Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Оқытушы мен қызметкерлердің ар-намыс кодексі

Оқытушының ар-намыс Кодексі

 

1 Жалпы ережелер


1.1 Ар-намыс - құрмет пен мақтанышқа лайықты адамның адамгершілік қасиеттері және соған сәйкесті қағидаттары.


1.2 Ар-намыс кодексі - адамның тәртіпті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ар-намыс кодексі жазалаушы құжат емес. Адам осы Кодекске сәйкес әрекет етеді, өйткені ол тәртіпті, білімді, өркениетті


1.3 Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің оқытушылар ұжымы – дүниетанымдық әлеуетке, жаңашыл ойлау қабілетіне ие, мамандығы бойынша тұрақты құзыреттерді меңгерген, кәсіби және мәдени бағдарланған тұлғаны даярлауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып және бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайтуды өзінің парызы деп санап, осы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі оқытушысының ар-намыс Кодексін қабылдайды және оған сөзсіз бағынуды өз міндеттеріне алады.

 

2 Нормативтік сілтемелер


Осы Кодекс мынадай нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, әзірленді:


2.1 ҚР Конституциялық заңдары


2.2 «Білім туралы» заң


2.3 Жоғары тұрған органдардың және инстанциялардың шешімдері.

 

3 Негізгі міндеттер


ҚР заңнамалық актілерінде, ҚР «Білім туралы» заңында, ҚР Конституциялық заңдарынде белгіленген құқықтарды сақталуын қамтамасыз ету

 

4 Негізгі қызметтер


4.1 Оқытушы қызметінің негізгі бағыты – оқушылармен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу болып табылады.

4.2 Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытуы қажет.

4.3 Оқытушы – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.

4.4 Оқытушы өз іс әрекетімен оқушыларға еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.


4.5 Оқытушы оқушылар мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқараын дәлелдей біледі.


4.6 Оқытушы әрқашан достық қарым-қатынасты, шығармашылық ынтымақтастықты және рухани өсу ахуалын қолдайды. Ол ұжымда және оқу топтарында кикілжің жағдайлардың алдын алуы тиіс.


4.7 Оқытушы кәсіби бағдар жұмыстарына, колледждің қоғамдық және мәдени өміріне, оқушы жастардың мәдениеті мен білімі деңгейін арттыруға белсене қатысуы тиіс.


4.8 Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі оқытушыларының ар-намыс Кодексі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халқы мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі.


4.9 Біз бекітілген негізгі қағидаттарды жүзеге асыруға және оқытушының ар-намыс Кодексіне сәйкес берілген міндеттемелерді  іске асыруды өз жауапкершілігімізге аламыз. Біз өз колледжіміздің өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның мемлекеттік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысамыз.


4.10 Оқытушы колледж әкімшілігімен еңбек шартын жасасу кезінде, осы ар-намыс Кодексінің ережелерімен танысып, келісетіндігін өз қолымен растауы қажет.


4.11 Ар-намыс Кодексінің ережелері оқытушылардың лауазымына және жұмыс жасау мерзіміне қарамастан бәріне бірдей, тең дәрежеде ортақ болып табылады.


4.12 Кодекс ережелерін бұзу әрекеттері колледж бөлімдерінде және Педагогикалық кеңес отырыстарында талқыланады және ол дәлелденген жағдайда еңбек шартын бұзуға негіз болады.

 

5 Ар-намыс Кодексімен оқытушының танысуы оның талаптарын сақтау және және орындалуын бақылау


5.1 Осы Кодекс қабылданғаннан кейін жарияланады және оны колледж оқытушыларына кеңінен қолжетімді болуын қамтамасыз етіледі


5.2 Жаңадан қабылданған оқытушылар осы Кодекстің талаптарымен таныс болуы керек5.3 Барлық оқытушылар осы Кодекстің талаптарын орындауға міндетті5.4 Оқытушылардың ар-намыс Кодексін бұзуы тәртіптік шара қолдануға әкеп соқтырады

 

6 Өзгерістер


Осы Кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар оқытушылардың ұсыныстары бойынша әр бес жыл сайын енгізіледі.


Оқушылардың  ар-намыс кодексі

 

1 Жалпы ережелер


1.1 Ар-намыс - құрмет пен мақтанышқа лайықты адамның адамгершілік қасиеттері және соған сәйкесті қағидаттары.


1.2 Ар-намыс кодексі - адамның тәртіпті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ар-намыс кодексі жазалаушы құжат емес. Оқушы осы Кодекске сәйкес әрекет етеді, өйткені ол тәртіпті, білімді, өркениетті


1.3 Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің оқушысы, Қазақстан Республикасының жоғары білікті мамандарын даярлаудағы Колледждің миссиясын жүзеге асыруды өз жауапкершілігі ретінде сезіне отырып, білім алушы жастардың корпоративтік мәдениетін дамыту мен қолдауда, Батыс Қазақстандағы кәсіби мамандарды дайындау орталығы мен білім беру жүйесіндегі жетекші мекеме ретіндегі БҚИТК беделін сақтауды өз міндеті ретінде танып, осы Колледж оқушысының ар-намыс Кодексін қабылдайды және мүлтіксіз  орындауға міндеттенеді:

 

2 Нормативтік сілтемелер


Осы Кодекс мынадай нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, әзірленді:


2.1 ҚР Конституциялық заңдары


2.2 « Білім туралы» заң


2.3 «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы


2.4 Колледж жарғысы2.5 Колледж оқушыларына арналған ішкітәртіп ережелері


2.6 Жоғары тұрған органдардың және инстанциялардың шешімдері

 

3 Негізгі міндеттер


Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы»

 

4 Негізгі қызметтер


4.1 Оқушы Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби шебер болуға, өз бойында жақсы адами қасиеттерді дамытуға ұмтылады. ҚР қолданыстағы заңнамаларын, БҚИТК жарғысын, колледждің ішкі тәртіп ережелері және басқа да нормативтік актілерін сақтауы керек.


4.2 Оқушылар ортасында жоғары педагогикалық мәдениетті, сенім ахуалын және өзара сыйластықты сақтау қажет. Орын алған жанжалды бейбіт жолмен шешуге, басқа оқушыларға қатысты зорлық-зомбылықты пайдалануға жол бермеуі керек. Оқушы айналасындағыларға дөрекілік көрсетілуіне жол бермейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға көңіл бөледі және мүмкіндігінше оларға қамқорлық көрсетеді.


4.3 Оқушы шығармашылық белсенділіктерін дамытуға, колледж беделін және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер және т.б) әртүрлі қызметтің түрін қажетті және  пайдалы деп таниды.


4.4 Колледждің әкімшілік өкілдерімен, оқытушыларымен, қызметкерлермен қарым-қатынаста сыпайылық таныту керек, дөрекілік пен дұрыс емес көріністерге жол бермеу керек.

 

4.5 Колледжге және оқушы беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан бойын алшақ ұстауы керек. Оқушы өз тәртібімен колледждң көрінісі болатынын есте сақтайды және әрқашан өзінің мінез-құлқымен, қарым-қатынасымен, тәртібімен колледж беделіне қолдау көрсетеді

 

4.6 Түрлі зиянды әдеттерден аулақ болады. Оқушы салауатты өмір салтын ұстанады, жастарға денсаулыққа, оны сақтау және жақсарту мүмкіндігіне қатысты позитивті көзқарастарды насихаттайды

 

4.7 Колледждің мүлкін қорғауды қамтамасыз ету және вандализм көріністеріне жол бермеу

 

4.8 Сыртқы түрі тиянақты, этикалық нормаларға сәйкес келуі және оқу үрдісінде оқушылардың және оқытушылардың назарын алып, кедергі жасамауы керек

 

4.9 Оқушы – әдептілік, мәдениет және мораль үлгісі, адамгершілікке жат қылықтарға қарсы және жыныстық, ұлттық  немесе діни белгілеріне қарай кемсітушілікке жол бермеуі керек

 

4.10 Оқушы мынандай академиялық әдепсіздіктерге қарсы күресуді өзінің парызы санайды:

  • басқа да білім алушыларға өзі орындап бағаланған жұмысын беру;
  • тест, жаттығулар мен тапсырмаларда дайын жауаптарды, дайын жазбаша жұмыстарды пайдалану;
  • емтихандарда, сынақтарда электронды ақпарат құралдары мен байланыстарды пайдалану;
  • білімді бақылау кезінде көшіру және басқа адамдардан көмек сұрау;
  • жеке жұмысының нәтижесі ретінде кез-келген көлемдегі дайын оқу материалдарын, интернет – ресурстарды қоса алғанда, ұсыну;
  • неғұрлым жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
  • дәлелсіз себептермен кешігу және оқу сабақтарынан қалу;
  • оқушы лайықты болашақ маман болуы үшін сапалы және бәсекеге қабілетті білім

           алуда барлық аталған академиялық әдепсіздік түрлерін орынсыз деп таниды

 

5 Ар-намыс Кодексімен оқушының танысуы оның талаптарын сақтау және және орындалуын бақылау

 

5.1 Осы Кодекс оны қабылдағаннан кейін жарияланады және колледждің оқушылары мен колледж ұжымына кеңінен қол жетімді болуын қамтамасыз етіледі


5.2 Жаңадан қабылданған оқушылар осы Кодекстің талаптарымен таныс болуы керек5.3 Барлық оқушылар осы Кодекстің талаптарын орындауға міндетті


5.4 Кодекс ережелерін бұзуды анықтаған оқушы оны өз күштерімен тоқтатуға немесе әкімшілікке хабардар етуі керек


5.5 Оқушылардың ар-намыс Кодексін бұзуы тәртіптік шара қолдануға әкеп соқтырады


5.6 Осы Кодекспен таныстыруды топ тәлімгерлерінің жауапкершілігіне жүктеледі

 

6 Өзгерістер


6.1 Осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар БҚИTK өзін-өзі басқару жастар кеңесінің шешімдеріне негізделген оқушылардың ұсыныстары бойынша енгізіледі

 

6.2 БҚИTK оқушылар тарапынан кем дегенде бес ұсыныстардың болуы жылына бір рет Кодексті қайта қарауға негіз болады.