free templates joomla

Мұнай-газ және стандарттау бөлімі

 Мұнай-газ және стандарттау бөлімі

 

2119

Бөлім меңгеруішісі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі,

Жоғары санатты оқытушы

Тнымбаева Анара Тулегеновна

«Мұнай-газ және стандарттау» бөлімінде 10 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде: 1 оқытушы – I санатты, 5 оқытушы – II санатты, 2 оқытушы - магистр болып табылады.
  Бөлім күндізгі және сырттай оқу нысанында келесі мамандықтар бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде мамандар дайындайды:
0801000 – «Мұнай және газ шыңырауларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бағыты бойынша)»
Біліктілігі: 0801143 - «Техник-технолог» 
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Мұнай мен газды өндіру үшін ұңғымаларды бұрғылау - бұл күрделі және қымбат бағалы техникалық процесс, ол үлкен диаметрлі бұрғылау жұмыстарын, ұңғыма жағдайларын зерттеуді және геофизикалық әдістердің көмегімен өнімді қабаттарды, жоғары қысым қабаттарының гидрогеологиялық қабаттарын зерттеу және экологиялық мәселелерді шешуді қамтиды.
  Техник-технологтің кәсіби қызмет нышандары: бұрғылау жұмыстарының басқармалары; мұнай газды өндіру цехтары, өндірістік қызмет көрсету және мұнай дайындау, газ өндіру және өңдеу, шыңырауды күрделі жөндеу және қабаттың мұнай қайтарымын арттыру, жер асты жөндеу және қабаттардың мұнай беруін көтеру жөніндегі басқармалары. Түлектер сондай-ақ технологиялық ертінділерді айдау цехтарында, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің цехтік базаларында, мұнай базаларында жұмыс жасай алады. 
0809000 – «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бағыты бойынша)»
Біліктілігі: 0809223 – «Техник-технолог»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Мұнай-газ кешені елдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсерін тигізеді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады. Сондықтан мұнай мен газды өндіру қажеттілігіне орай, қазіргі уақытта «Мұнай және газ скважиналарын пайдалану» мамандығы бойынша «техник-технолог» мамандарын дайындау қажеттілігі арта түсуде. Сондықтан аталған мамандық шағын және орта бизнестің және жалпы еліміздің дамуына ықпал етеді.
  Техник-технологтің кәсіби қызмет нышандары: мұнай және газды өндіру кәсіпорындары, мұнай газды өндіру цехтары, өндірістік қызмет көрсету және мұнай дайындау, газ өндіру және өңдеу, шыңырауды күрделі жөндеу және қабаттың мұнай қайтарымын арттыру басқармалары. Түлектер сондай-ақ технологиялық ертінділерді айдау цехтарында, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің цехтік базаларында, мұнай базаларында жұмыс жасай алады. 
0819000 – «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»
Біліктілігі: 0819073 – «Техник-технолог» 
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Қазақстан Республикасының мұнай өндіру және химиялық технология өнеркәсіптерінің дамуын жылдамдатуға, жаңа мұнай кен орындарын жылдам игеруге және мұнайхимиясының өнімдерін әр түрлі халық шарушылығы саласында кең қолданылуға, ғылыми-техникалық, инженер, технолог кадрлерді дайындау мақсатында техник-технолог мамандары қажеттілігінің маңыздылығы ұлғаюда. Қазіргі кезде бұл сала қарқынды дамып келе жатқандықтан, болашақта мамандықтың қыр-сырын жете меңгерген 0819000 - «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» (Біліктілігі: техник-технолог) жаңа буын білікті мамандар даярлау қажеттілігін туындатып отыр.
  Техник-технологтің кәсіби қызмет нышандары: мұнай газ өңдеу зауыттары, мұнайхимия зауыттары; мұнай және газды өндіру орындары; су және бумен қамту қондырғылары; өндірістік және тұрмыстық құбырларды тазалау қондырғылары; мұнай базасы; автокөлікке май құю бекеті; оқу орындарының және ғылыми - зерттеу институттарының зертханалары болып табылады. 
0802000 – «Мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану»
Біліктілігі: 0802043 – «Техник-механик»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Бұл саланың маңыздылығы, еліміздің энергетикалық кешенінің даму перспективасы өмір сүру деңгейіне басым әсерімен байланысты. Мұнай мен газ еліміздің басты ресурстарының бірі екені белгілі. Мұнай мен газды өндірудің артуы мен қатар оны тасмалдау мен сақтаудың маңыздылығы артуда. Соған байланысты құбыр құрылысы мен сақтағыштар салу мамандары еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуда. Шикізатты жоғарытехнологиялық өңдеу мен тұтынушыларға тиімді жеткізудің жобаларын жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.
  Мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет ету объектілеріне газ-мұнай қүбырлары мен газ-мұнай қоймалары, сонымен қатар құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, коммуналдық шаруашылық мекемелері, құрылыс техникасы мен қондырғылар жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестіктер жатады.Техник-механиктің кәсіби қызмет нышандары: мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиялық және химиялық кәсіпорындар, мұнай-газ өндіру орындары, сораптық және компрессорлық станциялар, мұнай базасы, ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары, жөндеу-механикалық кәсіпорындар. 
0601000 – «Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0601013 – «Стандарттау технигі»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай.
  Қазіргі таңда сапа мәселесі барлық елдерде нарықтық экономиканың дамуына қарамастан өзекті мәселе болып табылады.
  Стандарттау, метрология және сертификаттау тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын және нарықта қажет болатын стандарттардың талаптарына сәйкес келетін өнім мен қызметтің қауіпсіздігі және бәсекеге қабілеттілігі қанағаттандыратын сапаның маңызды механизмі болып табылады.
  Барлық дамыған елдерде стандарттау және метрология елдің дамуы мен өркендеуіне өз септігін тигізеді. Олардың көмегімен өндіріс орындарында сапа мәселесін және өндіріс тиімділігін арттырады. Стандарттау және метрология азаматтардың өмір сүру сапасына маңызды үлесін қосады. Метрологиядағы стандарттау және метрологиялық қызметте стандарттау өндіріс орындарының барлық салаларының дамуына үлесін тигізеді.
  Стандарттау, метрология және сертификаттаудың халықаралық және отандық нормалардың үйлесімділігі Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үшін маңызды шарт болып табылады. Сапа мәселесін шешуде негізгі мәселе практикалық тұрғыда қазіргі заманға сәйкес өнім сапасын басқару механизмін қолдана алатын бәсекеге қабілетті мамандар қажет.
  Стандарттау технигінің кәсіби қызметінің нышандары- метрология қызметінде, стандарттау және сертификаттау ұйымдарында, тәжірибе зертханаларында, жеңіл өнеркәсіптерде кәсіпорындарда әр түрлі жеке шаруашылық өнімдерінің сапасын қадағалау мекемелерінде жұмыс жасай алады. 

 

 

гис-технологии
ткани для вышивания