Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Әлеуметтік-гуманитарлық және жалпы білім беру бөлімі

 

«Әлеуметтік-гуманитарлық және жалпы білім беру бөлімі»: Канаткалиева Лаура Амангелдиевна

  1. Туған күні: 23.09.1979            
  2. Байланыс мәліметтері: Эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 
  3. Білімі: жоғары,тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің жоғары білікті санаты

 

Білім ұйымының толық атауы, факультеті, (бөлімі)

Түскен жылы

Бітірген жылы

Мамандығы, біліктілігі

Диплом немесе куәлік нөмірі

1.     

Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

 1997 ж,

 2001 ж,

Тарих пәні мұғалімі

 

Мақсаттары: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – сапалы білім беру, ғылымды дамыту.


Міндеттері:
Мамандар даярлау барысында оқу, ғылыми, тәрбие, өндірістік жұмыстарды ҚР «Білім туралы» Заңы мен «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып,  МЖМББ стандарттары мен мамандықтар бойынша бекітілген үлгілік жұмыс бағдарламаларына сәйкес дайындалған оқу құжаттары бойынша жүргізу.

 

Колледж «Инновациялық технологиялар арқылы білікті маман даярлау-бәсекеге қабілетті қоғам негізі» әдістемелік тақырыбын негізге алып жұмыс жасаса, бөліміміз «Оқытудың инновациялық әдістері арқылы оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанды.

 

Оқу жылы бойынша құжаттар  істер номенклатурасына, оқу-әдістемелік құжаттар мамандықтар бойынша ҚРЖМБС-на сәйкес жасалынды. Бөлімдегі оқу-әдістемелік жұмыстар ҚР Техникалық  және кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылды.

 

Әлеуметтік-гуманитарлық және жалпы білім беру бөлімде оқу – әдістемелік жұмыстар өз деңгейінде жүргізіледі. Орыс ғалымы Л.В.Зенков айтқандай, «Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден –бір жолы» осы мақсатта заманауи жоғары технологияларды пайдаланып белсенді ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізетін, пәнге деген  қызығушылық танытатын, өз біліктілігін арттыруға ұмтылатын педагогикалық кадрлар жұмыс істейді. Бөлім құрамында 19 оқытушы жұмыс істейді, олардың біліктілігі мамандық бейініне және оқытылатын пәндерге сәйкес келеді. Оқытушылар біліктілік санаттары мен оқушылармен жұмыс тәжірибесі бар, жоғары санатты 5 оқытушы, бірінші санатты 6 оқытушы, екінші санатты 2 оқытушы, санатсыз 6 оқытушы бар, бөлімшенің санаттылығы: 68,4% құрайды.