Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

WorldSkills

WorldSkills-2020

 

WorldSkills Kazakhstan «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша 2020 жылдың 13 қазан күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің базасында өткен болатын. Сайысқа Ақжайық және Теректі аграрлық-техникалық колледждерінен де студенттер келді. Жарысқа қатысушы студенттер қойдан қан алып, қошқарды жабық әдіспен кесіп, дәрілік заттарды енгізу түрлерін және ірі қараны ректальдық зерттеу, УЗИ аппараты арқылы жатырының орналасуын анықтап, жүктілік мерзімін тексерді. Сонымен қатар, сиыр желінінен жасырын мастит белгілерін анықтап, қойдың бас миындағы ценурозды анықтау секілді күрделі тапсырмаларды орындады.

 

View the embedded image gallery online at:
https://wketc.kz/b-it/worldskills.html#sigFreeIdd3d7f8da2e

Сарапшы мамандар байқауға қатысушы студенттердің қауіпсіздік техникасын сақтауына ерекше көңіл бөліп, ұйымдастырылуынан бастап бағалау критерийлеріне дейін халықаралық стандартқа сай өткен байқауда. Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттері Жұмабеков Нұрдаулет 1 орынды иеленсе, жетекшісі-арнайы пәндер оқытушысы және ветеринария ғылымдарының магистрі Джубанышева Гулдаурин Хаджыбаевна , Құттымұрат Әбдірахман 2 орынды жеңіп алды, жетекшісі-арнайы пәндер оқытушысы және ветеринария ғылымдарының магистрі Каримова Эльвира Казимоллиевна. Ақжайық агротехникалық колледжінің намысын қорғаған Болатов Нұрдаулет 3 орынды иеленді.

 

 

Жеңімпаздарға және бас сарапшы Сарсекенова Толқын Адаевна және өндірістік оқу бойынша директор орынбасары Айешов Маралбек Амангельдиевичке Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаеваның қолы қойылған диплом және арнайы медаль табысталды.

 

 

View the embedded image gallery online at:
https://wketc.kz/b-it/worldskills.html#sigFreeId472c09daff
 

 

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку