free templates joomla

Экономикалық және әлеуметтік-құқықтық пәндер бөлімі

 Экономикалық және әлеуметтік-құқықтық пәндер бөлімі

 

10011

Бөлім меңгерушісі, жоғары санатты оқытушы

Такесова Айымторы Калиматовна

 

Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінде 29 оқытушы қызмет атқарса, оның ішінде 27 оқытушы штаттағы оқытушылар. Сондай-ақ соның ішінде 9 оқытушы –жоғары санатты, 10 оқытушы – I санатты, 5 оқытушы – II санатты, 4 оқытушы магистр болып табылады.
  Бөлім күндізгі және сырттай оқу нысанында келесі мамандықтар бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде мамандар дайындайды:
 0515000 – «Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)»
Біліктілігі: 0515013 – «Менеджер»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай.
  «Менеджмент» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқаруға оқытады.
  Менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. «Менеджмент» мамандығының түлегі менеджер біліктілігін алады. Бұл мамандық бойынша Сіз кез келген саланың компаниялар мен ұйымдарды басқаруды меңгересіз. Өндірісті ұйымдастыру, маркетинг, қаржылық жоспарлау, басқарудың психологиялық аспектілері, компаниялардың дамуы бойынша мәселелерді кешенді және тізбекті түрде шеше алу қабілеті бұл мамандықтың түлектеріне сәтті мансап жасауға жәрдемдеседі. Олардың фирмалардың, корпорациялардың және трансұлттық компаниялардың алуан түрлі бөлімдерінің (басқармаларының) менеджері лауазымын алуға және бөлімдердің (басқармалардың) бастығына дейін өсуге мүмкіндігі бар. «Менеджмент» мамандығының түлектері дәстүрлі бизнеспен компанияның жобалық қызметін тиімді басқара алады. Ешбір ұйым (банк немесе мемлекеттік мекеме болсын) менеджерлерсіз әрекет ете алмайды. Өйткені, фирма құрылған соң, бірден оны басқару қажеттілігі туындайды. Заманауи менеджерлер дәл осы жұмыс түрін атқарады. Менеджмент – негізгі және сұранысы мол мамандық.  
  Мамандықтың түлегі іс-әрекет түріне, көлеміне және меншік нысанына тәуелсіз кез-келген кәсіпорындарында, фирмаларда және ұйымдарда, банктерде, биржаларда, мемлекеттік басқару органдарында, өндірістік, сауда және қаржы ұйымдарында жұмыс істей алады.
0516000 – «Қаржы (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0516053 – «Қаржы жұмысы бойынша экономист» 
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай.
Қаржыгер-әр кезде сұранысқа ие мамандық. Қаржыгер бұл саясатты, экономиканы меңгеретін маман. Бұл өте қажет мамандық, себебі біздің ел нақты, дәл тексерілген және ұйымдастырылған әрекеттерге мұқтаж. Қаржыны сауатты басқару тек мемлекеттік құрылымдарда емес, сондай ақ кез келген кәсіпорындарда да талап етіледі. Қаржы мамандығы қоғамдағы қаржылық қатынастардың жүйесін, оның даму зандылықтары мен негізгі бағыттарын, қаржылық шешімдердің әдістерін талдайтын және түсіндіретін ғылым. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осыған орай қаржының әлеуметтік экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс әрекет етуші ерекшеліктерін терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудың маңызы зор. 
  Қаржы қызметі бойынша экономистің кәсіптік қызметінің объектілері: әр түрлі ұйымдастырушы-құқықтық жеке меншік формаларының қаржы қызметін талдау және жоспарлау.  
  Мамандықтың түлектері республикалық, аймақтық, жергілікті дәрежедегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарда, түрлі деңгейдегі әкімшіліктердің қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы бөлімдерінде қызмет атқара алады. 
  Келесі лауазымдарды иеленеді: қаржы бойынша бас және жетекші маман; қаржы директоры, коммерциялық менеджер; қаржы аналитигі, аудитор және ревизор; сыртқы экономикалық қызмет бойынша маман; салық инспекторы, салық полициясының және кеден комитетінің маманы.
0513000 – «Маркетинг (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0513053 – «Маркетолог»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай
  Маркетинг – бұл тұтынушылардың қажеттілігі мен сұранысын айырбастауға бағытталған адам қызметінің бірі. Маркетинг түсінігі «тұтынушылардың сұранысын анықтау, болжау, қанағаттандыру және оларды басқару». Басқа сөзбен айтқанда, нарықта маңызы зор қызмет түрін анықтау мен қамтамасыз ету. Маркетинг маманының мақсаты - болашақ тұтынушының қажеттілігін айқындау және нарыққа керекті өнімді анықтау, сол өнімді қай жерде және қашан өткізуді шешу. Маркетолог мамандарының негізгі қызмет нысандары құрылыс компаниялары, қаржылық-несиелік ұйымдар, өндіріс кәсіпорындары, консалтингтік фирмалар және әртүрлі құқықтық түрдегі коммерциялық фирмалар, діни және қоғамдық ұйымдар. Маркетинг мамандары өте шапшаң, креативті ойлайтын, сауатты және экономика және менеджмент пәндері бойынша фундаменталды білімі бар, байланысқа ыңғайлы адамдар болуы тиіс. Маркетолог – тұтынушылар мен ұйымдастырудың мүдделері негізінде бәсекеге түсе алатын ортада ұйымның тұрақты қызмет етуі мен дамуы негізгі нәтижесі болатын маман.
  Маркетинг мамандығының түлектері Қазақстан экономикасының әр саласында маркетолог қызметімен байланысты еңбек нарығында сұранысқа ие. Маркетолог – бұл қазіргі мен келешектің мамандығы.
  Түлектердің кәсіби қызметінің объектісі тауар нарықтары, өндірістік және тұтыну мақсатындағы өндірістік кәсіпорындар мен бірлестіктерде, әр түрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі коммерциялық ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істей алады, сонымен қатар маркетинг, жарнама өткізу, қоғаммен байланыс, сауда менеджерлері, логистика бойынша бренд-менеджер, сапа бойынша эксперт-менеджер, менеджер-тауартанушы бола алады.
0518000 – «Есеп және аудит (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0518023 – «Есепші-ревизияшы
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай.
  Есеп және аудит саласында оқушыларды дайындау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікте ақпаратты қалыптастырудың қағидаттары мен нақты ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есепті жүргізудің бүгінгі күнгі әдістерін білетін және бухгалтерлік есептілікті дайындау мен аудиторлық тексеру тәжірибесін меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған.  
  Оқу бітірген соң түлектер бухгалтер ретінде меншіктің барлық түрлерінде ұйымдарда, өндірістік сферада, қызмет көрсету сфераларында, кәсіпорындарда, банктік жүйеде, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдарында және тағы да басқа жерлерде жұмыс істей алады.  
  Мамандық түлектері, есепші-ревизияшы қолданыстағы ережелермен нұсқауларға сәйкес мүліктің, міндеттемелермен шаруашылық операциялардың есебін жүргізу бойынша ұйымдардың, сондай-ақ қаржы шаруашылық қызметкерлерінің өзіндік баланста тұрған бөлімшелердің жоспарларының және арнайы тапсырыс бойынша ревизиясын іске асыру және бақылау бағытында компаниялар, банктер және басқа да шаруашылық субъектілердің бухгалтерлері, министрліктер, ведомстволар, фирмалардың есеп, есептілік және аудиторлық жұмыс әдістемелері бойынша экономист, қаржы-мемлекеттік бақылау органдарының, аудиторлық фирмалардың аудиторы, жоғары және кәсіби орта білім беретін мекемелерде бухгалтерлік есеп, жедел-экономикалық басқару, шаруашылық қызметті талдау, бойынша жұмыс жасайды.
0201000 - «Құқықтану»
Біліктілігі: 0201023 – «Кеңесші-заңгер»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай.
  Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдай немесе тәртіпте болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгерлік те бар. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.
  Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алуда. Қылмыстың өсуі әсерінен тергеу аппаратын, соттар санын, прокурорлардың санын ұлғайту мәселесі туындауда. Ал өндіріс аясында жұмыс берушіге тиімді қызмет атқаратын заңгерлер қажет.  
Сонымен қатар, заңгер мамандығын таңдаған адамға мынадай қаражаттық мүмкіндіктер ашылады:
Біріншісі: Мемлекеттік органдардағы еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктер. Құқық қорғау органдарында еңбек ақысын төлеу қалыпты және мемлекетімізде жыл сайын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысы көтерілуде, жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі де бар.
Екіншісі: Еркін қызмет істейтін заңгерлердің (адвокаттар, нотариустар, кеңесшілер) жалақысы. Аталған тұлғалардың жалақысы өздерінің біліктілігіне, әрекетіне байланысты.
Үшіншісі: Коммерциялық фирмада жұмыс жасайтын заңгерлердің жалақысы.
Құқықтану мамандығы бойынша заңгерлердің кәсіптік қызмет объектілері - соттар, сот әкімшілігі, нотариат кеңселері, салық органдары, әділет басқарламалары, прокуратура және ішкі істер органдары, басқада мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ кәсіпорындар, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер болып табылады.


гис-технологии
ткани для вышивания