free templates joomla

Экология және биотехнология бөлімі

Экология және биотехнология бөлімі

 

1001110

Бөлім меңгеруішісі, техника және технология магистрі, I санатты оқытушы

Разакова Асемгуль Маликовна

 

           Экология және биотехнология бөлімінде 19 оқытушы қызмет атқарса, штатта 16 оқытушы бар. Олардың ішінде 2 оқытушы – жоғары санатты, 4 оқытушы – 2 санатты, 5 оқытушы – магистр, 1 оқытушы – ғылым кандидаты болып табылады.
Экология және биотехнология бөлімі негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде келесі мамандықтар бойынша біліктілік алуды ұсынады:
 1508000 – «Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстар»
Біліктілігі: 1508063 – «Техник-технолог»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 6 ай.
  Орман шаруашылығы – экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу, есепке алу, ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру, орманды күту, сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу, питомниктерде көшет өсіру, суландыру, орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау, ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
  Техник-технологтің кәсіби қызмет нышандары: орман шаруашылығын басқаратын мемлекеттік органдар, орман, балық, аңшылық шаруашылықтардың комитеттері, мемлекеттік облыстық басқару органдары, мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорындары мекемелері және ұйымдары (орман және орман бақ шаруашылығының, орман өнеркәсібінің, орман құрылыс мекемелері, ағаш өндіру, орман тұқымбағы, орман мелиоративтік станциялары), жасыл құрылыс объектілері және ғылыми зерттеу объектілерін рекреациондық пайдалану, жобалау ұйымдары. 
1513000 – «Ветеринария»
Біліктілігі: 1513053 – «Ветеринарлық фельдшер»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Ветеринария – Республикадағы мал шаруашылығы экономиканың аграрлы секторларының негізгі салаларының бірі болып табылады. Республика бойынша ветеринарлық жүйені дамытудың негізгі мақсаты – ел аумағында тұрақты ветеринарлық-санитарлық қолайлықты және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл кезде республикадағы тұрақты эпизоотиялық жағдай республиканың сыртқы әлеуетін дамытудағы негізгі өзегі болып табылады. 
Облысымыз агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы, бүгінгі күні бұл салада өңірімізде орта буынды мамандар үлкен сұранысқа ие.
  Ветеринарлық фельдшер кәсіптік қызмет нышандары: республикалық, облыстық, аудандық, қалалық мал дәрігерлік қызмет мекемелері, мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет мекемесі, өндірістік және ауылшаруашылық бөлімшелері, жануар өнімдерін сараптау зертханалары. 
1505000 – «Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)»
Біліктілік: 1505043 - «Техник - балық өсіруші» 
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 6 ай.
  Балық шаруашылығы – республикамыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, еліміздің үдемелі экономикалық дамуында, ауылдық аймақтағы халықты жұмыспен қамтуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экпортын арттыруда ерекше маңызды орын алатын сала.
  Балық қорын қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану, сондай-ақ еліміздің халқын сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында агроөнерокәсіп кешенінің бір саласы болғандықтан, балық шаруашылығын дамытуға бүгінгі таңда мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. 
  Техник–балық өсірушінің кәсіби қызметінің нышандары: құнды балық түрлерін және омыртқасыздарды қолдан өндіру және өсіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жобалау, су биологиялық ресурстарын тиімді пайдалануды қорғау және бақылау бойынша жұмыстар жасай алады.
1514000 – «Экология және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану»
Біліктілігі: 1514093 – «Эколог»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен жағдайлары бүгінгі таңда орын алып тұр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйелерін басқару да бой көтеріп келеді. Дұрыс басқару, қоршаған ортаны қорғаудың мемелекеттік саясатын жүзеге асыру, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. 
  Елімізде экологиялық қауіпсіздікті және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік концепциясы жарияланды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингінің біркелкі жүйесімен іске асыруды ұсынады. Экологиялық қауіпсіздік ол – халық қауіпсіздігінің маңызды бір бөлігі. Сондықтан аталған мамандықтың еліміз үшін маңызының зор екендігін айта кеткен жөн.
  Экологтің кәсіби қызмет нышандары: су қоры, орман, балық, аңшылық шаруашылықтары бойынша қоршаған ортаны қорғау комитеттері, мемлекеттік мониторинг, табиғат объектілеріне мониторинг, ортаның мониторингі, ұйымдардың табиғат кешендері (қорықтар, қорғалымдар ж.б.), жергілікті атқару органдары, бақылау және қорғау қызметтері, мүдделі ұйымдар. 
1224000 – «Сүт өнімдерінің өндірісі»
Біліктілік: 1224063 – «Техник-технолог»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай.
  Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық аясында ауыл шаруашылық өнімдерін көбейту және оның сапасын әлемдік стандарттарға сай өндіру де бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
  Сүт – сапалы қоректік қасиеті жоғары, адам өміріне қажетті барлық заттар мен витаминдері бар сұранысқа ие өнім.Сондықтан нарықтық экономика жағдайында сүт және сүт өнімдерінің халықты тиімді тамақтандыруда алатын орны ерекше.
  Қазіргі уақытта өңірімізде ауыл шаруашылығының бой көтеріп келе жатырғандығын ескерсек, сүт өнімдерімен қамтамасыз ету саласының үлкен сұранысқа ие болатындығы белгілі. 
  Техник-технологтің кәсіби қызмет нышандары: сүт өндіру кәсіпорындарында, сүт өңдеу, ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханаларда және стандарттау және сертификаттау орталықтары, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық орталық зертханашысы. 
1225000 – «Ет және ет өнімдерін өндіру (түрлері бойынша)»
Біліктілігі: 1225113 – «Техник-технолог»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 6 ай.
  Қазақстанда ауылшаруашылығы саласын дамытудың негізгі мақсаты – еліміздің ішкі сұранысын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету және оның экспорттық әлеуетін іске асыру болып табылады. Елбасы жолдауындағы етті мал шаруашылығын дамытып ет экспортын 60000 тоннаға жеткізу, шикізаттық емес секторды дамыту көзделеген. Еліміздің кедендік одаққа кіруіне байланысты басқа елдерден келетін ауыл шаруашылық өнімдерінің саны артуда. Сол тауарларға сапасы жағынан төтеп бере алатын кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс жасайтын білікті мамандар қажет. 
  Техник-технологтің кәсіби қызмет нышандары: ет және ет өнімдерін өндіру кәсіпорындарында, ет өңдеу, ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханаларда және стандарттау және сертификаттау орталықтары, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық орталық зертханашысы. 
1216000 – «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі»
Біліктілік: 1216063 - «Техник-технолог»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 6 ай.
  Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі мақсаты – еліміздің ішкі сұранысын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету және оның экспорттық әлеуетін іске асыру болып табылады.
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші бағыттардың бірі болғандықтан ең басым экономикалық салалардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенімен тікелей байланысты осы индустрия көп салалы секторлар арқылы ұсынылады, олар 800-ден астам тағам түрін шығарады және өсімдік және мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеумен тығыз байланысты болады.
Қазақстан жоғары сапалы бидайының, жоғары өнімді үн тарту кәсіпорындарының және қолайлы орналасқан орнының арқасында Орталық Азиядағы ең бір жетекші бидай ұнын өндіруші және экспорттаушы болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстанның астық өңдеу өнеркәсібі ұн тартатын диірмен кәсіпорындарымен ғана емес жарма зауыттарымен де танымал. 
Қазақстанда жарма өндірісі барынша дамыған құрылым, ол жарма дақылдары өндірісінің климаттық мүмкіндіктерімен қатар республика тұрғындарының тағамдық талғамдарын да ескереді.
Осы орайда, аталған мамандық еліміздің ауылшаруашылығы саласын дамытуда үлкен маңызға ие болып отыр.
  Техник-технологтің кәсіби қызмет нышандары: астықты өңдеу және сақтау технологиясы, жармалық және құрамажем өндірісі, нан және нан өнімдері бойынша кәсіпорындарында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтары, өндірістік зертханаларда және стандарттау және сертификаттау орталықтары. 
1504000 – «Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)»
Бiлiктiлiгі: 1504113 – «Фермер»
Оқу мерзімі: 2 жыл 6 ай орта бiлiмiнiң базасында, негiзгi орта бiлiмiнiң базасында 1жыл 10 ай.
  Ферма шаруашылығы — меншікті, жалға алынған немесе зиян тигізбеу құқығы шартымен берілген жерде құрылған, иелерінің немесе жалдама еңбек колданылып не қолданылмай жалгерлердің күш-құралымен жүргізілетін  мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорны;
  Фермерлік шаруашылық мал шауруашылығының немесе егін шаруашылығының бір тіпті бірнеше бағыттарымен айналысып, табыс алуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызметінің субъектісі болып табылады.
  Сондай-ақ Фермерлік шаруашылық пайдалы бизнес ұйымдастырдың ең қолайлы нұсқасы болып, қазіргі кезде оған қызығушылық артып отыр. 
  Фермердiң кәсiби қызметiнiң объектiсі болып табылатындар: Өндiрiстiң процесстерi, сақтау және мал шаруашылық және өсiмдiк өсiрушiлiк өнiмнiң iске асыруы. Өсiру, ауылшаруашылығы, мал шаруашылығының өндiрiс және өнiмдердi сатуы және әртүрлi дала, көкөнiс және жемiс-жидек өнiмiнiң iске асыруы, бухгалтерлiк және қаражат қожалығы қызмет және бақылаудың жүзеге асыруы. 


 

гис-технологии
ткани для вышивания