Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Кәсіби тәжірибе және өндірістік оқыту

Кәсіби тәжірибе және өндірістік оқыту

 

Кәсіптік дайындықты ұйымдастыру өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені қамтиды.


Өндірістік оқыту колледждің оқу-өндірістік шеберханаларында, «УралТехСервис»ЖШС, «Уральскнефтегазгеология» АҚ, ветеринарлық ғылыми-зерттеу зертханаларында, ветеринариялық, биотехнологиялық, ихтиологиялық ғылыми-зерттеу кешендерінде тәжірибелі арнайы пәндер оқытушылар жетекшілігімен  өткізіледі.


Кәсіби тәжірибе ұйымдастыруда және өндірістік оқытуда басшылықка алынатын негізгі нормативтік құқықтық құжаттарды:


1.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Білім туралы заңы;

2.ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  1. Типтік оқу бағдарламалары;

  2. Өндіріс орындарымен филиалдар ашуға келісім шарттар;

  3. Тәжірибеден өтуге келісім шарттар;

  4. Дуалды оқыту жүйесінің құжаттары;

  5. «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қантардағы № 107 бұйрығы.

Колледж әкімшілігі практика базаларын кеңейту, әлеуметтік серіктестік жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі түрде жұмыстарды өткізеді. Бүгінгі таңда, 50 астам практикадан өтуге өндірістермен келісімшартар бар, одан басқа 10 келісім шарт дуалды оқыту бойынша, 3 келісім шарт өндірісте мамандықтардың филиалдарын ашуға жасалған. Әр мамандық 3-8 практикадан өту базасымен қамтылған. 2015-2016 оқу жылында - 67, 2016-2017 оқу жылында – 52, 2017- 2018 оқу жылында - 58  кәсіпорындарымен практикадан өтуге келісім шарттар жасалды.

 

 

Гистограмма 1.  Әлеуметтік серіктестермен жұмыс мониторингісі

Өндірісте, мекемелерде өтетін барлық кәсіби практика түрлері үш жақты келісім-шарттар  жасалу негізінде жүзеге асырылады. Практикадан өту кезінде оқушы өзінің жеке жұмыс орнына бекітіліп, өндірістегі тәлімгері тағайындалады. 


Өндіріс практика оқушының теориялық оқыту кезіндегі алған білімін, практикалық дағдыларды бекітуге және өндірістегі озық технологияларды игеруге бағытталған. Оқу практикалары колледждін оқу шеберханаларымен зертханаларында және «Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндрісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС, 

«Биотехнология және табиғатты пайдалану ҒЗИ» өндіріс базаларында өткізіледі.

 

Кесте 1. Мамандықтар бойынша тәжірибе базалары

Мамандық

 

Тәжірибенің түрі

Тәжірибе базасының атауы

1

0201000 «Құқықтану»

 

Өндірістік

Атырау облысы Құрманғазы АІІБ, Махамбет АІІБ, БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, жеке сот орындаушылары С.М.Тынышкалиев, А.Е. Досжанов,  БҚО адвокаттар алқасы, адвокат Т.Б.Сарсенова «БЕМиК» заңгерлік компаниясы, БҚО ІІД Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі   мемлекеттік мекемесі

2

0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)»

 

Біліктілік

Орал қаласы «ZKMK» АҚ, Атырау облыстық филиалы, «Қазақстан халық банкі» АҚ,  «BUHGALTER-KZ» ЖШС, Орал қаласы, «БҚО әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық қазақ драма театры» МКҚК, БҚО Ақсай қаласының №2 ЖББМ, «Люкс» ЖШС, «Мендыгреева К.Ж.» ЖК, БҚО Ішкі істер департаменті, БҚО бойынша Қазынашылық департаменті, мемлекеттік мекемесі, ,«Орал-Жаңа үй құрылыс комбинаты» ЖШС, «МФО «Credital» ЖШС.

3

0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)»

Жұмысшы мамандығын алу

«КазТрансГазАймақ» БҚӨБ АҚ,

 «Уральскнефтегазгеология» АҚ,

«ИнтергазОрталықАзия» АҚ

4

0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)»

Технологиялық практика

«Уральскнефтегазгеология» АҚ,

«Везерфорд» ЖШС, «БатысБұрғылауСервис» ЖШС, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ

 

5

0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»

Технологиялық практика

«Уральскнефтегазгеология» АҚ,

«Везерфорд» ЖШС, «БатысБұрғылауСервис» ЖШС, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ

 

6

0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)»

Дипломалды практика

«Уральскнефтегазгеология» АҚ,

«Везерфорд» ЖШС, «БатысБұрғылауСервис» ЖШС, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ

 

7

0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»

Дипломалды практика

 Уральскнефтегазгеология» АҚ,

«Везерфорд» ЖШС, «БатысБұрғылауСервис» ЖШС, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ

 

8

0601000 «Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»

Дипломалды практика

«Зенит» АҚ, «Оралагроремаш» АҚ

9

1206000 «Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі»

Мамандық практика

«Аққайнар» НӨК АҚ

«Желаев» НӨК АҚ

10

1513000 «Ветеринария»

 

Өндірістік практика

 Атырау обл., Жылыой, Исатай, Индер аудандық вет.стан., Маңғыстау обл., Түпқараған вет.стан., БҚО Сырым, Бөкей Орда, Жәнібек, Ақжайық, Казталов ауд., ветеринарлық станциялары

Технологиялық практика

Қызылорда обл., Қазалы, Арал, Қармақшы вет.стан., Маңғыстау обл., Бейнеу, Қарақия, Түпқараған аудандық вет.станциясы, Бөкей Орда ауд., Бөрлі ауылд.вет.стан., Ақжайық ауд., Мерген ауылы вет.стан. Қаратөбе, Сырым, Теректі вет.станциясы, Жаңақала, Казталов, Бөкей Орда, Ақжайық аудандық және округтік ветеринарлық станциялары, Орал қалалық ветеринарлық станцияся

11

1505000 «Балық шаруашылығы»

 

Оқу, танысу, технологиялық практика

«Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндрісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС,

«Кублей» ЖШС, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Биотехнология және табиғатты пайдалану ҒЗИ»

Өндірістік-технологиялық практика

«Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндрісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми зерттеу институты», «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», «Орал-Каспий», «Игіліков Т» ЖК, Сырдария аудандық «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», «Арал сервистік-дайындау орталығы»,  «Камбала Балық Балықшылар өндірістік-орталығы», «СПК Қызылорда Балық» ЖШС, «Қарашалан сервистік-дайындау орталығы», ҚазақБШҒЗИ Арал филиалы ЖШС

12

0902000 «Электрмен қамтамасыз ету

Оқу-өндірістік

Орал Трансформатор зауыты,

«БҚ ЭЖТК» АҚ

 

Технология

лық, диплом алды

«БҚ ЭЖТК» АҚ, «Атырау Жарық» АҚ, «СПМК-123» ЖШС, «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «КапиталПромстрой» ЖШС г.Атырау,  «Жайықжылуқуат» АҚ, «НК «Қазақстан темір жолы», «Уральская дистанционная электроснабжения»

 

13

1304000 – «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздан

дыру (түрлері бойынша)» 

Өндірістік-технология

лық, дипломалды

Ақсай қаласы, АҚ «Қазақтелеком»

Ақтау қаласы, ЖШС «Кемер Астана»

Орал қаласы, АҚ «ЖайықЖылуҚуат»

14

1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Оқу-өндірістік

«Орал Трансформатор зауыты» ЖШС

Технология

лық  (Кәсіптік дағдыға ие болу мен бекіту)

«УралТехСервис» ЖШС

Технология

лық (Мамандық бейіні жөнінде)

«УралТехСервис» ЖШС

Диплом алды (біліктілік)

«Ермек» ЖК, «Гиметдинов Д.Б.» ЖК,

КХ «Қойшығали», Ақжайық ауданы

МКМ « Аудандық коммуналдық шаруа», Тасқала ауд

МКМ « Аудандық коммуналдық шаруа», Тасқала ауд

ЖШС «ДорремСервис», Орал қ

КТ «Искандер», автомеханик бірлестігі,  Зеленов ауданы

Оқу-өндірістік шеберханалардағы

«Пассажир-Авто» ЖШС,

«БҚ АП» ЖШС,

«Қазақстан-Елім» ЖШС,

Өндірістік (мамандық бейіні жөнінде)

«Қазақстан-Елім» ЖШС,

«Жайық жарығы» ЖШС,

«УралТехСервис» ЖШС,

«БҚО көліктік бақылау инспекциясы» РММ

Технологиялық  (Кәсіптік дағдыға ие болу мен бекіту)

«Пассажир-Авто» ЖШС, «БҚ АП» ЖШС, «Қазақстан-Елім» ЖШС

Диплом алды (Біліктілік)

«БҚО ЖК және АЖ басқармасы ММ, «№1 БҚ АП» ЖШС, «№1 ЖАМ» ЖШС, «Сапар» ЖШС, Ақтөбе қаласы, «Пассажир-Авто», «Қазақавтодор» РМК БҚ ОФ

15

1510000 -   «Ауыл  шаруашылығын  механикаландыру»

Механикаландыру жұмыстары

ның технологиясы бойынша

ИП «Ермек»,

ЖШҚ «Жасқайрат»,  Казталов ауданы

ЖК «Гиметдинов Д.Б.», Орал қаласы

ЖК «Кураков М.А.», Орал қаласы

КТ «Искандер», автомеханик бірлестігі,  Зеленов ауданы, «ДорремСервис», Орал қаласы ЖШС

 

 

 

Колледжде төрт мамандық бойынша, яғни  1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1513000 «Мал дәрігерлігі», 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару», 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)» мамандықтар дуалды оқыту жүйесінің моделімен оқытылуда.    


Дуалды оқыту жүйесінің моделін жүзеге асыру үшін БҚО Кәсіпкер палатасымен келісе, «Урал ТехСервис» ЖШС, «Ізденіс» ЖШС, «Пассажир-Авто» ЖШС, «Оралагрореммаш» ЖШС, «Ардактау» оқу орталығы, «Казахавтодор» РММ, «КазАвтожол» БҚФ, «Ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясы» ЖШС, «Орал Трансформатор заводы» ЖШС  мекемелерімен 10 үш жақты келісім шарт жасалды.


Дуалдық оқытудың негізгі артықшылығы, ең алдымен оқушы өндірістегі қарым қатынасқа колледж іргесінде үйренеді, өндірістегі дайын өнімді шығаруға қатысады.


Күні бүгін төрт мамандық бойынша 398 оқушы, соның ішінде 309  мемлекеттік тапсырыс негізінде дуалды оқыту жүйесінің моделімен оқытылуда.


«Ғылыми зерттеу ветеринарлық станциясы» ЖШС базасында 1513000 «Мал дәрігерлігі» мамандығының филиалы ашылды. Бұл дуалды оқытуда тәжірибенің бір түрінен екіншісіне өту кезінде оқушылардың теориялық білімді бекіту, оларды нақты өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану мүмкіндігін кеңейтті. «Уралтехсервис» ЖШС өндіріс орнында өндірістік оқыту кезінде оқытылатын топтар екі топшаға бөлінеді. Өндірістік оқыту алдында өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы В.М. Синельников техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырып әрбір оқушылардың жұмыс орындарың белгілейді. Өндірістік оқытудың орындалуы, өндірістің ішкі тәртібі сақталуы арнайы пәндер оқытушылары Э.А. Мукангалиева және Д.А. Кунакбаева жүргізеді.



2017-2018 оқу жылында дуалды оқыту жүйесінің оқу-өндірістік практика базаларын кенейту мақсатында қосымша екі жақты 8 келісім шарт жасалды, олар: «Аksai Supple Servise» ЖШС,  «БИПЭК АВТО Казахстан» ЖШС, Автосервис «Ильичев», «Пассажирское автотранспортное предприятие №1» ЖШС, «Жакасов-автосервис» ЖК, «Казақавтожол» ЖШС БҚОФ, «Темирлан» ҚШ,  «Мұнайлы аудандық ветеринарлық станциясы».


Қазіргі кезеңде кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік нақты білім беру мекемелерінің жұмыс берушілермен, жергілікті атқарушы үкімет, еңбекпен қамту қызметтерімен, қоғамдық ұйымдармен жастардың кәсіби қалыптасу, олардың аймақтық еңбек нарығын игеру үдерісіне қатысушы барлық тараптардың мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған өзара әрекеттесуінің ерекше түрі болып табылады.