Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Экономика және сервис бөлімі

  

  1. «Экономика және сервис» бөлім меңгерушісі: Султангазиева Айгерим Муратовна
  2. Туған күні: 18.02.1986            
  3. Байланыс мәліметтері: Эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 
  4. Білімі: жоғары,техника ғылымының магистрі

 

Білім ұйымының толық атауы, факультеті, (бөлімі)

Түскен жылы

Бітірген жылы

Мамандығы, біліктілігі

Диплом немесе куәлік нөмірі

1.     

БҚ инженерлік-технологиялық университеті

2006ж

2009ж

Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету

2.     

БҚ инженерлік-технологиялық университеті

2011ж

2013ж

Ақпараттық жүйелер

№0047826,

техника ғылымдарының магистрі

 

Мақсаттары: Бөлім мамандықтары бойынша қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті, жоғары компетентті, білікті мамандар даярлау.

 

Міндеттері: Мамандар даярлау барысында оқу, ғылыми, тәрбие, өндірістік жұмыстарды ҚР «Білім туралы» Заңы мен «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып,  МЖМББ стандарттары мен мамандықтар бойынша бекітілген үлгілік жұмыс бағдарламаларына сәйкес дайындалған оқу құжаттары бойынша жүргізу.

 

Колледж «Инновациялық технологиялар арқылы білікті маман даярлау-бәсекеге қабілетті қоғам негізі» әдістемелік тақырыбын негізге алып жұмыс жасаса, бөліміміз «Оқытудың инновациялық әдістері арқылы оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанды.

 

Оқу жылы бойынша құжаттар  істер номенклатурасына, оқу-әдістемелік құжаттар мамандықтар бойынша ҚРЖМБС-на сәйкес жасалынды. Бөлімдегі оқу-әдістемелік жұмыстар ҚР Техникалық  және кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылды.

 

Экономика және сервис бөлімде белсенді ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізетін, мамандарды дайындауға кәсіби қызығушылық танытатын, өз біліктілігін арттыруға ұмтылатын педагогикалық кадрлар жұмыс істейді. Бөлім құрамында 21 оқытушы жұмыс істейді, олардың біліктілігі мамандық бейініне және оқытылатын пәндерге сәйкес келеді. Оқытушылар біліктілік санаттары мен оқушылармен жұмыс тәжірибесі бар, жоғары санатты 5 оқытушы, бірінші санатты 5 оқытушы, екінші санатты 4 оқытушы, магистр академиялық дәрежесі бар 4 оқытушы және санатсыз 3 оқытушы бар, бөлімшенің санаттылығы: 66,7% құрайды.

 

2017-2018 оқу жылы бойынша  экономика және сервис бөлімінде  күндізгі негізде 510 оқушы оқыды.

 

Студенттердің біліктілігі жоғары, білімі терең маман етіп шығаруда маңызды саналатын білім ордасының материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай жабдықталған.