free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

1202000-Тасымалдауды ұйымдастыру

1. Мамандық   атауы:   1202000   «Тасымалдауды   ұйымдастыру  және  көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 1202063- Техник

2. Жақын мамандықтар:
       Қоғамдық   көліктер   жүргізушісі,   көлік  механигі,  орталықтандырылған  бекет операторы,     көліктерге   техникалық  қызмет  көрсету  және  жөндеу  орындарының қызметкері, автомеханик

1

3. Кәсіби қызмет саласы:
       Бұл  мамандықты  бітірген  түлектер  жол  полициясының  жолды бақылау,  көлік апаттарын  зерттеу  бөлімдерінде,   автокөлікпен  жолаушы  тасымалдаушы және жүк тасымалдаушы  мекемелерде,  тиеу-түсіру  жұмыстары  бойынша  қызмет  көрсететін кәсіпорындарда,    қалалық   көліктік,    жаяу   жүргінші,   темір   жол   өткелдеріндегі бағдаршам  белгілеріне  қызмет  көрсету  (монтаждау,  жөндеу)  мекемелерінде,  жол-пайдалану бөлімдерінде және т.б.кәсіпорындарында қызмет атқара алады.

 

4. Мамандық біліктілігі:
   √ Еңбек  құралы  бойынша  кәсіп  түрі:  осы  мамандық  бойынша еңбек құралының  түрі «Адам-адам» болып табылады, әлеуметтік жүйелерді қоғамды, әр түрлі жастағы адамдардың  топтарын,  түрлендіру  осыған  байланысты қызығушылық, танып- білу, қызмет көрсету, қоғамдық, шоғырлану талаптары, әр түрлі жастағы адамдар.
    Мақсаты бойынша кәсіп түрі:ізденістік және түрлендіруші
    Еңбек белгісі бойынша кәсіп түрі: мамандық бойынша автоматтандырылған және автоматты жүйемен байланысты функционалдық еңбек құралдары

3

5. Мамандық сипаты:
       1202000   «Тасымалдауды   ұйымдастыру   және   көліктегі  қозғалысты  басқару» (салалар    бойынша)     мамандығының     оқушылары    колледжде   оқу   барысында: автокөлікпен  жолаушы тасымалдау, жүк тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру, автомобиль  жолдарын  пайдалану,   жол   қозғалысының   қауіпсіздігі,   жылжымалы құрамды   техникалық    пайдалану,    автокөлік    кәсіпорындарындағы    диспечерлік басқару,    әр-түрлі     жүктерді     тасымалдау     кезінде     тиеу-түсіру     жұмыстарын ұйымдастыру бағытында білім алады.

 

6. Мамандық бойынша жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар:
    Назар аударғыштық
    Жақсы жады
    Ұқыптылық
    Жан-жақтылық қабілеті
   √ Қол моторикасы
    Жауапкершілік
    Орындаушылық
   √ Байсалдылық
    Шыдамдылық
    Ойлау қабілетінің жоғарылығы
    Іс-қимылының шапшаңдығы
   √ Қозғалысының үйлесімділігі

 

7. Медициналық шектеулер:
    Қол қимылын шектейтін аурулар
    Саусақтардың үйлесімділігінің бұзылуы
    Психикалық және жүйке аурулары
    Көру және есту сезім мүшелерінің  бұзылуы

 

8. Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар:
Маман:
   - автомобиль  көлігі  бойынша  көліктік-экспедициялық және логистикалық  қызмет негізін;
   - автомобиль көлігі бойынша тасымалдау үрдісінің ақпараттық қамтылуын;
   - ДК жоғары деңгейде қолдануды;
   - метрология, стандарттау және сертификаттау негіздерін;
   - автомобиль көлігі бойынша тасымалдау үрдісінің технологиясын;
   - Қазақстанның көлік жүйесін;
   - жол қозғалысы ережелерін;
   - қозғалыс қауіпсіздігін;
   - автомобильді басқару техникасын;
   - автомобильдер   мен   тіркемелер    құрылғыларын,     олардың    қолданылуы   мен конструктивтік ерекшеліктерін;
   - автомобильдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету технологиясын;
   - автомобиль   көлігінің   жылжымалы  құрамын  жөндеу  және  техникалық  қызмет көрсету бойынша басқару құжаттарын;
   - автомобильдің жай-күйін диагностикалау әдістемесін;
   - өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару негіздерін, экономика негіздерін;
   - еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының ережелері мен нормаларын;
   - мамандық бойынша нормативтік құжаттар мен нұсқауларды білуі  керек.

Маман:
   - автомобиль көлігі бойынша тасымалдау үрдісінің ұйымдастырылуына қатысуды;
   - көліктің қозғалыс кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді;
   - жолаушы  және  жүк  тасымалының  жоспарының  орындалуын  қамтамасыз етуді (жұмыс орнына байланысты);
   - автокөлік   мекемесіндегі  резервтік  жылжымалы  құрамды  анықтау және оларды ұтымды пайдаланды;
   - автомобиль көлігінде сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысуды;
   - автокөлік кәсіпорнының барлық бөлімдерінің қажетті жану-майлау материалдарымен, жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етілуін;
   - диспетчерлік  қызмет  операторларының  жұмысын  басқару, операторлардың жол парақтарын дұрыс толтыруын, оларды беру және қабылдау ретінің дұрыс сақталуын қадағалауды орындай алуы керек.

 

9. Қолданылу аясы
    Жолаушы  және  жүк   көліктерін    пайдалану   қызметтерін   ұйымдастыру   және басқару үрдістері
    Есептік, есеп беру және техникалық құжаттама
    Алғашқы еңбектік ұжымдар

 

10. Еңбек жағдайы
   √ Лизингтік, дилерлік, дистрибьютерлік кәсіпорындар
    Сервистік қызмет көрсету кәсіпорындары
    Көліктік-технологиялық компаниялар
    Көліктік-технологиялық жүйені ақпараттық қамтамасыздандыру кәсіпорындары
    Көліктік қызмет нарығында маркетингілік қызмет көрсету бөлімдері
    Жолаушы мен жүк тасымалдайтын кәсіпорындар мен ұйымдар және т.б.

5

11. Мамандық қауіптері:
    Тұлғалық қарым-қатынастың жан-жақтылығы мен қарқындылығы
    Қызметтік  төтенше  жайттардың  болу  қаупі,   жұмыс  барысында  қызметкерлер өміріне   қауіп   тудыратын   жағдайлардың   орын   алу  мүмкіндігі,   сондай-ақ  жеке адамның іс-әрекетінің басқа қызметкерлерге қауіп тудыру мүмкіндігі

 

12. Мамандыққа қажет кәсіби білім:
       1202063 «Техник» біліктілігін алу үшін, 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)» мамандығы бойынша кәсіптік білімі болуы қажет.

 

13.Карьерлік даму:
       Логистика саласы бойынша жоғары мансапқа жету үшін жоғары білімі болуы тиіс, әрі қарай тәжірибе жинақтау және өздерінің кәсіби біліктілігін арттыру барысында  жеке кәсіппен айналысуға (автокөлікпен жүк және жолаушы тасымалын ұйымдастыру) болады. Барсқарушы қызметте даму мүмкіндігі бар, бұл жағдайда менеджмент саласы бойынша білімін жетілдіру қажет.

гис-технологии
ткани для вышивания