free templates joomla
Жұма, 15 Ақпан 2013 11:39

Жалпы ережелер

Written by 

 

        «Келісілді»

Білім басқармасы

басшысының орынбасары  ______________Сабиров Н.М

«____» __________ 2014 ж.

          «Бекітемін»

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің

директоры  ______ С.А.Алимбеков

«____» __________ 2014 ж.

 

 

МЕББМ«Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжіне»

2014-2015 оқу жылына оқуға қабылдау ережелері:

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжіне (мемлекеттік лицензиясы АБ № 0036514 2010 ж. 6 тамыздан) 2014-2015 оқу жылына қабылдау ережесі Қазақстан Республикасының №487-IV 2011 жыл 24 қазанындағы «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде 2012 жылдың 19 ақпан №130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы оқуға қабылдаудың Типтік ережесін бекіту жөніндегі» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сүйене отырып құрастырылған.

         2. «Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжіне»  негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.

      Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      Басқа шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар Батыс Қазақстан инженерлік–технологиялық колледжіне Қазақстан Республикасының  заңнамаларында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

    3.Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжіне қабылдауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпанындағы № 264 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес орта кәсіптік білім мамандарын даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысына квота беріледі:

     1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1%;

    2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5%;

    3) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30%;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2%;

      5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1%;

   4. Туыстас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар азаматтар қысқартылған бағдарламалар бойынша оқуға қабылданады.

       Аталған санаттағы тұлғалар үшін колледжге түсу емтихандарын тапсыру әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады. Мамандық бейіні сәйкес келмеген жағдайда бейін пәні бойынша емтихан өткізіледі.

 

2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

 

   5. Оқу орындарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және оқушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.

  6. Азаматтарды оқуға қабылдау бойынша жылжымалы комиссияны ұйымдастыру құрылтайшылармен келісу бойынша шешіледі.

       7.  Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет.

         8.  Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.

        9.  Колледжге түсушілер өтініштерімен бірге мына құжаттарды тапсырады:

          – білімі жөнінде құжаттың түпнұсқасы;

          – № 086 – У дәрігерлік анықтама (1 және 2 топтағы мүгедектер және жастайынан мүгедектер үшін дәрігерлік - әлеуметтік сараптау қорытындысы);

          – 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;

        Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке ұсынылады.

      Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.

         Кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 15-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

      10. Жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар түлектер үшін қабылдау емтихандары жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні пәні бойынша), жалпы негізгі білімі бар азаматтар үшін қабылдау емтихандары жалпы негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, мамандық бейіні  пәні бойынша) өткізіледі.

          Мамандық бейіні бойынша пән осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес анықталады.

      11. Қабылдау емтихандарыжалпы орта білім берудің және жалпы негізгі білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде тест бойынша өткізіледі.

          Әр пән бойынша тест сұрақтарының саны 25 (жиырма бес). Әр тест тапсырмасының  дұрыс жауабы – 1 балмен бағаланады. Үш пән бойынша кешенді тестілеуге астрономикалық 2 сағат 15 минут беріледі, екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут уақыт беріледі.

    Кешенді тестілеуді өткізгеннен кейін сол күні емтихан қорытындысы талапкерлерге хабарланады.

       12. Тесттің (қабылдау емтиханның) қорытындысы айтылғаннан кейін, тест (қабылдау емтихан) нәтижелерімен келіспеген азаматтар шағым (аппеляцияға) беруге құқылы.

     Шағым емтихандар нәтижелері жарияланғаннан кейін тәулік ішінде қабылдау комиссиясына беріледі және оны өтініш берушінің қатысуымен шағым комиссиясы қарайды.

        13. Қабылдау емтиханын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

                                       3. Білім алушылар құрамына қабылдау

 

    14.Талапкерлерді оқушылар қатарына қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі, қабылдау емтихандары аяқталғаннан кейін колледждің күндізгі бөліміне 25 тамыздан 30 тамызға дейін, сыртай оқу бөліміне қабылдау 15 қырқүйектен 30 қырқүйекке дейін аяқталады.

         Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсі:

         –    бірыңғай ұлттық тестілеу сертификатындағы балл негізінде;

    –  ҚР Білім және ғылым министрлігінің кешенді тестілеу нәтежиесі бойынша берілген сертификаттағы балл негізінде;

     –  колледжде өткізілген кешенді тестілеу нәтежиесі бойынша бойынша алынған баллдар негізінде;

         Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен  20 балдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 балдан ке;

2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

      15.Колледжге қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандық, бөлім, оқу тілі бойынша жеке-жеке өтеді.

16.Негізгі қабылдау ережелерінде кестеленбеген сұрақтарды құрылтайшы келісімі бойынша колледждің қабылдау комиссиясы жеке шешеді.

Берілген ережелер   педагогикалық кеңестің №07 16.04.2014ж. хаттамасымен   қаралып, бекітілді. 

 

Read 1982 times

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.