free templates joomla

қазан, 2016

2016 жылдың 7 казанында Ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті.

wketc 2016.10 01   wketc 2016.10 02

        Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастарға білім мен тәрбие беруге қосқан зор еңбектері үшін бөлім оқытушылары Махметова Ш.У., Мукатаева А.М., Сагатова Г.А., Усманов Е.Г., Сагнгалиева Ж.Е., Максутова Д.Х., Утеева Т.Н., Джубанышева Г.Х., Кдирбаев М.М., Альжанова Ж.И. алғыс хатпен марапатталды және бірқатар оқытушылар қаржылай сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар М.А. Айешев, Г.Т. Рахматуллина, А.М. Разакова, В.П. Матвеев ҚР ТжКБ-ді дамыту ісіне қосқан үлестері үшін «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ бас директорының Алғыс хатымен марапатталды.

wketc 2016.10 03   wketc 2016.10 04

        Үстіміздегі жылдың. 8 қазан күні Колледжде денсаулық күні атап өтілді. Мақсаты: Оқушыллар арсында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту. Нәтижесінде ұпай санымен 1 орынды ЭЛС-11 тобы, ЭНГМ-911 тобы екінші орынды және үшінші орынды ОПУД-11 тобы иеленді.

wketc 2016.10 05   wketc 2016.10 06

 

СЕРПІНДІКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

 

       20 қазан күні «Серпін-2050» бағдарламасы аясында оқитын   оқушылармен еңбек ардагері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР ғылымдары академиясының ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ Бозымовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қ.Қ. Бозымов өзінің өмір жолынан мысалдар келе отырып тәрбие жөнінде әңгімеледп, білімнің және ғылымның маңыздылығына тоқталып өзара сұхбат жүргізілді.

wketc 2016.10 07   wketc 2016.10 08

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ

 

       Орал қаласының орталық саябақта колледж оқытушылар арасында спорттық жарыс, өзен жағасында демалыс ұйымдастырылды;

 

wketc 2016.10 09

 

wketc 2016.10 10   wketc 2016.10 11

 

«Бірінші-курс байқауы-2016» колледжішілік байқауы

 

      2016 жылдың 21 қазан күні  Батыс  Қазақстан  инженерлік-технологиялық  колледжінде оқушыларды мәдениеттілікке, тәрбиелі болуға ұмтылдыру,талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында дәстүрлі «Бірінші курс байқауы-2016» бөлімаралық сайысы өткізілді.Сайыс 8 аталым түрі бойынша өткізіліп, колледждегі әр бөлім 1-курс оқушылары өзара сайысқа түсті. Сайыс нәтижесінде Мұнай газ және стандарттау бөлімінің 1-курс оқушылары 1-орынды иеленсе, 2-орынға Экономика және гуманитарлық пәндер бөлімінің 1-курс оқушылары қол жеткізіп, 3-орын Техникалық бөлім оқушыларына бұйырды.

wketc 2016.10 12   wketc 2016.10 13

 

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі оқушыларының М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры, тарих ғылымдарының докторы, А.С. Тасмағамбетовпен кездесуі

 

     Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының іс-жоспарына сәйкес жастармен кездесулер кезінде Қазақстан Республикасының 25 жылдық Тәуелсіздігі кезінде жеткен жетістіктері жөнінде баяндайтын сөйлеушілердің мобильды тобы құрылып, 2016 жылдың 26 қазан күні Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде жастарға Қазақстан Республикасының 25 жылдық Тәуелсіздігі кезінде жеткен жетістіктері жөнінде баяндау, жастардың пікірлерін тыңдау мақсатында облыс бойынша құрылған мобильді топтың мүшесі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторы Тасмағамбетов Әсет Сембайұлымен колледж оқушыларының кездесуі өткізілді. Кездесуге колледждің белсенді 130 оқушысы қатысып, оқушылар кездесуден жақсы әсер алғандықтарын айтты. Шара барысында оқушылар мобилді топ мүшесіне сұрақтарын қойып, алғыс айтып, игі тілектерін білдірді.

wketc 2016.10 14   wketc 2016.10 15

       «ХХІ ғасыр мұғалімі» атты мұғалімдер жобасына белсенді қатысқаны ұшін тарих пәнінің оқытушысы Л.А.Канаткалиева Алғыс хатқа ие болды.

wketc 2016.10 16

 

     Бөлім оқытушысы Г.А.Аймурзина «Мектеп ұстаздарының әлемі» атты Республикалық педагогикалық журналының тұрақты оқырманы әрі автор ретінде басылымның дамуына үлес қосқаны үшін редақция атынан Алғыс хатқа ие болды.

wketc 2016.10 17

 

        UCHITELYA.KZ сайтында «ХХІ ғасыр мұғалімі» атты «Қазақстан тарихы» пәнінен қашықтықтан өткізілген олиампиадасына колледж оқушысы Маратова Диана қатысып І орынға ие болды (жетекшісі – Л.А.Канаткалиева).  

wketc 2016.10 18   wketc 2016.10 19

гис-технологии
ткани для вышивания