Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Психодиагностика және диагностикалық жұмыстардың жүргізілуі

Психодиагностика жұмыстары бойынша жалпы жасөспірімді терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, оқыту және тәрбиелеуде бұзылу себептерін анықтау бағытында психологиялық зерттеулер, психологиялық себептерін анықтау, психикалық дамудағы әртүрлі ауытқулардың саралау диагностикасын жүзеге асыру т.б. жұмыстар мен жасөспірімдерге анықталған және қатаң индивидуалды, нақты өзгешелігі бар, жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жұмыстар өткізілді.

 

Қыркүйек айында  жаңадан қабылданған 9,11 сыныптан кейінгі 1 курс оқушыларымен танысу, жеке қабылдау,құжаттармен жұмыстар жүргізілді.


Оқушылармен олардың тұрғылықты және тіркеудегі мекен жайы мен ата – аналарымен танысу бағытында біркелкі жұмыстар атқарылды.


Оқушыларға психологиялық карта және оқушының жеке картасы, топ оқушыларының әлеуметтік картасы жасақталды.


06  қыркүйек «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы  негізінде I курс оқушыларымен «Мен жеке тұлғамын» тақырыбында ПОВТ -11 топ  оқушыларымен танысу тренингі жүргізілді.


Мақсаты:оқушыларды колледж өміріне  бейімдеу, оқушы бойына «Мен» концепциясын қалыптастыру.


21 қыркүйек «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы негізіндегі жатахана оқушыларымен «Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен  жасалмаса кемеңіз» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.


Мақсаты: Оқушылардың жалпы ортаға бейімделуін жақсарту. Оқушылар  арасында жағымды қарым – қатынас орнатуға баулу. Өздеріне деген сенімділіктерін  нығайту,қалыптастыру.

 

     

 

26 қыркүйек «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы  негізіндегі оқушылармен «Әлемнің әміршісі - еңбек» тақырыбында пікірталас кеші   өткізілді. Мақсаты: 1. Саусақ моторикасын, эстетикалық сезімдерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 2. Еңбекке деген көзқарасын дұрыс тәрбиелеу, ұқыптылыққа, еңбек ету талпыныстарын, қол ұшын беруге, көмектесуге, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.


24 қыркүйек «21 ғасырдағы Қазақстандық  ата – аналар:Өз балаңа  үлгі бол!»тақырыбында  дәріс оқылып. «Сіздің  балалармен  қарым – қатынасыңыз  қандай?» сауалнамасы жүргізілді.Сауалнамаға 1 курс  оқушыларының  ата – аналары  қатысты.


Қыркүйек айы бойы психологиялық бейімделу  кезеңі, сабақтастықты қолдау шаралары бойынша жеке тұлғаның мінез типін анықтауға арналған қазақ топтарына Г.Айзенктің,орыс топтарына Белованың мінез типін анықтауға  арналған әдістемелер жүргізілді. I курс оқушыларына (9 сынып базасында), I курс оқушыларына (11 сынып базасында)  барлық оқушыларға қатысты.


18-20 қазан  аралығында «Суицид превенциясы» бағдарламасы негізінде жұмыстар жүргізілді. Ата – аналар мен оқушыларға дәрістер жүргізілді. 

 

Батыс Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжіндегі суицид әрекеттерінің алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2018-2019 оқу жылында  ұйымдастырылған сауалнаманың қорытынды есебі 

 

Колледж атауы

Оқушылардың   жалпы саны

Сауалнамаға қатысқандар саны /Сауалнамадан бас тартқандар саны

Сауалнама қорытындысы негізінде анықталғандар

саны/ жоғары қауіп-қатердегі/ тәуекел топтағы

1

Батыс Қазақстан  инженерлік технологиялық колледжі

244

196/48

0

 

08 қазан «Оқытушы мен оқушының қарым – қатынасы және педагогикалық  әдеп»  тақырыбында жас оқытушылармен тренинг жүргізілді.


Мақсаты: Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау; оқытушылардың оқушылармен  коммуникативті  қарым – қатынасын нығайту.

 

 

 

 

15 – қазан «Жақсы мен жама  біздің  өміріміздің бір бөлігі» тақырыбында пікірталас  кеші  өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру. Адам бойындағы ұнамды , ұнамсыз  қылықтарды ажырата отырып, әдеп  әліппесін бойына дарыту,тіл байлығын, таным - белсенділігін  арттыру.


30 қазан 1 курс оқушыларына «Зерттелуші  тұлғаның өзін – өзі бағалауы» тестісі жүргізілді. Қорытындысы шығарылды.


18- қараша «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында ОПУД -911  топ оқушыларымен пікірталас кеші  өтті.


Мақсаты:
 оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту. Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. «Өмірдің мәні» туралы ой пікірлерін ортаға салу. Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.  

 


Қажеттілікке сәйкес ата – аларға,оқушыларға,оқытушыларға жеке кеңестер берілді.

 

     

 

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы,БҚО «Жайық Дауысы» қоғамдық бірлестігінің ұйымджастыруымен Қоғамдағы әйелдердің әлеуетін арттыру  және олардың шешім қабылдау деңгейін көтеру тақырыбында семинар - тренинг өткізілді.

 

     

 

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 19-25 қараша аралығында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық – түсіндіру тобы мүшелерін  даярлау және қайта даярлау» республикалық оқыту курсы өткізілді.

 

 

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жайық Дауысы» ҚБ «Қоғамдағы әйелдердің әлеуетін арттыру және олардың шешім қабылдау деңгейін көтеру» тақырыбындағы семинарда үздік тренинг өткізгені үшін берілді.

 

 

2018 жылы 11- желтоқсан «Зорлық – зомбылық көрген әйелдерді психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу» тақырыбындағы мақала жарық көрді.

 

     

 

8 – қараша Приуралье облыстық газетіне «Оградить молодежь от терраризма» тақырыбында мақала жарық көрді.

 

 

Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінде Білім басқармасының №3 -12/4767 14.09.2018жылғы хатына сәйкес, оқушыларды  әлеуметтік желілердегі интернет – парақтарын («в контакте», «одноклассники», «мой мир» мониторингілеу және бақылау жүйесін қолдану бойынша ақпараты.

 

Р/с

Білім беру ұйымы

Жауапты қызметкердің

 аты - жөні

Оқушы саны

18-ге толған

18-ге  толмаған

Келісім берген  ата –ана

1

БҚИТК

Б.К.Омарова

Б.Т.Таутешова

623

137

486

353

 

Білім  беру  ұйымы

Енгізілген аккаунттар саны

Келісім бермеген ата-аналар саны

1

БҚИТК

241

133

 

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 19-25 қараша аралығында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық – түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» республикалық оқыту курсы  өткізілді.

 

     


10-қазан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Қыз еркем ісімен көркем» тақырыбында 1 курс оқушыларына арналған дөңгелек  үстел  өткізілді.


Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу.

 

     

 

     

 

5-15 қараша аралығында дін мәселелері бойынша АТТ тобының ЖОО және  арнаулы орта оқу орындары студенттерімен кездесу өткізілді. БҚО барлық колледждер қатысты. АТТ мүшелері С.Гиззатов. К.Нурмухамбетов, Б.Омарова

 

     

 

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы,БҚО «Жайық Дауысы» қоғамдық бірлестігінің ұйымджастыруымен аналар үйінде және балалар үйі  тәрбиеленушілеріне жеке кеңестер  берілді.