free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

Оқу-тәрбие үрдісі

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде
Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!»
әлеуметтік жобасы негізінде білім алушлармен жүргізілетін  оқу-тәрбие үрдісі
туралы мәлімет

          Бүгінгі елдің ертеңі жастарға байланысты десек, жастарды оқытумен тәрбиелеуде оқу орнының алар орны ерекше. Бүгінгі студент жастар  –  кешегі мектеп оқушылары, ал ертеңгі мемлекет басқарудың тұтқасын өз қолдарына алатын болашақ мамандар. Сондықтан болашақта білікті бәсекеге қабілетті маман даярлау – өте күрделі және өте жауапкершілігі мол іс-әрекет. Оқушы тек сапалы білім ғана емес, сонымен бірге жоғары деңгейдегі саналы тәрбие үлгілерін де оқу орны қабырғасынан көреді.

Арнаулы орта оқу орындарын да оқу-тәрбие жұмысы – кәсіби бағдар беру, кәсіпке бейімдеу, кәсіптің қыр-сырына үңілдіру арқылы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып болашақ маманның базалық (тірек) мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

        Бүгінде Батыс Қазақстан облысында осындай студент жастарға әрдайым қолдау көрсетіп, бүгінгі күн талабына сай, бәсекеге қабілетті маман даярлап келе жатқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі – Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде де тәрбие жұмысы бір жолға қойылып, жүйелі түрде іске асырылып келеді.

     Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылы Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы қолға алынып еліміздің Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау облыстарының жоғары және арнаулы орта оқу орындарына талапкерлер оқуға қабылданған болатын.

     Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасының негізгі міндеттерінің бірі - жастардың техникалыө-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу болып табылады.

    Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі аталған жоба негізінде өткен 2014-2015 оқу жылы Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы негізінде 2 мамандық (Ветеринария-20 және Балық шаруашылығы-25) бойынша 45 талапкерді Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан оқуға  қабылдаса 2015-2016 оқу жылы колледжге  4 мамандық бойынша 100 талапкер (Ветеринария-25, Мұнай және газ кен орындарын пайдалану - 25, Электрмен қамтамасыз ету – 25, Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану - 25) 2016-2017 оқу жылы 3 мамандық бойынша 75 талапкер (Электрмен қамтамасыз ету – 25, Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару – 25, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету-25) оқуға қабылданды.

         Жоба аясында бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында колледжде «Ветеринария» және «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алушы жоба қатысушылары, бүгінде оқытудың заманауи үлгісі саналатын дуалды оқыту жүйесі негізінде білім алуда.

         Қазіргі таңда колледжде апалы біліммен қатар саналы тәрбие беру ісі де бір жолға қойылған. Мәселен, жоба қатысушылары оқуға қабылданғаннан бері колледжішілік және облыстық ұйымдастырылған мәдени қоғамдық шараларға жиі қатыстырылып, олардың жан-жақты дамуына, үлкен мүмкіндіктер жасалып келеді.

        Сондықтан «Серпін-2050» жобасының мақсаты елімізге қажетті бәсекеге қабілетті мамандар даярлап шығу болса, бұл жолда жоба қатысушылары талпыныспен еңбектеніп, білім алып, алдыңғы қатарлардан көрініп келеді.

        Колледжде жоба қатысушыларының демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуі үшін колледжде барлық жағдай жасалған. Колледждегі студент жастардың бос уақыттарын мазмұнды өткізу үшін жоспарлы мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылып келеді. Мысалы, колледжде дәстүрлі «Бірінші курс байқауы», «Жігіт сұлтаны»,  «Колледж аруы», өнер фестивальдері, кездесу кештері, дәстүрлі спартакиадалар т.б. студенттердің ең асыға күтетін шаралары өткізіліп отырады. Сондай-ақ колледждің кiтапхана қоры талапқа сай қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Сабақтан тыс уақытта студенттер көбіне уақытын кітапханада өткізіп, басқа уақыттарда театрға, музейге, басқа да мәдени орындарға барып отырады.

Колледжде студенттердің өзін-өзі басқаруы жүйелі жолға қойылған. Мәселен, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы, колледж жанындағы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі –  студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін және студенттердің бос уақытта спорттық және мәдени әрекеттермен қамтамасыз етуін, студенттерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету шараларымен айналысады. Сонымен қатар колледждің белсенді оқушыларымен, «Серпін-2050» жоба қатысушыларынан құралған «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық деңгейде көптеген іс-шараларды жүзеге асырып, облысымыздағы ең белсенді ұйымдардың бірі саналады. Осы белсенді жұмыстың нәтижесінде «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысы жастар сыйлығы байқауының «Үздік жастар ұйымы» аталымы бойынша  жеңімпаз болып, 2014 жылдың үздігі атанып, бүгінде облысымыздың белсенді жастар ұйымдарының бірі саналады.

        Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі –  тәрбие болып табылады. Осы тәрбиені болашақ оқушы жастардың бойына сіңіру, олардың тұлға болып қалыптасуына, жақсы маман иесі болып шығуына пайдалану болашағымызға деген жарқын жол болмақ. Ендеше, арнайы бағдарламамен келіп, өңірімізде білім алып жатырған серпіндіктер сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алып, нұрлы болашаққа сара жол салып, елдің үкілеген үмітін ақтайтын болады.

 

   

   

      

      

   

   

   

гис-технологии
ткани для вышивания