Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Тәрбие жұмысы

2018 -2019 оқу жылының

Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжінің

тәрбие жұмысы

 
2018-2019 оқу жылының басында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің тәрбие жұмысының жоспары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» негізінде 8 бағыт бойынша жасалынып бекітілді.


Колледжде 2018-2019 оқу жылының басында 47 топ болды. Оқу жылының басында әрбір топқа топ тәлімгерлері тағайындалып, барлық топтардың тәрбие жұмысының жоспарлары қаралып, бекітілді.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» негізінде 8 бағыт бойынша колледжде тәрбие жұмыстары жүргізілді. Олар:


1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие
  2. Ұлттық тәрбие
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  5. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  7. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Сондай-ақ колледждегі оқу-тәрбие жұмысының кеңесі, ата-аналар кеңесі, қамқоршылық кеңесінің жұмыстары жоспар бойынша жүргізілді. Оқу жылының басында колледждегі әлеуметтік аз қамтылған, мүгедек, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз оқушылар анықталып, оларға қолдау көрсетіліп келеді. Колледжде ағымдағы оқу жылы 4 мүгедек, 1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар тіркеліп отыр.

 
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

 
2018 жылдың 3 қыркүйек күні колледжде әкімшілік мүшелерінің қатысуымен білім күніне арналған жиын өткізіліп, колледждің 1 курс оқушыларына колледждің ішкі тәртіп ережелері таныстырылып, топтарда 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мен Қазақстанның патриотымын» атты тәрбие сағаттары өткізілді.


2018 жылдың қыркүйек айында колледжде оқушылардың, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың арасында қылмыстың алдын алу мақсатында, топ тәлімгерлерімен колледжге жауапты кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектормен бірлесе отырып, оқушыларға әкімшілік жауапкершілік, ішкі тәртіп ережелері туралы түсіндірмелік жұмыстары жедел алдын алу іс-шаралары жұмыстары жүргізілді. Колледжде оқушыларға құқықтық жағынан ақпараттар берілді.


Мәселен ағымдағы оқу жылының басында кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор А.Асқарұлымен бірге әрбір топта түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.


2018 жылдың  15-19 қазан күндері  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесулер және тәрбие сағаттары өткізілді. Шараның мақсаты оқушыларды адал еңбекке баулу, жемқорлықтың алдын алу, отанын, елін сүюге тәрбиелеу болып табылды.


2018-2019 оқу жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі Серпін-2050 «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы аясында 1 мамандық бойынша 25 талапкер оқуға қабылданып, аталған оқушылардың 23-і  жатақханамен қамтамасыз етілді. Осыған орай, колледж жатақханасында колледж оқытушыларынан кезекшілік ұйымдастырылып, жоспар бойынша оқытушылар жатақханада кезекшілік атқарып келеді. Сондай-ақ колледж әкімішілігі аталған оқушылармен жиі кездесу ұйымдастырып, аталған оқушылардың  жағдайларымен танысып отырады.


Колледж оқушыларын қоғамдық жұмыстарға кеңінен тарту, жастарға азаматтық, патриоттық тәрбие беру мақсатында колледжде жастар қозғалысын дамыту бойынша колледждің өзін-өзі басқару және колледж жанындағы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің құрамына тарту мақсатында оқушыларға әңгіме жұмыстары жүргізіліп келеді.


Колледжде оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары ерекше бақылауға алынып, жоспарға сай орындалуда.


Ағымдағы оқу жылы колледжде қиын оқушылар анықталып, колледжішілік бақылауға алынып, олармен жекеленген тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп келеді.


Оқу жылына құрылған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, колледжде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға ҚР Әкімішілік, Қылмыстық кодекстеріндегі өзгерістер, жауапкершілік, қауіпсіздік шаралары, колледждің ішкі тәртіп ережелері туралы нұсқаулықтар жүргізілді. Сондай-ақ колледжге жауапты кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспектердің қатысуымен көптеген топтарда құқықбұзушылықтаың алдын алу бойынша ашық тәрбие сағаттары озыдырылды. Сонымен қатар колледж жанындағы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген тренинг, кездесу және мәндени көпшілік іс-шараларға колледж оқушылары белсенді түрде қатынасты. Сондай-ақ осы өткізілген іс-шараларды одан әрмен жетілдіру мақсатында колледжде «Ғасыр» ЖҚБ ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізіліп, дөңгелек үстелге құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқытушылар және белсенді оқушылар қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледжде өткізілген іс-шаралар барысында оқушыларға «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында жадынамалар таратылды.


2018 жылдың 26-27 қазан күндері колледждің Серпін-2050 «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы оқушылар арасында «Аламан-2018» облыстық фестивалі өткізілді. Аталған фестивальге колледждің жоба қатысушылары аса белсенділікпен қатысып, жоғары нәтиежелерге қол жеткізді. Фестиваль нәтижесінде колледждің «Мені шыңдаған серпін» аталымы бойынша колледждің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс оқушысы Тастыбай Ақбота Павлодар қаласындағы Республикалық Аламан фестиваліне жолдама алып, жеңімпаз атанып келді.


2018 жылдың 29-30 қараша күндері «Елбасы ел мақтанышы», «Елбасы- ел тірегі» тақырыптарында Тұңғыш президент күніне арналған ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында Н.Ә.Назарбаев жөнінде түсірілген деректі фильмдер көрсетілді. Мақсаты: 1.Оқушыларға Президентіміз туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.


2018 жылдың 30 қараша және 6 желтоқсан күндері аралығында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде 9-желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай апталық іс-шаралар өткізілді.


30 қараша күні оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, адалдыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында топ оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын енбек бейнесі» тақырыбында сурет конкурсы,


4 желтоқсан күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастар ұйымдарының рөлі» атты үздік эссе байқауы,


5 желтоқсан күні жастардың бойында жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында колледжіміздің барлық топтарына тәрбие сағаттары,


6 желтоқсан күні колледжіміздің белсенді студенттері колледж жанынан құрылған «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып студенттердің емтихан сессияларын ашық және кедергісіз тапсыруын қамтамасыз ету мақсатында «Таза сессия» акциясын өткізді.


Шараның мақсаты оқушыларды адал еңбекке баулу, жемқорлықтың алдын алу, отанын, елін сүюге тәрбиелеу болып табылды. Аталған шараларда белсенділік танытып үздік нәтиже көрсеткен оқушылар колледж директорының алғыс хат, дипломдарымен марапатталды.


2018 жылдың 10-14 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру,  оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында колледжде  «Тәуелсіздік-ел тұғыры!», «Менің Елім –Тәуелсіз Қазақстан!», «Тәуелсіздік тұғырым» т.б. тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.


2018 жылдың  14 желтоқсан күні  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесіне орай, «Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбында колледжіміздің белсенді оқушыларымен мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызбен таныстыру, отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін үйрету болып табылды.


2018 жылдың  10-14 желтоқсан күндері  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында колледж оқушыларына «Туған жерге тағзым» тақырыбында  облыстық өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Музей оқушыларға өте қатты әсер калдырды. Олар  өлкеміздің ерекшеліктерімен қатар тамыр тарихына шолу жасап қайтқандай болды.


2018 жылдың 16 желтоқсан күні оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Орал қаласындағы  Гагарин атындағы кинотеатрында  «6 пост» фильмін колледжіміздің 175 оқушысы тамашалады.


Облыстық Қазақ драма театрында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған концертті колледж оқушылары көрермен ретінде тамашалап, концерттен өте жақсы деген әсер алып қайтты.


2018 жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында колледжімізде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж оқытушылары қалада пәтер жалдап тұратын кәмелетке толмаған оқушылардың түнгі уақытта жүрмеуін қадағалау, тұрмыс жағдайымен танысу үшін колледжде білім алып жатырған кәмелетке толмаған оқушылардың үйлеріне түңгі рейд жұмыстарын ұйымдастырылды. Түңгі рейд нәтижесінде оқытушылар кәмелетке толмаған оқушылардың үйіне барып, оқушымен жеке әңгіме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

           

Рухани-адамгершілік тәрбие

 

2018 жылдың қыркүйек айында колледж оқушыларын туған жердің тарихымен кеңінен таныстыру мақсатында барлық топ оқушыларына тарихи мұражайларға саяхаттар ұйымдастырылып, рухани адамгершілік бағытында әңгіме жұмыстары жүргізілді.      


2018 жылдың 05 қазан күні оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, ұстазбен шәкірт арасындағы сыйластықты нығайту, ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу – инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру, студенттерді адамгершілікке, әдептілікке баулу, ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында ұстаздар күніне орай колледжішілік мерекелік концерттік бағдарлама оздырылды.  


2018 жылдың 15 – 25 қазан аралығында студенттерді кітапхана қорында орналасқан әр-түрлі саладағы кітаптармен таныстыру және насихаттау. Оқушының кітап оқу туралы көзқарасын білу, қоғамға парасатты, білімді, мәдениетті азамат тәрбиелеудегі кітаптың алатын орны туралы әңгімелесу мақсатында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі кітапханасында кітап көрмесінің онкүндігі өтті.  «Кітап – рухани қазына» атты кітаптар көрмесі жасақталып студенттерге кеңінен таныстырылды. Қоғамдағы жағымсыз жайттардың ұрпақ тәрбиесіне тигізер кері әсерлерін болдырмау жолдарында кітап оқудың орны, бос уақытты кітап оқу арқылы тиімді өткізу туралы пікір-таластар болды.


2018 жылдың қазан айында топтарда «Мен және менің дінге деген көзқарасым» тақырыбында  әңгіме жұмыстары жүргізілді.


2018 жылдың 30 қазан күні оқушылар арасында теріс діни ағымдардың алдын алу, оларды мәдениеттілікке шақыру, бойында имандылық қасиеттерін нығайту  мақсатында «Дін және оның қоғамдағы рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог мамандары қатысты.


2018 жылдың қазан  айында «Адамгершілік мұраттары», «жанымыз жақысылыққа толы болсын» тақырыптарында әңгіме жұмыстарымен тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бойынша, отбасындағы ата-анаға, бауырға деген құрмет туралы ата-ананы сыйлау, құрметтеу әр баланың парызы екендігі жөнінде айтылды.


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша колледж оқушыларына 2018 жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында  Орал қаласындағы тарихи мұражайларға саяхат ұйымдастырылды.

          
Ұлттық тәрбие

 
2018 жылдың қыркүйек айының 24-28 күндері аралығында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында 22-қыркүйек тіл мерекесіне орай, колледжде тілдер апталығы өткізілді. Өткізілген шаралар негізінен  қазақ тілін құрметтеу, оның мәртебесін көтеруге және өз тіліңді біле отырып, өзге тілді де құрметтеуге бағытталды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ана тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту. Тілдерін дамыту, мәнерлі сөйлету, ой өрісін кеңейту. Туған жеріне құрмет көрсете білуге,ұлт жандылыққа тәрбиелеу. Ана тілін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу, өз ойын толық жеткізе алатын білімді, саналы, сауатты, жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу.   Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп, ана тілі туралы өлең, жырлар, нақыл сөздер, мақал-мәтел, шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.Оқушы танымын, ақыл-ойын, сөйлеу мәдениетін жетілдіре білім беру, тіл тазалығын сақтауға, халықтық салт-дәстүрімізді насихаттап, жан-жақты білімділікке баулу


2018 жылдың 9 қазанында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледж кітапханасында Халықаралық қыздар күніне арналған «Қыз – ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға колледж медбикесі Хасаинова С.И., психолог-маман Омарова Б.К. және кітапханашылар Жумагулова А.Ж., Тулебаева А.М.  қатысты. Шараның мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық сияқты асыл қасиеттерімізді жан-жақты таныта білу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.


Сондай-ақ апталық жоспарына сәйкес топтарда  тәрбие сағаттары оздырылды.


2018 жылдың  14 желтоқсан күні  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесіне орай, «Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ», «Тіл» тақырыбында әр топ арасында ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізілді. Шараның мақсаты оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру, өткен тарихымызбен және ұлттық құндылықтарымызбен  таныстыру, отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді ұрпақ керек екенін түсіндіру болып табылды. туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін үйрету болып табылды.

2018 жылдың қазан айында «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасының грант иегерлерінің біріктіру және бір-бірімен  таныстыру,  достық қарым-қатынасын арттыру, талантты жастарды анықтау мақсатында «Аламан-2018» облыстық фестиваліне колледждің оқушылары белсене қатысты. Серпін-2050 «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасының грант иегерлері арасында оздырылған «Аламан-2018» облыстық фестивалінде ПОВТ-31 тобының оқушысы «Таңдаған өңірім - болашағым» байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін 2-дәрежелі дипломмен Қонақбай Саламат, «Үздік эссе» байқауына СТР-21 топ оқушысы Жұбатқанова Майгүл 3 орынмен марапатталды. Сондай-ақ «Үздік қазақ биі», «Үздік заманауи би», «Волейбол», «Футбол» жарыстарында үздік нәтиже көрсеткені үшін колледж құрама командасы 2-дәрежелі дипломмен марапатталды


Отбасы тәрбиесі

 
Колледжде топ тәлімгерлерімен бірлесе  отырып, жыл басында топтың әлеуметтік портретін анықтау мақсатында карта толтырып, сол бойынша оқушы және оның отбасы туралы мәлімет алынды.


2018 жылдың қыркүйек айында отбасы күніне орай, топтарда ата-аналардың қатысуымен  атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының  негізгі мақсаты оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата - аналарын қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу, оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту, олардың ой – өрісін дамыту, сондай-ақ ата-ана, оқушы, колледж қарым-қатынасын жақсарту болып табылды.


Сондай-ақ әрбір топта тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, оқушылардың ата-аналарымен колледж арасындағы қарым-қатынасты нығайту бойынша ата-аналар жиналыстары уақытымен өткізіліп келеді. Ата-аналар жиналысында Дін және оның түрлері тақырыптарында әңгіме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша сауалнамалар жүргізілді.


Колледжде оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсарту бағытында ата-аналар кеңесі өз жұмыстарын жүргізіп келеді.


2018-2019 оқу жылы колледжде білім алып жатырған ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім оқушыларға колледждің қамқоршылық кеңесі тарапынан қолдаулар көрсетіліп, 5 жетім санатына және 4 мүгедек, көп балалы, аз қамтылған оқушыларға жеңілдіктер қарасытырлып көмектер көрсетілді.

 

 

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие

 
Колледж оқушыларына тазалықты кеңінен насихаттау табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында әр түрлі әңгімелік жұмыстар арнайы сенбіліктер өткізіліп келеді.


Мәселен, үстіміздегі оқу жылы жыл бойына колледжде «табиғат және экология,», «Тазалық–саулық негізі, саулық – байлық негізі» және т.б. тақырыптарында оқушыларға  түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ колледж оқушылары бірнеше рет қалалық ұйымдастырылған сенбіліктерге белсенді түрде қатысып келеді.

 

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

 
Колледж оқушылары арасында Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында оқушыларды қоғамдық жұмысқа тарту, олардың көшбасшылық қабілеттерін көтеру мақсатында колледжде студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы және колледж жанындағы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі өз жұмысын жүйелі түрде атқарып келеді. Сондай-ақ колледж оқушыларының ой-өрісін кеңейту бойынша колледж оқушылары облыстық ұйымдастырылған дебат ойындарына, семинарларға қатысып жүр.


Сондай-ақ оқушылардың зияткерлік ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау бойынша колледжде әртүрлі пәндік үйірмелер жұмыс жасап, мамандықтары бойынша қызықты шығармашылық жұмыстар жасалады.


Оқушылардың өзін өзі дамыту мақсатында «Өзіңді танығаның,  ілгері дамығаның»тақырыбында оқушыларға психологтың ұйымдастыруымен  тренинг өткізілді.


Сондай-ақ оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікпен қарауға жетелеу мақсатында «Табиғатты аяла» тақырыбында топ жетекшілері оқушыларымен әңгіме өткізді.


2018 жылдың қараша айында студенттер күніне орай,  студенттерді мереке тарихымен таныстыру, студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға тәрбилеу мақсатында топтарда «Қызықты көңілді, студенттік өмір!» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

 
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

 
Колледжде оқушылардың жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін  дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді.


Колледжде тәрбие жұмысының жоспарына сай, үстіміздегі оқу жылының қараша айында  студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен түрлі өнер байқаулары, «1 курс оқушылары байқауы», халықаралық студенттер күніне арналған іс-шаралар өткізілді.


2018 жылдың  қараша айының 9-ы күні колледжде жыл сайын дәстүрге айналып өткізілетін 1-курс байқауында колледждің 3 бөлімінде білім алып жатырған 1-курс оқушылары сайысқа түсіп өз өнерлерін ортаға салған болатын. Байқау нәтижесінде «Экономика және сервис» бөлімінің оқушылары үлгілі ойын өрнегін көрсетіп 1-орынға қол жеткізді.


2018 жылдың 10 желтоқсан күні  Елордамыз Астана қаласын Қазақстанның астанасы ету туралы шешімге 20 жыл толу мерекесіне орай, облыстық ұйымдастырылған  акцияға колледж студенттері белсенді түрде қатысты.


Сондай-ақ колледжде көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиені жетілдіру бағытында өнер би, ән, домбыра, театр үйірмелері өз жұмыстарын бастауда. Сонымен қатар оқушылардың бойында көркем эстетикалық қабілетті шыңдау бойынша пәндік үйірмелер жұмыс жасап, қазіргі таңда үйірмелерге оқушылар көптеп тартылуда.

 
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

 
Колледж оқушылары арасында салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау мақсатында колледжде спорттық  шаралар көптеп ұйымдастырылып келеді.


Мәселен, 2018 жылдың 06 қазан күні П.Атоян стадионында оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұхаралық спортты дамыту мақсатында колледждің 1-курс оқушылары арасында дәстүрлі денсаулық күні оздырылып, шараға оқушылар белсенді түрде қатысты.


Сонымен қатар 2018 жылдың 26-27 қазан күндері Серпін-2050 «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға! әлеуметтік жобасы аясында білім алушы оқушылар арасында өткен Аламан облыстық фестивалінің спорттық сайысына колледж жоба қатысушылары белсенді түрде қатысты. Сондай-ақ колледж оқушылары облыстық өткізілген түрлі спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді.


Колледж топтарында ағымдағы оқу жылының қараша айында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»,«Мен салауатты өмірді қолдаймын!» атты әңгіме жұмыстары жүргізілсе, 1-желтоқсан бүкіл әлемдік СПИД-тен сақтану күіне орай,  оқушыларға  әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын алуға тәрбиелеу оларды жаман әдеттерден сақтандыру мақсатында, топтарда тәрбие сағаттары озыдырылды.


2018 жылдың 17 желтоқсан күні оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында колледж оқушылары топ тәлімгерлерімен бірге Орал қаласындағы мұз айдынына барып серуендеп қайтты.


2018 жылдың 13 желтоқсан күні колледж оқушылары спорттың волейбол ойыны түрінен сайыс  өткізілді. Спорттық сайыс оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды.


Сондай-ақ колледжде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану , оқушыларды спортпен айналысуға тарту мақсатында спорттық секция жұмыстары уақытылы жүргізіп келеді. Нәтижесінде колледж оқушылары, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық ұйымдастырылған сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.