free templates joomla

1514000-Экология және табиға ресурстарды

1. Мамандық: 1514000 – «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану»
Біліктілігі: 1514043 – Эколог

2. Ұқсас мамандықтар: эколог-зертханашы, эколог- инженер, экологиялық қауіпсіздік бойынша маман

 

3. Кәсіби қызмет саласы: Өндірістік кешен, табиғат қорғау мекемелері

 

4. Мамандықтың біліктілігі.
       Еңбек  пәні  бойынша  кәсіптер  түрі:    экологтың   негізгі   қызметі   қоршаған ортамен тікелей  байланысты,  соған сәйкес мамандық еңбек саласы бойынша «Адам-табиғат» типіне жатады.
       Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: мамандықты іздестіру
       Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: зауыттық жағдайда және ашық аспан астында
       Мамандық класы: атқарушы

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
       Эколог  –  қоршаған ортада болып жатқан  және болуы мүмкін зияндарды азайту бойынша шараларды жүргізіп, оларға бақылау жасайтын маман.

 

Экологтың  негізгі қызмет түрлері:
       Тірі табиғат  факторларының  денсаулығы  мен  өмірін  бақылаусыз және үнемсіз пайдаланудан   қорғауды   ұйымдастыру.   Эколог  маман  жануарлар  мен  өсімдіктер әлемі,  су,  ауа,  топырақ  жамылғысының  жағдайын;  қоршаған  ортаның және азық -түліктің   адам   денсаулығына,   оның   генетикалық   аппаратына   әсерін   зерттейді; экологиялық   қауіптің   потенциальды  және  қазіргі   көздерін  анықтайды;  олардың масштабын,  сипаттамасын,  шынайы  және  болжамды  зиянын  анықтайды.  Табиғат қорғау бойынша шаралар кешенін дайындайды және бақылайды.

 

Экологтың  негізгі міндеті:
   • экологиялық заңдарды, стандарттар мен нормативтік құжаттарды еркін білу;
   • қоршаған ортада болып жатқан процестер мен физика, химия, биологияны білу;
   • қоршаған ортаны қорғау бойынша қажетті есеп пен құжаттарды дайындай білу;
   • шетел тілдерін меңгеру  (шет елдерге іссапарға шығу немесе шетелде жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған жағдайда)

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
   икемділік,   азаматтық  батылдық,   жауапкершілік,   ұқыптылық,  (қателік  жіберуге болмайды),  тірі  табиғатқа  деген  қызығушылық,  ғылыми  шығармашылық қабілеті, ұжымда жұмыс істей білу, қабілеттілік.

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
   ревматизм,   тынысалу   және  қан  айналым  мүшелерінің  аурулары,  тірек - қимыл аппараты қызметінің бұзылуы, жұқпалы және тері аурулары, аллергия, көру мүшелерінің күрделі ақаулары кезінде.

 

8. Маманның кәсіби дайындығына қойылатын талаптар:
Эколог білуі тиіс:
   • экологиялық мониторинг әдістерін білу;
   • компьютерлік модельдеу бойынша түсінік;
   • қоршаған ортада болып жатқан процестерді білу;
   • қоршаған ортаны қорғау бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді білу;
   • экологиялық сараптаманы жүргізу реті бойынша түсінік қалыптастыру.

Эколог істей алуы тиіс:
   • экологиялық заңдарды, стандарттар мен нормативтік құжаттарды жүргізу;
   • қоршаған ортаны қорғау бойынша қажетті есеп пен құжаттарды дайындай білу;
   • атмосфералық ауа, су, топырақ сынамаларын алу, зерттеуге дайындау;
   • шетел тілдерін меңгеру  (шет елдерге іссапарға шығу немесе шетелге жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған жағдайда).

 

9. Жұмыс жасау саласы
       Экологтар өз мансабын  мемлекеттік мекемелерден бастай алады. Табиғат қорғау ұйымдарында    жұмыс    жасай    алады.     Үлкен    кәсіпорындарда,    муниципальды құрылымдарда  штатты  эколог  болады.  Жас  маман өз мансабын әдетте техникалық көмекші қызметінен бастайды.  Кейіннен ол бақылаушы болып, белгілі бар бағытпен жұмыстануы  мүмкін.  Мансаптың келесі этабында бірнеше бақылаушыға жетекшілік ете алады.  Ақылы ұйымдарда экологтар жоғары еңбекақы алады, дегенмен еңбекақы көлемі инженер-экологтың біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты.
       Эколог маманға өндіріс орындарынан сұраныс көп. Сонымен қатар эколог маман заводтар мен құрылыс компанияларына қызмет көрсететін жобалау ұйымдарына да жұмысқа орналаса алады.

10. Еңбек жағдайы
       Эколог   бірнеше   мамандардан   тұратын   ортада   жұмыс   жасайды.  Экологтар ғимараттарда  және  ашық аспан астында да жұмыс жасайды. Экологтар үшін арнайы киімдер қарастырылған.

11. Кәсіби қауіптер
       Жұмыс   процесі   кезінде   жұмысшыларға    қауіпті    және    зиянды    өндірістік факторлар   әсер   етуі   мүмкін:    қозғалмалы    транспорты    құралдар,    машиналар, механизмдер;  жүк көтеру транспорттарының, өндірістік құрылғылардың қозғалмалы бөліктері;  жұмыс  аймағының  жоғарғы  немесе  төменгі  ауа  температурасы; жұмыс аймағының    жоғары    шуылы;     жарықтың    әлсіздігі;    сыртқы    метеорологиялық факторлардың әсер етуі (жел, жауын-шашын т.б.), физикалық күш түсу.

12. Талап етілетін кәсіби білім
       Эколог  мамандығын  игеру  үшін   «Экология  және  табиғи  ресурстарды  тиімді пайдалану» мамандығы бойынша орта кәсіби білімі болуы тиіс.

13. Карьерлік өсу
       Мамандық  бойынша  жоғары  білім  алу  арқылы эколог маманы эколог-инженер бола алады. Сонымен бірге маман жеке кәсібін ұйымдастыруы мүмкін.

гис-технологии
ткани для вышивания