Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Психопрофилактакалық жұмыс

Психопрофилактикалық жұмыс

/Оқытушыларға,ата – аналарға ,оқушыларға/

 

22-тамыз 2018 жылы аз қамтылған,көп балалы отбасы балаларына арналған облыстық «Серпін» жазғы сауықтыру лагерінде «Мен және менің айналам» тақырыбында тренинг өткізілді.


Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.


Міндеті:

  • Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;
  • Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
  • Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;
  • Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

 

    

 

26 –тамыз « Aqjai'yq» телеарнасында «Ой талқы» бағдарламасында «ҰБТ-да оқушыларды психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу» тақырыбында  сұхбат  берілді.

 

 

«Болашаққа бағдар:рухани  жаңғыру» бағдаламасын жүзеге асыру барысында«Менің Отаным - Қазақстан» атты семинар-практикумын өткізу.


Мақсаты:
Туған өлкенің табиғи- географиялық ерекшеліктерімен,тарихымен тереңірек танысу, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға ықпал ету.


Міндеті:
Туған өлкенің табиғатына жорық жасай отырып, оқытушылардың туған елге, Отанға деген практикалық білім дағдыларын жетілдіру, тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, өлкетану қызметін жетілдіруге қалыптастыру.


Түрі:
 Жорық түрінде


Терминологиясы:
Туристік жорық


Өткізілу уақыты:
15.09.2018ж Сағ: 09.00-12.00

 

    

 

18 – қыркүйек 1 курс оқушыларының ата – аналарымен «Бала тәрбиесіне  байыппен  қарайық...» тақырыбында ашық есік  күні  жүргізілді.


Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Колледж, ұстаз, ата-ана үштік одақ  жұмысын  нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


Дөңгелек үстелге, пікірталасқа өзіндік ой - пікірін  білдіріп , белсенді қатысқан ата – аналар марапатталды. Ата – аналар өз ой пікірлерімен бөлісті.

 

    

 

    

 

21 қыркүйек «Өз күшіңе сен!» тақырыбында «Серпін» бағдарламасы негізіндегі оқушыларға жатаханада кездесу кеші  жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың өзі-өзін бағалауды жоғарлату, коммуникативті дағдыларын әрі қарай өрбіту, кез келген қиындыққа басқа көзбен қарап, өз мақсаттына жетуді көздеуге үйрету. Колледжге  бейімделуге баулу.

 

27- қыркүйек Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Мен және менің айналам» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді.

 

    

 

29 қыркүйек «Мінез  көңіл – күй айнасы» тақырыбында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы  негізіндегі  оқушыларға дөңгелек үстел  өткізілді.Мақсаты: оқушыларды темперамент түрлерімен таныстыру, өзін-өзі тану, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Комуникативтік дағдыны дамыту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау.


Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы,БҚО «Жайық  Дауысы» қоғамдық  бірлестігінің ұйымджастыруымен Қоғамдағы әйелдердің әлеуетін арттыру  және олардың шешім қабылдау деңгейін көтеру тақырыбында семинар - тренинг өткізілді.

 

    

 

Қажеттілікке сәйкес ВТ -931  тобында  «Менің  әлсіз  тұстарым» тақырыбына тренинг өткізілді.


Оқушыларға ішкі сезімдерін шығару бағытында «Менің әлсіз  тұстарым... » тақырыбында тренинг  ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушылар жан дүнисіндегі жағымсыз  сезімдерінен  арылу,ой –қозғау,қуаныш,шаттық  сыйлау.Оқушылар тренингқа қызығушылықпен  қатыса  білді.Кейбір  оқушыларға  жекелеген  кеңестер  берілді.

 

    

 

Жеке кеңес беру.


2018-2019  оқу жылының бірінші жартысында  барлығы 31  жеке кеңес берілді. Оның ішінде: ата-аналарға – 6, оқытушыларға – 1, оқушылар – 24.


Негізгі себептер: 1. ата-ананың жеке өміріне байланысты жағдайларға баласының психологиялық тұрғыдан дайын болмауы, отбасылық дағдарыстар немесе келіспеушіліктер туралы; 2. топ жетекшілеріне  диагностика қорытындысы бойынша кеңестер, оқушы мен оқытушы арасындағы келіспеушіліктер туралы; оқушының  жеке өміріне  қатысты психологиялық көмектер  беру.