Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Бағыт - бағдар

ЖОҒАРЫ  ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

БҮГІНГІ САПАЛЫ БІЛІМ - ЕРТЕҢГІ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК

Мемлекеттік лицензия № KZ56LAA00017526

МИССИЯ: «Инновациялық оқыту әдістерін қолдану - сұранысқа ие мамандарды дайындау негізі»

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі қазіргі таңда еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлайтын облысымыздағы алдыңғы қатарлы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.      

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, 2000 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде негізі қаланды. Колледж 2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінен бөлініп шығып, «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» ретінде дербес қызмет атқарды, қазіргі таңда «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі болып табылады.    

Колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 16 мамандық бойынша мамандар даярлайды, сонымен қатар білім алушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді және білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен  жоғары білікті,  оқытушылар қызмет атқарады.

Бүгінде Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, мамандар даярлау сапасының талаптарын көтеру арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында теориялық оқытуды өндіріспен ұштастыра  отырып, 6 мамандық бойынша дуалды оқыту жүйесін енгізіп, білім алушылардың кәсіби өзін-өзі дамытуына, теориялық білімдерін тәжірибиемен бекітіп, жетілдіруіне мүмкіндіктер жасап келеді. 5 мамандық бойынша модульдық оқыту енгізілді, 2 мамандық бойынша қолданбалы бакалавр даярлауға экспериментальды алаң мәртебесін алды.

Колледжде ақылы және мемлекеттік грант негізінде күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша оқушылар білім алады.

            Колледж қазіргі таңда еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлайтын облысымыздағы алдыңғы қатарлы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.

 

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі 2021-2022 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша талапкерлерді қабылдайды:

 

04210100  Құқықтану

04110100  Есеп және аудит (салалар бойынша)

06130100  Бағдарламалық қамтамасыз ету(түрлері бойынша)

07130200  Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

07161300  Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

10410300  Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

07880100  Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

07240900  Мұнай және газ - кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

07110500  Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

08410100  Ветеринария

08110700  Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

07320600  Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау

07210200  Сүт өнімдерінің өндірісі

07210100  Ет және ет өнімдерінің өндірісі  (түрлері бойынша)

07161600  Ауыл шаруашылығын механикаландыру

07150100  Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

 

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:

  • өтініш;
  • білімі жөніндегі құжаттың түпнұсқасы;
  • 3х4 көлеміндегі 4 дана фотосурет;
  • медициналық анықтама (075-у үлгісі),
  • жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі;

 

Өтінішті қабылдау мерзімі:

Мемлекеттік тапсырыс бойынша

  • 9 сынып негізінде 25 маусымнан 18 тамыз аралығында
  • 11 сынып негізінде 25 маусымнан 20 тамыз аралығында

Ақылы негізінде

  • күндізгі бөлім үшін 25 маусымнан 25 тамыз аралығы;
  • сырттай бөлім үшін 25 маусымнан 20 қыркүйек аралығы

 

 

Оқу үшін жасалған жағдайлар:

  • Мемлекеттік білім гранттары
  • Шәкіртақы
  • Жатақхана
  • Серіктестік (дуальдық) оқыту
  • Әлеуметтік төлемдер
  • Бір диплом – 2, 3 біліктілік
  • ЖОО-мен біріктірілген оқу бағдарламасы

 

Колледжге қабылдау аттестаттың міндетті және бейіндік пәндерінің орташа  балы негізінде жүзеге асырылады.

Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 215

тел/факс: (7112) 51-35-31, ұял.тел.: 8 702 830 26 16

wketc.kz                         WWW.wketc.kz

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

Гулсара:
10:28, 24.06.2021
После 9 кл учеба платная и есть вступительные экзамены?
Ответить>