2018 жылыдың 1 наурыз күні Алғыс айту мерекесінің аясында «Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!» атты ПВ-911, УА-911топ тәлімгері Ж.К.Балуанова мерекелік кездесу ұыйымдастырды, кездесуге «Ардагер» клубының «Ару Аналар» хоры шақырылды.
2018 жылыдың 7 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған ПВ-911, УА-911 тобында топ тәлімгері Ж.К.Балуанованың ұйымдастыруымен «Сыйынар ем, ана деген тәңірге!» атты мерекелік ашық тәрбие сағаттың өткізді. Мерекеге оқушылар аналары қатысты.
2018 жылдың 2-ші наурызында ПВ-911 тобының оқушылары Умбеталиева Г., Джылкайдарова К., Аширалиева М. Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың «Батыр кубогі» жүлдесі үшін өткізілген пневматикалық мылтық ату сайысына қатысып, ІІІ орынға иеленді.
7-ші наурыз күні Халықаралық Әйелдер күніне орай БҚИТК-нің оқытушыларына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
14 наурыз күні Көрісу Айт күніне орай БҚИТК-де тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
2018 жылдың 20 наурызында Батыс Қазақстан инженерлік –гуманитарлық университеті мен БҚИТК-нің ұжымы бірлесіп Наурыз мерекесін ұйымдастырды.
2018 жылдың 28-ші наурыз күні «Көктем аруы - 2018» атты байқауында колледж оқушылары Булатова Аружан І орынды, Умбеталиева Гүлшат ІІ орынды иеленді.
ЭНГМ-921 тобы оқушылары мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушыларын алғыс айту күнімен құттықтап, өз алғыстарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді.
ЭНГМ-911 тобы оқушылары топ жетекшімен алғыс айту күніне кішігірім дөңгелек үстел ұйымдастырды.
14 наурыз күні Сыбайлас жемқорлықтың салдары және алдын-алу шаралары туралы ақпараттандыру мақсатымен өткізілген аз уақыттық баяндама. ЭНГМ-922 тобы, пән мұғалімі Сабргалиева Надежда Маратовна.
Колледж оқушылары «Қар тазалау» қалалық акциясына белсенді қатысты.
Түңгі рейд бойынша бөлім мұғалімдері оқушылардың тұрмыс жағдайын, сабақ оқуға деген жағдайларын бақылап қайтты.