Молодежь и наука XXI века». По итогам конференции:
        1 места заняли
Абдуалиев Ж., учащийся группы ПВ-911, научный руководитель-Канаткалиева Л.А., а также Хайырқызы Г., учащаяся группы ВТ-921, научный руководитель – Каримова Э.К.
       2 места заняли: Орынбасар Д., учащийся группы ЭЛС
-931, научный руководитель -Укасова М.М.; Тарғынбек А., учащийся группы ЭЛС-11, научный р
уководитель - Баданова Х.Ж.; Жалелов Ж., учащийся группы ЭЛС-911, научный руководитель – Батырниязова Г.М.; Базарбаев Е., учащийся группы ЭЛС-911, научный руководитель – Бекмагабетова А.М.
       3 места заняли: Логинчук В., учащаяся группы УА-922, научный руководитель – Махметова Ш.У.; Тулемисов А., учащийся группы ЭНГМ-932, научный руководитель – Тлеугалиев Ж.К.; Середенкина С., учащаяся группы УА-922, научный руководитель-Павлова Т.И.; Ихсанова Д., учащаяся группы ЭНГМ-911, научный руководитель - Мукатаева А.М.; Өтежанов М., учащийся группы ЭЛС-931, научный руководитель –Туребекова Д.К.

2017.03 (40)   2017.03 (41)
2017.03 (42)   2017.03 (43)

сәуір, 2017

             2017 жылдың сәуірдің 7-ші күні колледжі оқушыларына арналған «Зат есім» электронды оқулығын жасау бойынша облыстық байқауында ПОВТ-941 топ оқушысы А.Е. Болатов Adobe Flash бағдарламасында жасалған жобасы үздік танылып, қорғаған жұмысы бойынша  I  орын иеленді. Ғылыми жетекшілері - арнайы пән оқытушысы Г.К. Кудабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Б.Халелова.

2017.04.1   2017.04.2

             2017 жылдың 8-ші сәуір күні 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына ашық есік күндері  өткізілді.

2017.04.3   2017.04.4
   2017.04.6

       2017   жылдың  15-ші  сәуір  күні  «ҒЫЛЫМ  және  БІЗ»  ғылыми-практикалық конференцияғылыми проблемалармен айналысатын  қалалық мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

    2017.04.7   2017.04.8
2017.04.9   2017.04.10

     Сәуір айының 10 мен 14 күні аралығында колледжішілік «Үздік жас оқытушы» байқауыөткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің оқытушысы Г.М.Батырниязова 1 орын, техникалық бөлім оқытушысы М.М. Укасова 2 орын , ал экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Г.Х. Джубанышева 3 орынды иеленді.

2017.04.11   2017.04.12
2017.04.13

             2017 жылдың 17-ші сәуір күні колледжде бөлім аралық студенттер арасында волейболдан сайыс өтті.

2017.04.14   2017.04.15

             4 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы   «Жастардың ғылыми-ізденісі- Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларына Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің студенті Культюшнова Анастасия  (жетекшісі - Н.М. Жумагалиева) қатысып, жаңашыл аталымымен марапатталды.

2017.04.16

          Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты сайысқа оқытушылар қатыстыру мақсатында 12-18 сәуірде «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты колледжішілік сайыс өтті. Нәтижесінде, экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Э.К. Каримова 3 орын, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы Г.Г. Беркалиева 2 орын, ал мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы А.Н. Жумашева 1 орынды жеңіп алды.
          «Үздік арнайы пән оқытушысы» байқауы 21 сәуір күні Тайпақ колледжінде өткізілді. А.Н. Жумашева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2017.04.17

          26  сәуір  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Парасыз болашаққа бірге акциясы» өткізілді. Осы шараға колледжімізден ВТ-921 студенттерімен оқытушы Г.Х.Джубанышева  ат салыса қатысты.

2017.04.18   2017.04.19

Қазан, 2017

         7 қазан күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында өткізілген, Қадыр Мырза-Әлі атындағы даңғылында өткізілген, облыстық іс-шараға  колледжіміздің оқытушылары мен оқушылары белсенді қатысты. Шара барысында ұлттық киімдер киіліп, салт-дәстүрлер туралы қазақтың дәстүрлі әндері шырқалып, «Асық ату» ұлттық ойыны ойналды.

        1  2  3

        4  5  6

      2017 жылдың 13 қазан күні колледж оқушылары облыстық волейбол  және баскетбол  жарыстарына қатысып, 2 орынға ие болды.

7  8

        20 қазан күні қаламыздағы мәдени орындармен таныстыру және насихаттау мақсатында топ жетекшісі Г.Ахмедиярова  ВТ-911 топ оқушыларымен Х.Есенжанов атындағы облыстық кітапханаға барып, жаңа оқулықтармен танысты.

 9  10

       2017 жылдың 21 қазан күні Батыс Қазақстан облысының балалар және жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде колледж оқушылары арасында өкізілген облыстық экскурсиялық бағдарлау жарысында «Үздік экскурсиялық маршрут» презентациясы бойынша колледж командасы І орынға ие болды. 

 11  12  13

 14  15

21 қазан күні колледж оқушылары қала сыртына сенбілікке шықты.

 16  17

27 қазан күні оқу орындары арасында өткізілген «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасының грант иегерлерінің арасында оздырылатын «Аламан -2017» облыстық фестивалі болып өтті. Осы фестивалға колледжі оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Колледжі командасы «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша  І орынға ие болды.

18

 

мамыр, 2017

       БҚИТК ұжымы 1мамыр күні Қазақстан халқының Бірлік күніне орай Қадыр Мырза-Әлі атындағы алаңға шеруге шықты. 

2017.05.1

 

       2017 жылдың  2  мамыр  күні  УА-912  тобының  тәлімгері М.Д. Хасанова «Казахстанцы на фронтах» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

2017.05.2

 

         4 мамыр  күні  ЭЛС-911  топ  тәлімгері Д.К. Туребекова  «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты тәрбие сағатын өткізді. 

   2017.05.4

 

          4 мамыр күні  ТОР-911 топ тәлімгері  Д.А.  Кунакбаева  «Ұлы жеңіске 72 жыл» атты тақырыпқа ашық тәрбие сағатын өткізіді. Бұндағы басты мақсат: Ұлы Отан соғысы,  оның зардаптары,  Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру, оқушыларды Отан үшін жан қиған аталар мен аналардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

2017.05.5   2017.05.6

 

          Жеңіс күніне орай ЭЛС-11 топ тәлімгері М.М. Укасова «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

2017.05.7   2017.05.8

 

        ПОВТ-11 және ЭЛС-11 топ оқушылары Жеңіс күні мейрамына қарсы қаламызда орналасқан батыр қызымыз М.Мәметованың мұражайына барды. Мұражайдан көптеген соғыс кезінде болған деректер, соның ішінде батыр қызымыздың естелік заттарын көрді, бейне суреттермен танысып қайтты.

2017.05.9   2017.05.10

 

        9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай ПОВТ-11 тобында «Ұлы Жеңіс жасасын» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар соғыс кезінен көрініс көрсетті, кинодан үзінді көрсетілді, соғыс кезіндегі оқиғалар туралы деректерді топ тәлімгері айтып өтті.

 2017.05.12   2017.05.13

 

         6 мамыр күні  Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдығы және Қазақстан Қарулы күштеріне 25 жыл толу мерекесіне орай жатақхана студенттерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттың бірнеше түрінен сайыстар өткізілді. Шараға колледждің жатақхана студенттері аса белсенділікпен қатысып, колледж директоры атынан арнайы дипломдармен марапатталды.

2017.05.17   2017.05.18
   2017.05.15
2017.05.16

 

      3 мамыр күні ПОВТ-11, ЭЛС-11 топ оқушылары қаламыздағы Дәулеткерей көшесінде тұратын Мутаева Макка қария апамыздың үйіне барып, көмектерін көрсетіп қайтты.

2017.05.19   2017.05.20
2017.05.21   2017.05.22

 

          2 – 9 мамыр Жеңіс күніне орай  УА-922 тобының тәлімгері Т.И. Павлова «Никто не забыт, ничто не забыто» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

 2017.05.23   2017.05.24

 

         9 мамыр Ұлы жеңістің 72 жылдығына орай  ПВ-921 тобының оқушылары топ тәлімгері Д.Т. Хабибуллинамен  бірге ҰОС ардагері М.Ажғуловпен кездесті.

 2017.05.25   2017.05.26

 

         3   мамыр   күні   «Экология   және   биотехнология»   бөлімі   ветеринария мамандығының ВТ-911 және ВТ-11 топтары жетекшілерімен В.Ж. Альжанова  және Г.Х.Джубанышева Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдық мерейтойына байланысты  «Жеңіске жеткен ұлы күн» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

 2017.05.27   2017.05.28

 

      4 мамыр Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдық мерейтойына байланысты  «Экология және биотехнология» бөлімінің ВТ-921, ВТ-21 топтары жетекшілерімен Ж.И.Кульбабаева және Э.К.Каримова «Ұлы Отан соғысы жас ұрпақтың есінде» және «9-мамыр Ұлы жеңіс жасасын» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

2017.05.29   
2017.05.31   2017.05.32

 

                20   мамыр   күні   Батыс   Қазақстан  инженерлік - технологиялық   колледжінде «Өзіңнен баста» өнерлік жобасы аясында флешмоб ұйымдастырылды. «Экология және биотехнология» бөлімінен ВТ-921,21 топ оқушылары белсенді қатысты.

 2017.05.33   2017.05.34

 

      25  мамырда   «Экология  және  биотехнология»   бөлімінің  ветеринария мамандығының ВТ-911,921,21 топтары жетекшілерімен Ж.И.Кульбабаева, Г.Х.Джубанышева, Э.К.Каримованың жетекшілігімен  «31- мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу» атты  ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

 2017.05.35   2017.05.36

 

                ПВ - 911   тобының   оқушылары   топ   тәлімгері   Д.К. Рахимгалиевамен  бірге қаламызда оқытушы қызметінде еңбек еткен А.Абақовты Жеңіс күнімен құттықтап, үйіне барып, көмек көрсетті.

 2017.05.37   2017.05.38

 

         Мамыр айында «Атамекен» лагерінде колледж оқушыларына әскери дайындық өтті.

2017.05.39   2017.05.40
2017.05.41   2017.05.42

 

      2017 жылдың 18 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Алаш орда үкіметіне 100 жыл: тарихы мен тағылымы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында тарих пәнінің оқытушысы Ш.У. Махметова «Алаш арысы – А.Байтұрсынов» тақырыбы мен қатысып баяндама оқыды.

2017.05.43

 

            ПВ-911 тобының оқушыларының ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу мақсатында флешмоб өткізді.

2017.05.44   2017.05.45

 

        Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Ш.У. Махметова мен Д.Т. Хабибуллина «Мектеп ұстаздарының әлемі» басылым сайтының бас редакторының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

2017.05.46 

 

               Колледж  оқушылары  «Ер  есімі - ел  есімі»  атты  республикалық  интернет-байқауына қатысып, 1,2,3 орындарға ие болды, ғылыми жетекшілеріне балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсеткендігі үшін Алғыс хат берілді.

2017.05.47   2017.05.48

 

            БҚИТК оқушылары «Көк байрағым» атты республикалық интернет-байқауына қатысып, 1,2,3 орындарға ие болды, ғылыми жетекшілеріне балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсеткендігі үшін Алғыс хат берілді.

2017.05.49   2017.05.50

 

           2017 жылдың 4 мамыр күні Теректі ауданы Погодаево ауылдық мектептен келген оқушыларға мамандық бойынша кәсіби бағыт бағдар беріліп, ашық есік күні өткізілді. 

2017.05.51   2017.05.52
2017.05.53   2017.05.54

 

            Осы жылдың 20 мамыр күні Орал Қаласының Әкімдігінің, облыс жастарының қолдауымен Коминтерн ауданындағы Жайық өзені жағалауына тазалауға арналған сенбілік өтті. Оған ТОР-921 және ЭЛС-921 топ оқушылары қатысты.

2017.05.55   2017.05.56

 

                2017 жылдың 26 мамыр күні «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ «Техникалық және кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы колледж оқытушыларына арналған облыстық семинарға «Экология және биотехнология» бөлім оқытушылары Э.К.Каримова және Ш.А.Жанаисова қатысып, сертификат иеленді.

2017.05.57

 

Қыркүйек, 2017

4  қыркүйек күні 1 курс оқушылары арасында «Білім күніне» орай «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру», «Я – патриот своей родины» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Елбасының мақаласымен таныстырып, оны жан-жақты талқылау, болашаққа деген көзқарастарын айқындау, колледждің жетістіктері және ішкі тәртібімен таныстыру. 

1  2

Технологиялық бөлімінің «Ветеринария» және «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша 3 және 4 курс оқушылары 04.09-23.12.17 жылы аралығында өндірістік – технологиялық практикасына жіберілді. Оның ішінде «Серпін – 2050 Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы бойынша оқып жатқан «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығының 3 курс оқушылары «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-не, «БҚ ТЭК» АҚ-на жолданды. Ал осы жоба бойынша білім алып жатқан «Ветеринария» мамандығының 3 курс оқушылары БҚО Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Бөкей Орда және Казталовка аудандарындағы және ауылдарындағы ветеринариялық станциясына жолданды.

7 қыркүйек күні қаламыздағы мәдени орталықтарды таныстыру және жастарға дәріптеу мақсатында «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығының 1 курс (ЭЛС-911) оқушылары топ тәлімгері С.К. Тасбулатовамен Ж. Молдағалиев атындағы кітапханаға саяхат жасады. 

3  4

11 қыркүйек күні тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес колледжіміздің бірінші курс оқушыларын есірткі және басқа да зиянды заттардың денсаулыққа қауіптілігімен таныстыра отырып, олардан бас тартуға тәрбиелеу мақсатында «Есірткі мен психотроптық заттарды тұтыну қауіпі мен салдары» атты тәрбие сағаты өткізілді. 

5

12 қыркүйек Отбасы мерекесіне орай тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес бірінші курс топтарының арасында «Шаңырағым - шаттығым», «Отбасы-өмір аясы», «Отбасым - өмірімнің айнасы», «Отбасы- мемелекеттің негізгі буыны» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараларға оқушылардың ата-аналары, оқытушылар, колледж психологы қатысты. Шара мақсаты, оқушылардың отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, отбасы құндылықтарын түсіндіру. Сондай-ақ, оқушыларға және ата-аналарына  колледждің ішкі тәртібі, құқықбұзушылықтың және діни экстремизмнің алдын алу жолдары туралы айтылды.

6  7  8

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына орай, "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында15 қыркүйек күні колледж оқытушыларының арасында Киров атындағы саяжайда спорттық шара өткізілді.

9  10  11

21-29 қыркүйек аралығында тілдер күніне байланысты «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбындағы апталыққа іс-шарлар өткізілді. Шара барысында «Ветеринария» мамандығының ВТ-11 тобында «Үштілділік болашағы» атты дебат, ВТ-911 тобында «Туған тілім тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағы, «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығының ЭЛС-911 тобында «Қазақстан болашағы - қазақ тілінде», СТР-11 тобында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», ОПУД-911  тобында  «Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ана тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту, тілдерін дамыту, мәнерлі сөйлету, ой өрісін кеңейту. Туған жеріне құрмет көрсете білуге,ұлт жандылыққа тәрбиелеу.


 
12 13  14

15 16

16  18

23 қыркүйек күні денсаулық күніне орай колледждің 1 курс оқушылары арасында спорттық шара өткізілді, нәтижесінде студенттер әртүрлі жүлделі орынға ие болып, белсенді қатысқаны үшін Дипломдармен марапатталды. 

            20     19

21  22

28 қыркүйек күні «Еңбек күніне» орай ҚР-АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының биология қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Е. Айтуғановтың қатысуымен «Ветеринария» мамандығының 2,3 курс оқушыларымен кездесу өткізілді. Мақсаты: оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып,  жас буын шәкірттердің еңбекке деген ынталарын ояту.

23

29 қыркүйек күні мұғалімдер күніне орай мерекелік шара болып өтті, ол шараға бірінші курс топтарының оқушылары мен топ тәлімгері өз өнерлерін көрсетті. 

24  25  27

27  28