Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Ұйымдастыру жұмысы

Білім басқармасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №5 қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық  қызметтің жұмыс істеу қағидаларын» және №6 қаулысымен  бекітілген «Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережесінің үлгілік қағидаларын» жұмыс барысында пайдалану үшін берілді. Жоспар бойынша психологиялық қызмет жұмысының бірнеше бағыттары жүзеге асырылды.


Психологиялық қызмет жұмысының мақсаты
: оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, жеке тұлғаның дамуын есепке  алып, әр баланың психологиялық және эмоционалдық саулығына оңтайлы жағдай жасау. Оқушылардың жан саулығын сақтауына және олардың кәсіби жетістікке жетуіне мүмкіндік жасау,оқытушылардың шығармашылық потенциалын  ашуға көмектесу.


Психологиялық қызмет жұмысының міндеттері:


1. Оқушылардың жақын арадағы даму деңгейін және танымдық үрдісін, өзара қарым – қатынасын анықтап түзету – дамыту жұмыстарын  жүргізу.


2. Оқушылар бойындағы агрессия деңгейін түсіру мақсатында жұмыстану


3. Ойын, тренинг арқылы топтық жұмыс бағыттарын ұйымдастыру.


4. Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың ата – аналармен тығыз қарым – қатынаста жұмыстану.


5. 9 сыныптан кейінгі оқушылармен психологиялық – педагогикалық қолдау жұмыстарын жалғастыру.


6. Топ оқушыларымен жеке түзету жұмыстарын ұйымдастыру .


7. Ұжымда психологиялық орта қалыптастыру.