04.02.2017ж. күні «Экология және биотехнология» бөлімінің оқытушылары Г.Т. Джубанышева және Э.К. Каримова № 44 және № 47 жалпы орта білім беретін мектептерге ВТ-31, РХ-31 және ВТ - 21 топ оқушыларымен бірге барды. Ондағы 9, 10, 11, сыныптарға кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында мерекелік шара өткізді. Мектеп оқушылары мен топ жетекшілері колледжде оқытылатын мамандықтар мен колледждің жеткен жетістіктері туралы ақпарат алды. Оқушылар қызығушылық танытып, жылы қабылдады.
06.02-11.02.2017ж. аралығында «Синий кит», «Тихий дом» деп аталатын ойындардан қауіпсіздендіру мақсатында ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды. «Семейные ценности», «Сенің өмірің-сенің қолыңда!», «Өмір қымбатсың маған!» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
2017 жылдың 17 ақпанында арнайы құқық пәндер оқытушысы Хасанова М.Д. ПВ-931 және УА-931 топтар арасында «Заңды білу-заман талабы» атты сабақтан тыс шара өткізді
17.02.17 күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агаралық-техникалық универстетінің магистаранттарымен инженер – мұнайшылар қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Oil empire» интеллектуалдық ойынына «Мұнайшылар» үйірмесінің мүшелері Өтеулі Шерхан, Бодан Ақерке, Садықов Нурбақыт қатысып жүлделі 1 орынды иеленді
20.02-24.02.2017ж. аралығында бөлімдердін оқытушылары жас оқытушылар апталығы аясында ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар өткізді.
25.02.17 күні қалалық мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. «Мамандығым – өмір жолым» тақырыбында кездесулер өткізіп, мамандықтар бойынша ақпарат берілді.