free templates joomla

Кітапхана

КІТАПХАНА

 

        Батыс-Қазақстан инженерлік-технологиялық колледж кітапханасы 566,6 м² (61,5 м² - кітап сақтайтын бөлім) құрайтын көлемде  орналасқан, 70 орындық  1 оқу залы және интернетке қосылған 5 компьютермен жабдықталған 1 электрондық оқу залы, 1 абонемент бөлімі бар. Кітапхана оқу процессіне қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, ғылыми әдебиеттермен және ақпараттық материалдармен толық қамтамасыз етілген.

   Кітапханада «КАБИС» бағдарламасында электронды каталог, мақалалардың электронды картотекасы бар. Кітапхана қоры электронды оқулықтармен толығуда.

      Жыл сайын колледж бойынша 74 атау Республикалық, облыстық, қалалық және Ресейдің мерзімді басылымдарына жазылу ұйымдастырылады.

     Кітапхананың оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры 67746 дана құрайды, оның ішінде 64458 данасы оқулықтар мен оқу құралдары.

        Сондай-ақ екі жақтық келісім-шарт негізінде қосымша Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханасы мен Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университет кітапханасы  сондай-ақ Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Батыс Қазақстан облыстық филиалы  кітапханасы қорларын қолдануға мүмкіндік бар.

      Кітапхана   қорындағы   электронды   және   магнитті  тасымалдағыштардағы әдебиеттер саны -1762 дана.

       Қолданушылардың мәзіріне: көшірме-көбейткіш аппараты Xerox –5915,  сканер «Mustek 1200 CP», мини типография «XeroxWorkCentre 5665 PS», 1 мультимедиялық проектор бар.

 

Кітапхана

1   23

гис-технологии
ткани для вышивания