Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Әдістемелік жұмыс

Әдістемелік жұмыс

               Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің әдістемелік жұмысы мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуда, кәсіптік өсу үшін жағдайлар жасауға бағытталған білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ететін педагогикалық дағдылар мен кәсіптік құзыреттерді жетілдіру факторы болып табылады.

               Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің әдістемелік жұмысы әдістемелік кеңесті басшылыққа алады. Оның негізгі міндеттері:-білім беру сапасын арттыру; колледждің оқу-жаттығу жұмыстарын жетілдіру бойынша нұсқаулықтар мен ұсыныстарды дайындау;- колледж оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету;- колледж оқытушыларының жұмыс бағдарламалары мен оқу материалдарын талдау;- озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, синтездеу және тарату;- оқытушылар мен студенттердің ғылыми және шығармашылық жұмысын ұйымдастыру;- әдістемелік мәселелер бойынша педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау және т.б. 

Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары:

  • Колледждің оқу-тәрбиелік әрекетін жетілдіру бойынша нұсқаулар мен ұсынымдарды дайындау, білім сапасын арттыру;
  • колледж оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету;
  • колледж оқытушыларының жұмыс бағдарламалары мен дидактикалық материалдарын саралау;
  • білім беру мен тәрбие саласына жаңартулар енгізу және зерделеу;
  • үздік педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау, жариялау (тарату);
  • оқытушылар мен оқушылардың ғылыми-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;
  • әдістемелік мәселелер бойынша педагогикалық кеңес шешімін іске асыру.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыс  толықтай жүргізіледі. Аталған жұмыс ҚР «Білім туралы» Заңы, «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Үкіметінің қаулылары, Т және КБ  бойынша қағидалар мен Т және КБ мемлекеттік стандарттарына сәйкес  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін  көтеру мақсатында ұйымдастырылады. Оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты жүргізу үшін колледже Әдістемелік кабинет жасақталған. Әдістемелік кабинет Әдістемелік кеңес, семинар, конференция, педагогикалық оқуларды өткізу және  ұйымдастырумен қатар, «Бастауыш педагог мектебі» жұмысының, сондай-ақ  сабақ, дәрістердің әдістемелік деңгейін көтеретін орталық болып табылады. Бұл кабинет сабақ, семинар, дөңгелек үстелдер арқылы оқытудың жаңа технологияларын енгізу мақсатында қызмет атқарып келеді, колледждің педагог қызметкерлерін аттестаттау ісіне аса көңіл бөліп, тәжірибелі оқытушылардың жұмысын тарату және колледждің оқу-әдістемелік, ғылыми жұмысын ұйымдастырады.  Аталған кабинеттің жұмысы «Инновациялық технологияларды енгізу арқылы кәсіби мамандарды даярлау бәсекеге қабілетті қоғамның негізі» әдістемелік тақырыбына бағытталған. 

Әдістемелік кабинеттің бекітілген жұмыс жоспары негізінде келесі шаралар  атқарылды:

               Әдістемелік кабинетте алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәжірибесінен қор жасақталып тұрады. Бұл қорды келесі материалдар толықтырып отырады: ашық сабақ жоспарлары; әдістемелік баяндамалар, оқытушылардың шығармашылық папкалары «Портфолиолары», Электрондық портфолио, «Қазақстан кәсіпкері», «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналдарының, «Жайық ұстазы», «Қазақстан мұғалімі», «Егемен Қазақстан», «Жайық үні» газеттерінің мерзімдік шығарылымдары, колледждің оқу-тәрбие үрдісінің видеотекасы, оқытушылардың басылым беттерінде жарық көрген мақалалары.

            Колледжде Әдістемелік кеңестің  отырыстары өткізіліп тұрады.  Кеңесте баяндамалар, оқытушылардың шығармашылық есептері тыңдалып, жоспарлар мен ұйымдастыру сұрақтары талқыланады. Әдістемелік кеңес біртұтас әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысына, апталықтардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне аса көңіл бөліп, оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық көмекші құралдардың орыс және мемлекеттік тілдерде даярлау мен басу ісін қарастырады. Үздік оқытушылардың тәжірибелерін тарату және жинақтау ісі  бойынша жұмыстар тыңдалады.

          Колледж оқытушылары оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қызметін арттыру мақсатында оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдері мен техникалық оқу құралдарын   кеңінен қолданады.

Колледждің педагогикалық ұжымы «Инновациялық технологиялар арқылы білікті маман даярлау – бәсекеге қабілетті қоғам негізі» атты бірыңғай әдістемелік тақырыппен жұмыс жасай отырып, сабақтарда дамыта оқытудың төмендегідей технологияларын ұтымды қолдана біледі: интегративті технология, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,  пікірталас өткізу технологиясы, «Пікірсайыс» технологиясы, тренингтік технологиялар, портфолио, топтық жұмыс технологиясы, оқу материалының сызбалық және белгілік үлгілері негізінде оқыту технологиясы, дуалды жүйе.

Әдістемелік кабинетте әдістемелік кеңес, семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар өтеді, сондай-ақ бұл орталық  сабақ өткізу, дәріс беруде әдістемелік жағынан көмекпен қамтамасыз етуде біраз септігін тигізеді. «Бастапқы педагог мектебінің» жұмысы ұйымдастырылып, жүзеге асырылады. Аталған кабинет сабақ өткізу, семинар, дөңгелек үстелдер жүргізуде оқытудың жаңа технологияларын енгізу үшін арналған. Кабинет колледждің педагог кадрларының аттестациясына, колледждің озық тәжірибесін таратуға және ғылыми жұмыс пен оқу – әдістемелік жұмысқа көп көңіл бөледі. Біртұтас әдістемелік күн аясында  ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар жоспарланып өткізіледі. Бұл сабақтарда колледж оқытушылары оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын, мультимедиялық проектор, компьютер, интерактивті тақта, ОТҚ-ны тиімді  қолданды. Өткізілген сабақтарға колледж оқытушыларымен қоса, өзге колледж  оқытушылары, Т және КБ әдістемелік кабинет мүшелері мен пән бойынша облыстық бірлестік төрағалары қатысады. Оқытушылармен өткізілген бұл  сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өтіп,  өзге колледж оқытушыларына таратуға ұсынылып отырады. Сонымен қоса оқытушылардың сабақтан тыс уақытта өткізген шаралары көрсетіліп, сынып сағаттары, әңгімелесу, конференция, дөңгелек үстел, диспут сияқты дәстүрлі емес түрде өтілген сынып сағаттары беріледі. Колледж бойынша осы аралықта  әр бөлімнің пәндер апталығы өтеді. Бұл апталықта оқытушылар мультимедиялық проектор, интерактивті тақтаны пайдаланып,  ашық сабақтар, семинарлар, викториналар, конференциялар, интеллектуалды ойындар өткізді. Апталық материалдары жасақталып, әдістемелік кабинетке тапсырылады.

Оқушылардың білімін бағалаудың кредиттік жүйемен оқыту элементтері  мен рейтінгілік жүйесі енгізілген, аралық бақылау компьютерде өткізілуде, оқытушылардың  80%-ы оқу үрдісінде интерактивті тақтаны, мультимедиялық проекторларды  қолданады.

Оқытушылар мен оқушылардың облыстық, республикалық  іс-шаралар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып тұрады. Педагог қызметкерлер тәжірибесінің бұқаралық ақпарат  беттерінде, интернет көздерінде  жариялануда.

 

      Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде жас мамандар мен қызметке жаңадан кіріскен педагогтарға көмек көрсету мақсатында «Бастапқы педагог мектебі»  жұмыс жасайды. «Бастапқы педагог мектебі» - БҚИТК әдістемелік қызметінің бөлігі, жас мамандардың немесе кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіне жаңадан келген оқытушылардың біліктілігін көтерудің құрамдас бөлігі болып табылады. «Бастапқы педагог мектебі» - тұрақты жұмыс істеп отыратын педагогтардың кәсіби ұжымы.

 

Мақсаты:

  • жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және ұйымдастыру;
  • жоғары кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру, өзіндік даму мен өзіндік жетілу қажеттіліктерін туындату.

 

Міндеттері:  

  • жас маманның кәсібіи білімін тоқталыссыз жалғасуын қамтамасыз ету, теориялық-әдістемелік деңгейі мен біліктілігін көтеру;
  • кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау;
  • оқытушы қызметінің өнімді жақтарын көтеру, жағдаяттық мәселелерден шығу жолдарын үйрету, жас маманның педагогикалық қызметінің өзіндік стилін қалыптастыруға көмектесу;
  • оқу үрдісінде туындайтын  кәсіби, әдістемелік қиындықтарды анықтау және оны шешуге көмектесу;
  • заманауи технология элементтері мен озат тәжірибені оқу үрдісіне енгізуге көмектесу;
  • талдау және өзіндік талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Оқу жылының басында «Бастапқы педагог мектебі» отырысының жоспары құрылып, оқу орнының директорымен бекітіледі. Жұмысқа тәжірибелі оқытушылар тартылып, жыл бойы жоспар бойынша жұмыс жасалады. Бұл жұмыстың қорытындысы  оқытушылардың өткізген ашық сабақтары, оқу-тәрбиелік іс-шаралары болып табылады.

«Бастапқы педагог мектебі»  жұмыс өтілін жаңа бастаған жас оқытушыларға келесі мәселелер бойынша көмек береді:

  • Жоспарланған құжаттарды толтыруға қойылатын талаптармен таныстыру (жұмыс бағдарламасы, күнтізбелік – тақырыптық жоспар, оқу журналы, сабақ жоспары, кабинет жұмысының жоспары, кабинет паспорты);
  • Колледждің тәжірибелі оқытушыларының шығармашылық жұмыстарын көрсету және жас оқытушылардың тәжірибелі  оқытушылар сабағына  қатысу;
  • Тәжірбиелі оқытушылардың озық тәжірибелерімен танысу;
  • Сабақта қазіргі заманғы жаңа техникалық әдісті ұсыну туралы әңгімелесу және сабақ беру барысында кездесетін тәртіптік мәселелер;
  • «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы интерактивтік түрлері мен әдістері»;
  • Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу;
  • Оқыту тәжірибесінде психологиялық әдістер мен тәсілдерді пайдалану;
  • «Арнайы пәндерді жоспарлау үлгісі»;
  • Колледж  бөлімдері оқытушыларының өзара сабаққа қатысуы туралы талдауы, топ жетекшілерінің тәрбие жұмысын ұйымдастыруы;
  • Колледж оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны, түрі және ұйымдастыру әдісі.