free templates joomla

Материалы

сәуір, 2016

        Сәуір айының 4-і күні техникалық бөлімінің ЭЛС-22 топ оқушысы Қадер Еламан Karachaganak Petroleum Opereiting B.M. компаниясында 09.03-02.04.16 күндері аралығында өндірістік тәлімдемеден өткені туралы қорытынды есеп берді. Компанияның басшылығымен оқушының білімі мен біліктілігі жоғары бағаланып, оң мінездеме берілді.

 

1   2

 

         5-ші сәуір күні техникалық бөлімнің ЭЛС-932 тобы 11.04-17.06.2016 аралығында болатын оқу-өндірістік практикасы бойынша бірінші қауіпсіздік нұсқамасынан өтті. Практика жетекшісі оқушыларды практика бағдарламасымен, қауіпсіздік ережелерімен және де практика барысында құжаттарды толтыру тәртібімен таныстырды.

 

3   4

5

 

      Сәуір айының 6 күні техникалық бөлімнің оқытушысы А.К. Булатованың «Математика пәнінен дәрістер жинағы» әдістемелік құралы баспадан шықты.

 

6   7

 

   Сәуір айының 7 жұлдызында Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университеті «Көлік, энергетика және құрылыс» кафедрасы ұйымдастырған «AutoCad бағдарламасында 3d моделін құрастыру» тақырыбындағы конкурсқа қатысты.

 

8   910

 

«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» колледжішілік  байқауы

 11   12   13

       Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушыларының  ұйымдастыруымен 2016 жылдың 22 сәуірде  колледжінің базасында оқушылар арасында «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты көркем сөз байқауы оздырылды. Байқау жеңімпаздары Дипломдармен марапатталды.

Осы байқауда ВТ -911 тобының оқушысы Қазиоллаұлы Меңдіғали  байқау жеңімпазы атанды.

 

       Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық жастар арасында «Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта! Ел болашағы – жастар!» атты шығармашылық байқауының «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

14      1516   17

 

 

       Сәуір айының 12 жұлдызында ТПНГ-11 тобы оқу тәжірибесі кезінде «KCG» ЖШС –не экскурсияға барып, мекеме жұмысымен танысты.

18

 

 

 

       Сәуір айының 15  жұлдызында ЭНГМ-11 тобында мұнай-газ пәндерінің оқытушысы Н.М Жумагалиева «Мұнай мен газ қорының классификациясы, жалпы мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабаққа аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясының мүшелері қатысты

19

 

       15 сәуір күні  ТПНГ-11 тобында «Отан қорғау - басты міндет» атты ашық тәрбие сағаты  өткізілді.

20

 

      25.04.16 ж. техникалық бөлімнің «Техник» үйірмесінің жетекшісі Д.А. Кунакбаева үйірме мүшелерімен бірге автомобиль кузовының түрлі конструкцияларымен танысып, оларды жетілдіру және оптимизациялау мақсатында сызу және есептеу жұмыстары бойынша ашық үйірме сағатын өткізді.

21      22   23

 

       2016 жылдың  26 сәуірінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе; уақыт талабы» тақырыбындағы Екінші Республикалық Педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінде «Техникалық және кәсіби білім беру» секциясына қатысқаны үшін С.А.Жумашева қатысушы куәлігіне ие болды.

24

 

       Сәуір айының 28 күні Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған математикалық регатаға, математика пәнінің оқытушысы Ж.Х. Айткалиеваның жетекшілігімен техникалық бөлімнің ЭЛС-911 тобы қатысып, «Ең тапқыр топ» номинациясын иеленді.

25   26

27

 

 

      Сәуір айының 29 жұлдызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті базасында өткен «Қазақстандықтар болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға колледж оқытушылары Н.М. Жумагалиева, А.М Тулешкалиева, А.Н. Жумашева қатысты

1.jpg

 

        Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында өткізілген «Мәнерлеп сөйлеу – мәдениеттілік мәйегі» атты Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін Жайлыбаева Гүбақыт Алғыс хатқа ие болды.

2.jpg   3.jpg

Уральск ул. Достык 215

Сертификаты
международной
аккредитации
колледжа

 

wketc_sert_0.jpg

wketc_sert_1.jpg

wketc_sert_2.jpg

wketc_sert_3.jpg

Рейтинг колледжа

10.2017 sertificat
10.2017 diplom
wketc_sert_4.jpg