free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

Мамандықтарға сипаттама (техникалық бөлім)

Техникалық бөлім мамандықтары

 

1510000 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

 

       Біліктілігі: 1510043– Техник - механик.

       Оқыту мерзімі:

       Негізгі орта білім  базасында – 3 жыл 10 ай;

       Жалпы орта білім  базасында – 2 жыл 10 ай.

       Дайындау бағыты: 1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі, ұйымдастыру және күйін анықтау технологиясы, техникалық қызмет көрсету, жөндеу машина-трактор паркің сақтау, автокөлік және мал шаруашылық фермасының жабдықтарын ұйымдастыратын білікті жұмысшылар, қызметкерлер және орта буынды мамандарды дайындайды.

       Кәсіптік қызмет объектісі:

  •  - Машиналық технологиясы және өндіріс үшін машина жүйесі, сақтау жәнеөсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдау
  •  - Технология және техникалық қызмет көрсету құралдары, машинаның күйін анықтау және жөндеу
  •  - Машинасы, аспабы және машина сынау станциясы және техникалық қызмет мекемесінің жабдықтары
  •        Қызмет түрлері:
  •  - Машиналарды, механизімдерді, қондырғыларды, құрылғыларды жұмысқа дайындау, құрама бөлшектерді жинақтау;
  •  - Ауыл шаруашылық техникаларын пайдалану;
  •  - Ауыл шаруашылық машиналары мен механизімдерінің жарамсыздығына техникалық қызмет көрсету және диагностикалау; жеке бөлшектер мен түйіндерді жөндеу;
  •  - Ауыл шаруашылық мекемелерінің машина-трактор паркі қызметін ұйымдастыруды басқаруын қамтамасыз ету;
  •        «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының түлектері техник-механик ретінде жұмыс жасай алады:
  •  - Ауылшаруашылық, автокөлік, жөндеу,өңдеуші мекемеде әр түрлі меншік формасында.
  •  - Конструкторлық-технологиялық және ғылыми ұйымдарында
  •  - Техника өндірушілер зауытының фирмалық, қызмет көрсету және дилерлік орталықтарында
  •  - Материальдық-техникалық қамтамасызету жүйесінде
  •  - Пайдалануға қажетті автотракторлық, ауыл шаруашылық және өндеуші техникасы, қосалқы бөлшектер, құрағыш өнімдер және материалдар көтерме және бөлшек саудасында

 

1202000 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару(салалар бойынша)»

 

Біліктілігі: 1202063– Техник.

Оқыту мерзімі:

Негізгі орта білім  базасында – 3 жыл 10 ай;

Жалпы орта білім  базасында – 2 жыл 10 ай.

       Дайындау бағыттары: «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)» мамандығының дайындау бағыты, адам қызметінің әр түрлі саласында автомобильмен жолаушы тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру, автомобиль жолдарын пайдалану, жол қозғалысының қауіпсіздігі, автомобиль көлігі  мекемелерінде диспечерлік басқару қызметін ұйымдастыру, әр түрлі жүктерді тиеу – түсіру жұмыстарын механикаландыруды ұйымдастыру саласында білім және тәжірибе алады.

       Кәсіби қызметінің нысандары: жылжымалы құрам сипаттамасы мен құрылымы, көше –жол желісіндегі жол қозғалысын ұйымдастыруда  әр түрлі практикалық шараларды  ұйымдастырудың негіздерін, жылжымалы құрамның қозғалысын  диспечерлік басқару, дайындығын тексеру, әр түрлі жол жағдайларында көлік құралдарын қауіпсіз басқару, жол- көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық қызмет көрсету жөнінде білім алулары қарастырылады. Аталған мамандық бойынша оқу барысында оқушылардың алған теориялық білімдерін  практикада жетілдіру қарастылылған.

       «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару(салалар бойынша)» мамандығының түлектері жұмыс жасай алады:

       Жол полициясында, жолды бақылау, жол-көлік оқиғаларын зерттеу, көлік құралын сертификаттау бөлімдерінде, жолаушы тасымалы бойынша автокөлік кәсіпорындарында, жүк тасымалын ұйымдастыру бойынша автокөлік кәсіпорындарында, автокөлік жолдарына жөндеу жүргізетін ұйымдарға, тиеу – түсіру операциялары бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындарға т.б. мекемелерде қызмет атқаруға болады.

  

1014000 - «Машина жасау технологиясы»

 

Біліктілігі: 1014023 – Техник механик.

Оқыту мерзімі:

Негізгі орта білім  базасында – 3 жыл 10 ай;

Жалпы орта білім  базасында – 2 жыл 10 ай.

       Дайындау бағыты:1014000 - «Машина жасау технологиясы» - басқа салалардың даму мүмкіндігін анықтайтын, халық шаруашылығының негізгі саласы болып табылады. Машина жасау өнеркәсібін дамыту қоғам әл-ауқатының өсуіне негізгі септігін тигізеді. Барлық машина жасау салалары және де басқа өмір тіршілігінің аймағы машина жасау профиліндегі мамандарға үлкен сұраныста.

       XXI ғасырдың машина жасау технологиясы – бұл жаңа бөлшектер мен машиналарды берілген сапада өндіруде компьютерлік техникаларды және автоматты жобалаудағы компьютерлік жүйені қолдану негізінде машина жасау кезіндегі негізгі заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым.

       Машина жасау технологтарының кәсіби қызметінің нысандары:

       Машина жасау өндірісінің нысандары, технологиялық жабдықтар, құрал-саймандар техникасы, автоматтандыру жүйесі; өндірістік және технологиялық үрдістер, олардың өңделуі және жаңа технологияларды игеру; технологиялық жүйелерді ақпараттық, метрологиялық, күй анықтау құралдарымен қамтамасыз ету; машина жасау бұйымдарының нормативтік - техникалық құралдары, стандарттау және сертификаттау жүйелері, сынау тәсілдері құралдары және сапаны бақылау.

       Қызмет түрлері:

 - бұйымды станоктарда өңдеу үрдісін басқаратын заманауи сандық басқару бағдарламасын енгізу;

  •  - бөлшекерді механикалық өңдеу үрдісін сандық басқару бағдарламасы бар металлөңдеу станоктарында жүргізу;
  •  - өндіріс орны жұмысын және басқаруындағы қызмет персоналының жұмысын ұйымдастыру;
  •  - металлөңдеу станоктарын жөндеу және қызмет көресту бойынша жұмыс жүргізу және техникалық жетекшілік ету;
  •  - жөндеудің прогрессивті әдісін еңгізу, жабдықтардың тұруын қысқарту және станоктардың қызмет мерзімін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру;
  •  - жөндеу құжаттарын және жөндеуге қажет смета дайындау;
  •  - қауіпсіз жұмысты жүргізуді қамтамасыз ету және қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
  •        «1014000 - «Машина жасау технологиясы» мамандығы түлектерінің қызмет саласы: 
  •  - бөлімде өндірісті ұйымдастыру- бөлім шебері (механикалық, механикалық-жинақтау, ошақты-пісіру және т.б. бөлімдер);
  •  - машина жасау өндірісі бұйымдарын техникалық бақылауды ұйымдастыру – техникалық бақылау бөлімшесінің бақылаушы-шебері;
  •  - өндірістің техникалық дайындығын ұйымдастыру (бұйымды дайындауда технологиялық құжаттама құру)- цех немесе кәсіпорынның бас технолог бөлімшесінің технологы;
  •  - конструкторлық қызмет (құрылғылар мен машиналардың, технологиялық жабдықтардың, құралдардың бөлшектері мен түйіндерінің конструкциясын құру)- техник-конструкторшы.
  •  

1201000 - «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

       Біліктілігі: 1201123– Техник - механик, оқытутілі: мемлекеттік, орыс.

       Оқытумерзімі:

       Негізгі орта білім  базасында – 3 жыл 10 ай;

       Жалпы орта білім  базасында – 2 жыл 10 ай.

 

       Дайындау бағыты: 1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»транспорттық құралдарды  пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарың басқару, бақылау, ұйымдастыру білікті жұмысшыларды, қызметкерлерді және орта буынды мамандарды дайындайды.

 

       «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» қызығушылық танытатын және қызықты мамандықты алғысы келетін, мамандықтар арасында басылымды бәсекені қамтамасыз ететін, қазіргі автокөлік нарығының даму жағдайында адамдар үшін бірде-бір тартымды мамандық.

 

       Кәсіптік қызмет объектісі

 

  •  - Автотранспорттық құралдар
  •  - Техникалық документация
  •  - Автотранспорттық құралдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу арналған технологиялық жабдықтар
  •  - Алғашқы еңбек ұжымы
  •        Қызмет түрлері:
    •  - Әр түрлі денгейдегі білім мекемелерінде кәсіби оқыту оқытушысы;
    •  - Автокөлік мекемелерін ұйымдастыру және басқару менеджер саласында;
    •  - Автокөлік жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманы;
    •  - Әр түрлі меншік формасындағы бизнес үшін кажетті инженерлік-техникалық жұмысшы.
    •        1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының түлектері техник-механик ретінде жұмыс жасай алады:

      •  - Жөндеу және автокөлік заводында;
      •  - Автокөлік және жөндеу заводының фирмалық и диллерлікорталықтарында;
      •  - Технологиялық қызмет көрсету станциясында;
      •  - Автокөлік, автожөндеужәне автосервис мекемесінде

 

 

 

 

1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»

       Біліктілігі: 1304043– Техник бағдарламашы, оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.

       Оқыту мерзімі:

       Негізгі орта білім  базасында – 3 жыл 10 ай;

       Жалпы орта білім  базасында – 2 жыл 10 ай.

       «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  (түрлері  бойынша)» дайындығының бағыты адам қызметінің әр түрлі саласында ақпаратты қолдану мен түрлендіру, сақтау мен жинақтау, ізденуге байланысты ақпараттық технологиялар сұрақтарымен айналысады. Ақпараттық технологияларды меңгеру қазіргі уақыт нормасы.  Аталған бағыт аясында кәсіптік бағдарламашыларды, қолданбалы бағдарламалық қамтамысыз ету мен жүйелік әзірлеушілерді дайындау іске асады. Мамандық түлектерін дайындаудың сұранысы өте жоғары  - көп жылдан бері бұл сұраныс күн тәртібінен түспеді. Түлектер жетекші ИТ-компанияларда жұмыс істейді.

       Қызмет түрлері:

       Деректер базасына қызмет көрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;  

       Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;

       Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.

       «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының түлектері ІТ мамандығы ретінде жұмыс жасай алады:      

 - банктерде, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет көрсету;

 - өндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған  жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;

 - ақпараттық анықтамалық жүйелер мен көпшілік қызмет көрсету жүйелеріне -кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет көрсету мен әзірлеу;

 - компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жөндеу бойынша сервис орталығы.

 

Мамандық: 0902000 – Электрмен қамтамасыз ету

Біліктілік: 0902033 – техник  - электрик

Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай (9 сынып негізінде)

                        2 жыл 10 ай (11 сынып негізінде)

       «Электрмен қамтамасыздандыру», яғни «техник - электрик» біліктілігін  алу барысында студент кәсіпорындарды электрмен қамтамасыздандыру, электр құрылғылар жабдықтарын жөндеу және пайдалану, электр қосалқы станцияларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік, электр жабдықтарын техникалық пайдалану саласында электр энергиясын есептеу және ұйымдастыру  негіздерін меңгере отырып, «Электрмен қамтамасыздандыру» саласында терең білім  алады.

       Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамыған уақытында электр жабдықтарын пайдалану мен оларды құрастыратын мамандарға қойылатын талап деңгейі жоғары болып отыр. Бұл мамандық бойынша қызметкерлерге қойылатын негізгі міндет – өндірістік процестердің үзіліссіз жүруін, жабдықтардың ұзақ уақыт сақталуын, электр энергиясының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.

       Электр жабдықтарымен жұмыс жасайтын мамандар машиналар мен аппараттардың құрылысын оқып үйреніп, құрастыру мен пайдалану негіздерін меңгеруі шарт.

гис-технологии
ткани для вышивания