Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

«Техникалық пәндер» пәндік циклдік комиссиясы

«Техникалық  пәндер»  пәндік  циклдік  комиссиясы

ПЦК әдістемелік мәселесі:  Техникалық және кәсіптік білім беру жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, бәсекеге қабілетті, кәсіби дағдыларды сапалы меңгерген, әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік еңбектің білікті мамандарын даярлау және  облыс пен республикадағы колледждер рейтінгісінде алдыңғы орындарға иегер болу.

 

            ПЦК мақсаты мен міндеттері:

- Цикл пәндері мен кәсіби модульде пәндерді меңгеруге қойылатын талаптарды жүзеге асыру;


- Іс-әрекетке, тәжіриебеге және оқытудың интерактивті технологияларына басымдылық білдіріп, білім беру үрдісін оңтайландыру;


- Оқу-әдістемелік және ғылыми- әдістемелік базаны модернизациялау (оқу-әдістемелік кешендер, құралдар дайындау, электронды оқыту ресурстарын, электронды лекциялар курсын, электронды оқулықтар, презентациялауға арналған мультимедиялық бағдарламалар, т.с.с.)


- Білім беру үрдісінде сабақтың белсенді және интерактивті түрлерін пайдалану (іс – тәжірибенің кезінен жағдаяттарды талдау, еңбек әрекетін имитациялау, проблемалық оқыту, жобалау әдісі, рөлдік және іскерлік ойындар, оқу эксперименті, т.с.с )

- Жұмыс берушілердің белсенді араласуымен маманның компетентті моделін қалыптастыру;

- Негізгі білім оқу бағдарламаларының мазмұнын түлектің өңірде қажеттілікке ие кәсіби қызметіне бағыттау;

- Оқушылардың жалпы және кәсіби компетенцияларын анықтайтын бағалаудың жаңа әдістері мен түрлерін қалыптастыру және бекіту.

 

«Техникалық  пәндер» пәндік циклдік  комиссиясының  құрамы

 

 

ПЦК төрағасы: Дюсенгалиева Арайлым Махмудовна


Мамандығы: 
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы


Білімі:  
Жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2009ж. ЖБ №0289900

 

Біліктілігі: бейорганикалық заттардың химиялық технология бакалавры, 2009ж. Магистратура  жарытылыстану магистрі, ЖООК-М № 0047201

 

Жұмыс өтілі: Жалпы-9 жыл, Пед.- 7 жыл

 

Екінші  санатты жалпы техникалық пәндер  оқытушысы.

 

 

Аты-жөні: Кунакбаева Дария Ароновна

 

Мамандығы: Ауыл шаруашылығын механикаландыру

 

Білімі:  Жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты, 1988ж. РВ №127965

 

Біліктілігі: Инженер-механик, 1988ж.

 

Жұмыс өтілі: Жалпы-36 жыл, Пед.- 29 жыл

 

Жоғары  санатты арнайы пәндер  оқытушысы.

 

 

 

Аты-жөні: Байгелова Алтынай Шарипуллиевна

 

Мамандығы: Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен  тасымалдау ұйымдастыру

 

Білімі:  Жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2011ж. ЖБ –Б №0030738

 

Біліктілігі Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен  тасымалдау ұйымдастыру бакалавры, 2011ж. Магистратура  қызмет көрсету саласының  магистрі,

 

ЖООК-М № 0047227

 

Жұмыс өтілі: Жалпы-7 жыл, Пед.- 6 жыл

 

Екінші  санатты арнайы пәндер  оқытушысы.

 

 

Аты-жөні: Мукангалиева Элбвира Аблаевна

 

Мамандығы: Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану

 

Білімі:  Жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2008ж. ЖБ  №0057899

 

Біліктілігі Көлік бакалавры, 2008ж.

 

Жұмыс өтілі: Жалпы-8 жыл, Пед.- 5 жыл

 

 

Аты-жөні: Мендешова Эльвира Акылбековна

 

Мамандығы:  Машина жасау

 

Білімі:  Жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2010 ж. ЖБ –Б №0126265

 

Біліктілігі Машина жасау бакалавры, 2010ж. Магистратура  Көлік, көлік техника және технологиялары  магистрі, ЖООК-М № 0044074

 

Жұмыс өтілі: Жалпы-8 жыл, Пед.- 2 ай

 

2018-2019 оқу жылында  Техникалық пәндер пәндік циклдік комиссия құрамына қарасты  мамандықтар

 

Мамандығы:  1202000 – «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты  

                                            басқару (сала бойынша)»

Біліктілігі: 1202063 – «Техник»

 

Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

   Автомобиль көлігінің халық шаруашылығында рөлі күн санап өсуде. Елімізде автомобильдер санының қарқынды өсуіне байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен маңызға ие екендігі белгілі.

Сондықтан аталған мамандық білім алушыларға тасымалдау процесін басқару мен ұйымдастыру негізінің теориясын, жүк және жолаушыларды тасымалдау үрдісін, жылжымалы құрамның қолдану тиімділігін арттыру, тасымалдауды басқарудың прогрессивті формалары және әдістері жайлы негізгі мағлұмат береді. Сондықтан мамандық иесі көлік қозғалысын реттеуде және көліктегі тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру, жүктерді тасымалдау кезінде, жол қозғалысын ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады.

    Техниктің кәсіби қызметінің нышандары: жолаушылар және жүк, пойызда жүкті тасымалдауды ұйымдастыру, жол қозғалысын ұйымдастыру, жол қозғалысының қауіпсіздігі, автомобиль жолдарын пайдалану, автомобиль көлігі мекемелерінде диспетчерлік басқару, жүк тасымалын ұйымдастыру әр түрлі жүктерді тасымалдау кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігі қызметінде техник ретінде, жобалау ұйымдарында, көлік департаменттері мен бөлімдерінде, аймақтық көлік басқару ұйымдарында жұмыс істей алады.

 

 

Мамандығы: 1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және 

                                           пайдалану»

 

Біліктілігі: 1201133 – «Техник-механик»

 

Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

    Автомобиль көлiгi елiмiздің тасымал кешенiнде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер-кооператив, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етiп, еліміздің халқына тынымсыз еңбек iстеп келедi.

   Автомобиль көлiгiнiң алдында тұрған бiрден-бiр маңызды мәселе, автомобильдiң пайдалану сенiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Бұл мәселенi шешу бiр жағынан, автомобиль өндiрушiлердiң анағұрлым сенiмдi автомобиль шығаруымен қамтамасыз eтілce, екiншi жағынан - автомобидердi техникалық пайдалану әдiстерiн жетiлдiру болып табылады. Бұл козғалыс құрамын калыпты жағдайда ұстап тұру үшiн қажеттi өндipicтік база құруды, техникалық қызмет пен жөңдеудiң алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерiсiн тиiмдi механикаландыру жабдықтарын, өндipic процестерiнің, жұргiзушiнiң мамандығын жоғарылатуды талап етедi.                                  

            Техниктің кәсіби қызметінің нышандары: автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалануға беру жұмыстарын ұйымдастырып басқарумен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдарда, автокөлік кәсіпорындарында, автоколонналарда, көлік-экспедициялық кәсіпорындарында, автожөндеу зауыттары, техникалық қызмет көрсету станцияларында жұмыс жасай алады.

 

Мамандығы: 1511000 – «Жерге орналастыру»

 

Біліктілігі: 1511033 - «Техник»

 

Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 6 ай.

    Жерге орналастыру - бұл жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі.

    Қазіргі кезде жер қорын тиімді пайдалануға бағытталған жерге орналастыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін техник мамандарға деген сұраныс мол.

    Қазақстан Республикасында қалалардың ірілену үрдісі байқалуда. Ауыл халқының қалаға қоныс аударуларына байланысты, қала көлемі мен қала халқының саны артып келеді. Тұрғындар санының артуы қала өлшемінің ұлғаюына және қосымша тұрғын аудандар мен жұмыс орындарының санының артуына әкеледі. Осы тұрғыда жерге орналастыру жобаларын құрастыру және негіздеу, ҚР азаматтарының жер иеленуін және пайдалануын қалыптастыру, ауыл шаруашылық және басқа бағыттардағы кәсіпорындардың жерді пайдалануын қалыптастыру үшін «Жерге орналастыру» мамандығы қажеттіліг өте жоғары.

     Аталған мамандықтың иесі Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, оның кәсіпорындары, ұйымдары, жер қатынастары басқармалары мен бөлімдерінде маман, жерге орналастыру жобалаушысы және іздестірушісі, геодезисі ретінде жұмыс істей алады. Сондай-ақ маман иесі аталған қызмет аясында жерлердің геодезиялық және топографиялық түсірістері, жерлердің фотограмметриялық жұмыстары мен картографиялау, соның ішінде геоақпараттық және сандық технологияларды қолдану, жерге орналастырудың барлық түрлерін жүргізу және жобалау, жер ресурстарын басқару, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу сияқты жұмыстарды атқарады.

 

Мамандығы: 1510000 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

 

Бiлiктiлiгі: 1510043 – «Техник-механик»

 

Оқу мерзімі: негiзгi орта бiлiмнiң базасында 3 жыл 6 ай, негізгі орта бiлiмiнiң базасында 2  жыл 6  ай.

        Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшін ауылшаруашылығының алатын орны өте маңызды. Соңғы жылдары ауылшаруашылығы және аграрлық секторды дамыту бағытына қарай үлкен бетбұрыстар жасалды. Қазіргі кезде бұл сала қарқынды дамып келе жатқандықтан, болашақта мамандықтың қыр-сырын жете меңгерген мамандар қажеттілігі туындайтыны белгілі.Сондықтан қазіргі таңда аталған мамандықтың ауылшаруашылығы саласында маңыздылығы артып отыр.

       Техниканың кәсiби қызметтiң объектерi – механика болып табылады: Ауылшаруашылығындағы өндiрiстiк процесстердi механикаландыруды қамтамасыз ету және ауылшаруашылық техниктiң бұзықсыз жұмысының ұйымының процессi; диагностикалық процесс, жөндеу және ауылшаруашылық жабдық тетiктерiнiң реттеуi.  

 

Мамандық бойынша дайындау барысында оқушыларға жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндерден басқа, жалпы техникалық пәндер бойынша, сонымен бірге,мамандықтың арнайы пәндер циклінде автомобиль құрылымы, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, қазіргі кездегі диагностика құралдары, автомобильдердің электр жабдықтары, автомобильдерді жөндеу бойынша білім беріледі. Барлық арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтар пәнге байланысты зертханаларда өткізілсе, кәсіби және оқу практикалары кезінде мекемелерде өткізіледі. Осы оқу жылынан бастап жалпы орта білімнен кейінгі қабылданған топтарды дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Бұл жүйе бойынша барлық теориялық оқыту уақытының 30-40% теориялық сабақтарға берілсе, қалған 60-70% практикалық сабақтарға бөлініп, ол сабақтар шеберханалар, зертханалар және жоғарғы курстарда келісім-шартқа отырған мекемелер базасында өткізіледі. 

Бұл мамандық  бойынша білім алған мамандар халық шаруашылығының барлық саласында, әсіресе автомобиль көлігінің  қызметін пайдаланатын барлық мекемелер мен кәсіпорындарда қызмет атқара алады. Сонымен бірге, автокөлік шеберханалары, автомобильдерді жөндеу орындары, ірі автомобиль зауыттары және ТҚК орындары,т.б. жерлерде жұмыс жасайды.

 

 

Мамандығы:  1014000 - Машина жасау технологиясы

 

Бiлiктiлiгі: 1014023  – «Техник-механик»

 

Оқу мерзімі: негiзгi орта бiлiмнiң базасында 3 жыл 6 ай, негізгі орта бiлiмiнiң базасында 2  жыл 6  ай.

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдығын құрастыру, реттеу, дұрыстау және күту; бөлшектерді жөндеу мен қалпына келтіру, технологиялық үрдістерді жобалау қызметтері бойынша еңбек ете алады.

 

Күнделікті өмірде қолданатын кез келген механизмдер қарапайым немесе күрделі бөлшектер мен байланыстардан тұрады. Олардың барлығы машина жасау өнімдері - әртүрлі механизмдер мен машиналарды шығарумен айналысатын ұлттық экономиканың саласы. Машина жасау технологиясы - машина жасау саласында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін білімдер мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін мамандық. Машинажасау технологиясы оқу орындарында арнайы техниканың (түрлі типтегі станоктарды), зертханаларды, арнайы бағдарламалары бар компьютерлерді - сызбаларды, технологиялық процестерді, 4D үлгілерін құру және т.б. үшін қатысуын талап етеді. Машина жасау технологиясы тез дамып келе жатқан және өзгеретін мамандық болып табылады, ол үнемі өндірісте пайда болатын жаңа технологияға бейімделеді. Сондықтан, осы мамандықты таңдаған оқушыларға тек диплом алғанға дейін ғана емес, инженер-мамандар өздерінің біліктіліктерін жоғарылату керек екенін білу керек.

 

101402 3 – Техник-механик біліктілігі бойынша орта буын маманының кәсіптік құзыреттері:

  • электр жабдықтарын техникалық пайдалану ережелерін және қолданылуын білу;
  • жабдықтың жұмыс істеу және жұмыс істемей тұру ұзақтылығын, себебін анықтау, жөндеу үшін қажет материалдар, қосалқы бөлшектер, бөлшектер мен аспаптардың сұраныстық тізімін инженерлік техникалық бағдарламасын қолданып жүргізу;
  • қалпына келтірілген және жөнделген машиналар мен жабдықтарды күту, реттеу, сынақтан өткізе білу;
  • тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдері мен әртүрлі әдістерді қолдану;
  • жабдықтарды жасау үшін қолданылатын негізгі конструкциялық материалдардың маркіленуін, оларды қатайту және пайдалану барысында пайда болатын коррозиядан қорғау тәсілдерін білу;
  • жөнделген, дайындалған және қайта қалпына келтірілген бөлшектерді жууды, тазалауды, дефектациялауды білу.

 

 

Практикалардың өткізілуі және ұйымдастырылуы Өндірістік оқытудағы атқарылған жұмыстары (ақылы іс-тәжірибеден өту) туралы ақпарат

 

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық  колледжінде жыл басына ҚР білім беру стандартына сай оқу жұмысы жоспарланып, әзірленеді. Жыл басында теориялық және тәжірибелік сағаттар саны мен өткізілу уақыты анықталып, арнайы оқу үрдісінің кестесі құрылады, атаулы кесте негізінде оқу жұмысы ұйымдастырылады. Бұл үрдіске  арнайы пән оқытушылары әлеуметтік серіктестер  және жұмыс берушілер қатысады.

Колледжде оқу процесінде кәсіби практикаларға үлкен мән беріліп отырады. Өндірістегі оқыту мына төмендегі бағыттар бойынша жұмыс атқарылады:

  1. Колледждегі кәсіби практиканы ұйымдастыру, өткізу, бақылау және талдап қорытындылау.
  2. Студенттердің кәсіби практикасын Қазақстан Республикасы «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы» Заңдарына, сондай- ақ Қазақстан Республикасының кәсіптік және техникалық білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес жүргізу.
  3. Практиканың барлық түрлерінің сапалы өтуін қадағалау.
  4. Кәсіби практика кезінде студенттердің теориялық оқыту процесінде алған білімдерін бекіту, тереңдету және жүйелеу, оқитын мамандығы бойынша қажетті практикалық дағдыларды үйрету, сондай-ақ оларды болашақ еңбекке баулу.
  5. Студенттермен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқаулар беріп, әңгімелесу, оларға әдістемелік көмек көрсету.
  6. Еңбек нарығы мен білім беру қызметіндегі сұраныс пен ұсынысты зерттеу, әлеуметтік серіктестерге қажет, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың бағыттарын анықтау.
  7. Түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету.

Оқушылардың  кәсіби практикасына мыналар жатады:

1)оқу практикасы (танысу немесе алғашқы кәсіби дағдылар алу);

2) технологиялық практика (мамандықтың бейіні бойынша) 3 курс оқушылары өтті;

3) өндірістік (диплом алдындағы жұмыс) практикасы 2 семестрде.

 

Кәсіби практиканы өту және орындау туралы есепке мыналар жатады:

А) кәсіби практика бағдарламаларының орындалуы туралы жазбаша есеп;

Б) кәсіби практиканы өту туралы оқушылардың  күнделік-есебі;

В) практика өтіп жүрген жерден ұсынымдалатын біліктілік деңгейі көрсетілген өндірістік сипаттама.

Кәсіби даярлық оқушылардың мамандығының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындарда (ұйымдарда, мекемелерде, шаруашылықтарда) өткізілетін болғандықтан алдын-ала олармен келісім-шарт жасалады. Бұл келісім шартта тараптардың міндеттері көрсетілген. Бөлім мамандығының оқушылары жыл сайын тәжірибе тапсырмасына сай, өз мамандықтары бойынша әр түрлі мекемелерден келісім шарт негізінде практикадан өтеді. Мысалға 2017-2018 оқу жылында: «УралТехСервис» ЖШС, «ПассажирАвто» ЖШС, «ОралАрдақтауОқуОрталығы» ЖШС, «Ізденіс» ЖШС мекемелерімен келісім шарқа қол қойылып іс-тәжірибеден өтті.

Оқушылар практика түрлерін өту барысында  арнайы пән оқытушылары және кәсіпорын тарапынан жетекшілер көптеген қазіргі заман талаптарына сай кәсіпорынның жұмыс атқаруы мен мәселелерін шешу барысымен, жаңадан ашылған кәсіпорындардың  жаңа техника, технологиясымен   оқушыларға қажет білімді дағды ретінде қалыптастыруына, жаңа техникамен жабдықталуына сай қосымша техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысуына, жаңа техникамен жұмыс істеп, жаңа енген технологияларды қолдануды үйренуге, жабдықтардың техникалық жұмыс режимімімен танысуға және тәжірибені өту кезінде құжаттардың жүйелілігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуді меңгеріп, жеткізе алуларына жетекшілік етеді.

 

 

Оқу практикасы

 

 

 

2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар

             2017-2018 оқу жылының  20-24.11.2017 күндер аралығында «Техникалық» пәндер апталығында 4 ашық сабақ, 4 сабақтан тыс іс-шаралары өткізілді. 

Бөлім оқытушысы  Баданова Х.Ж. жоғары санаттылыққа өтуіне байланысты 08.12.2017 ж. күні «Физика және астрономия» пәнінен ЭНГМ 911 тобына «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында ашық сабағын  өткізді.

Сонымен қатар бірінші санаттылыққа үміткер Кудабаева Г.К. 11.12.2017ж. күні «Информатика» пәнінен ЭНГМ 912 тобына «Общие сведения о табличном редакторе Microsoft Excel 2010» тақырыбында ашық сабағын  өткізді.

   2017-2018 оқу жылында 8  оқу –әдістемелік құралдар (1- ISBN) жарық көрді.  

Биылғы оқу жылында біліктілік арттыру курсынан:

QAZSAQ MEDIA ұйымдастырған «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» тақырыбындағы ақпараттық республикалық тренинг курсынан Кудабаева Г.К. (№Q 17 96, 11.10.2017), Таутешова Б.Т. (№Q 17 90, 11.10.2017), Баданова Х.Ж. (№Q 17 87, 11.10.2017)  өтті.

23.08.17-23.11.17жж аралығында өткен ағылшын тілін оқыту курсынан техникалық бөлім оқушылары Дюсенгалиева А.М., Уахитов А.А, Баданова Х.Ж,  Рахматуллина Г.Т, Баигубенова С.К., Мусагалиев Б.Т «Elementary» деңгейін және Байгелова А.Ш, Таутешова Б.Т., Кудабаева Г.К.        « Pre-Intermediate» деңгейін аяқтады.

  • Бөлім оқытушылары Б.Ж Сахиев және Г.Т.Рахматуллина (№ 0285851, 02.18-16.02.18жж) «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беруде заманауи педагогикалық және SMART технологияларды пайдалану» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының арнайы пән оқытушыларына арналған ақылы біліктілікті арттыру курсынан өтті;
  • Бөлім оқытушысы Х.Б. Баданова «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы жалпы білім беретін пән оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі» курсынан өтті;
  • Оқытушы Г.К. Кудабаева «Орал ақпараттық-технологиялар колледжінде» өткен «Platonus» автоматтандырылған жүйені енгізу курсынан өтті.
  • 03.18-06.06.18жж аралығында өткен «Нұрболашақ» оқу орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілін оқыту курсынан бөлім оқытушылары Дюсенгалиева А.М., Баданова Х.Ж,  Рахматуллина Г.Т, Мусагалиев Б.Т «Elementary» деңгейін және Байгелова А.Ш.  «Pre-Intermediate» деңгейін аяқтады.
  • Техникалық бөлім оқытушысы Баданова Х.Ж.  «Маман»  республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналына «Жаңашыл ұстаз» атты мақаласы басылымға шықты. (01.01.18ж)

- Батыс Қазақстан облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін техникалық бөлім оқытушысы Таутешова Б.Т. Құрмет грамотасымен марапатталды (казан, 2017);

- Облыстық «Үздік электрондық оқу-әдістемелік кешен» байқауында Таутешова Б.Т. жүлделі ІІІ орынды иеленді.

- «Педагог» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналға 10.06.2018ж. күнгі номерінде «Батыр қыз рухына тағзым» атты мақала басылымға шықты.

- «Педагог»  республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналына техникалық бөлім оқытушысы Х.Ж.  Баданованың «Люминесцентті шамды шамдалдар:құрылғысы, қолданылу саласы» атты мақаласы басылымға шықты (06.06.18ж);

  • Оқытушы Х.Ж.Баданова техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтері арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауына қатысты.
  • Оқытушы Г.К. Кудабаеваның «Создание базы данных в BorlandDelphi7» атты мақаласы «Конспекты уроков.РФ» (25.01.2018ж №КУ55083) және «Относительные и абсолютные ссылки в Excel»  ru (15.02.2018ж №459382) халықаралық сайтында жарияланды;
  • planetskills.info халықаралық ағартушылық сайтында арнайы пәндер оқытушысы А.Ш.Байгелованың «Алғыс айту мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты сценарийі» жарияланды (11.05.2018ж №М400890 ).
  • Оқытушы Г.К. Кудабаеваның QAZSAQ EDUCATION  республикалық ғылыми –әдістемелік журналына «Объектно-ориентированное программирование на языке Action  Script 2.0 в Adobe Flash CS» атты мақаласы басылымға шықты.

 

         Казань қаласында өткен «Ең үздік маман-2018 жыл» атты кәсіби шеберлігі бойынша ІІ халықаралық байқауына Имашева А. қатысып 3 орынды иеленді (ғылыми жетекшісі – Дюсенгалиева А.М.) (05.2018);

 

 

       1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының оқушысы Есендосов М «Үздік механик» облыстық байқауында 3 орынды иеленді (ғылыми жетекшісі – Уахитов А.А.) (Мамыр, 2018).