free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

0902000-Электрмен қамтамасыз ету

1. Мамандық атауы: 0902000 - «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0902043 – Техник-электрик

2. Ұқсас мамандықтар:
       Техник - жолшы,  инженер-электрик,  электромонтер, реттеу мен сынақтан өткізу технигі, байланыс қызметкері.

 

 3. Кәсіби қызмет саласы:

       Электриктер   электр   жүйесін,   электр   аппараттарын,   құрылғыларын  жөндеу, жаңарту    аймағында,     атап    айтсақ:     электрстанцияларда,     радио – телестанция саласында,  өндірістік  кәсіпорындарда,  құрылыс  компанияларында,  кез - келген  ірі мекемелерде жұмыс жасайды

2

4. Мамандықтың жіктелімі:
   - Еңбек түрі - Бақылау
   - Кәсіптік бағдар - «Адам-Техника»
   - Қызмет ауқымы – Барлық салада

   

5. Мамандық сипаты:
       Электрик  –  бұл  электротехника  саласында  еңбек  ететін  маман.   Электриктер электр  жабдықтары  мен  қызмет көрсетуші құрылғылардың сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз   ете   отырып,    жаңа   электр  желілерін   жүргізеді.   Қызмет  көрсетуші құрылғыларға   жоспарлы - ескертілген   жөндеу  жұмыстарын  жүргізіп,   бұзылудың себептерін анықтайды, олардың ескертуімен шара қолданылады. Техникалық қызмет көрсетуіне    сәйкес   дұрыс   әрі   сапалы   жөндеу   жұмыстарын   жүргізеді.   Жұмыс барысында құрылғының  ақауларын жоя отырып, жөндеу, жаңарту және бірқалыпты  жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

3

6. Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар:  Электриктер  жоғарғы кернеуде    жұмыс    жасауына    байланысты:    жауаптылық,    ұқыптылық,    сақтық,  сенімділік  маңызды қасиеттері болып табылады.

 

7. Медициналық шектеулер:
   - Есту, көру, иіс сезу, түсті сезу қабілетінің төмен болуы
   - Тері аурулары
   - Орталық ми жүйесінің органикалық аурулары
   - Ішкі ағзалар аурулары
   -  Вегетативтік әрекетсіздік

 

8. Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар:
Техник – электрик маманы:
   - электромонтаждау сұлбасын;
   - бөлшектерді және түйіндерді қарапайым электромонтаждау сұлбасын;
   - электрлік аспаптарды қосу және айыру ережесін;
   - электр құрылғыларының жұмыс принципі мен техникалық параметрлерін тағайындауды;
   - электр құрылғыларын жаңарту және қайта құрау құралдарын ыңғайластыруды;
   - жұмыстан шығарылған құралдардың жұмысқа қабілеттілік және жөндеуге жарамдылығын анықтауды;
   - жөндеу жұмыстарын орындайтын қызметкер үшін қауіптің пайда болу себебі мен жою тәсілдерін;
   - мерекелік шаралар өткізу үшін электрмен қамтамасыз ету құралдарымен жабдықтарды қалпына келтіруді;
   - электр жабдықтарын қолдану алдында  құралдармен аппаратура және өлшеу әдістеріне  қызмет көрсетуге бейімдеуді білуі тиіс.

Техник – электрик  маманы:
   - Электр жабдықтарының техникалық жағдайын бағалау мен бүліну белгілерін және тексеруді орындауда еңбекке қабілеттілігін қадағалауды;
   - Электр станциялары мен желілердің электр жабдықтарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді;
   - Электр жабдықтарын құрастыру және бөлшектеу жұмыстарын орындауды;
   - Электр жабдықтарын жөндеу және оған тексеру жүргізуді;
   - Тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыруды қалпына келтіруді;
   - Жөндеу жұмысының сапасына тексеріс жүргізуді;
   - Жөндеуден кейінгі электр жабдықтарын сынақтан өткізуді істей білуі керек.

 

9. Қолданылу аясы:
       Мамандық - құрылыс   мекемелерінде,    электр   көліктерінде,   ірі    фермаларда, өнеркәсіптік  кәсіпорындарда  жоғары сұранысқа ие,  атап айтсақ, кеңселік кешендер, мектептер  мен  ЖОО,  ірі  сауда  орталықтары  және  т.б. Осы мекемелер орналасқан ғимараттардың  ішкі  электр  желілерінің  қызмет  көрсетуі  мен  жөндеу  жұмыстары үшін штаттық жеке электриктермен қамтамасыз етіледі.

 

10.Еңбек жағдайы:
       Электриктер  кез-келген  ауа-райы  жағдайында  әуе  желілерінде,  ғимараттарда,  салынып   жатқан   обьектілерде    электр    желісін    жүргізіп,     цехта    өнеркәсіптік жабдықтарын,         әуежайлардың       жанындағы       ұшақ      ангарында      ұшақтың қозғалтқыштарын    жинайды.     Жоғары   кернеуде   жұмыс   жасауына   байланысты электриктің жұмысы қауіпті.

 

11. Кәіби тәуекелдер:
       Электриктің  қателігінен  қысқа  тұйықталу орын  алып,   өрт,   электрлік жарақат секілді   ауыр   жағдайлар   орын   алуы   мүмкін.   Сондықтан  да  мамандық   жоғары жауапкершілікті талап етеді.

 

12. Қажетті кәсіби білім:
       0902043   «Техник - электрик»    біліктілігін    алу    үшін,    0902000   «Электрмен қамтамасыз  ету  (салалар   бойынша)»  мамандығы  бойынша  кәсіптік  білімі  болуы қажет.

 

13. Мансаптық өсу:
       Мансаптық өсуді жоспарлағанда біліктілікті арттыру қажет,  нәтижесінде жоғары кернеуде   қызмет   көрсетуге   арналған   электр  қондырғыларымен  жұмыс  жасауға болады. Дегенмен, кәсіби деңгейде өсу үшін жоғары техникалық білім алу қажет.

гис-технологии
ткани для вышивания