free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

Сәуір, 2018

Сәуірдің 12 күні УА-922 тобының оқушылары Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өткен «Инвестором может стать каждый» атты семинар-тренигке қатысты.

1 2 3

13 сәуірінде колледж оқушылары «COLLEGE STARTUP» атты облыстық бизнес жоба байқауына қатысты.

            4 7  

5 6

23 сәуір күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 55 жылдық  мерейтой қарсанында елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 1-2 курс студенттері арасында оздырылған «Тарихи тұлғалар тағылымы» атты облыстық пікірталас турниріне колледж оқушылары қатысып, мадақтама және қатысушы сертификаттарын алды.

8 9

26 сәуірде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да өткен «Эрудит» атты интеллектуалдық викторинаға УА-922 тобының оқушылары Умаргалиева Алина мен Терновая Валентина (жетекшісі – Павлова Т.И.) қатысып, ІІІ орынға ие болды.

10 11

Сәуір айында студенттер арасындағы «Адамзат танылған ұлы тұлға Шаhкәрім» атты облыстық көрермен-оқырман конференциясында «ҮЗДІК БАЯНДАМА» оқыған үшін Сериккалиев Тасболат (жетекшісі – Азгалиева А.К.) мадактама алды.

12

Оқушымыз Курманова Дания Республикалық сырттай ұйымдастырылған «Наурыз-жыл басы» атты шығармашылық байқауда 1 орынды иеленді. (жетекшісі - Г.А.Аймурзина).

13

Оқытушылар Г.А. Айешева және Ж.К. Балуанова приняли участие  в сырттай ұйымдастырылған республикалық «Наурыз-жыл басы»атты шығармашылық  байқауына қатысып,  жүлделі 2 орындарды иеленді.

14 15

Экономикалық пәндер оқытушысы Г.А. Айешева участвовала в республикалық «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі»байқауға қатысып,  «Үздік ғылыми жоба» Дипломына ие болды.

16

23 сәуір Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні. Бұл әлем әдебиеті үшін символикалық дата. Осы бір ерекше күні бүкіл әлемдегі кітаптар мен авторларға құрмет көрсетіліп, кітап оқу дәстүрі мадақталады. Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыратын іс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты.
      Колледжіміздің кітапханасында осы мерекеге қатысты  ЭЛС, ВТ мамандықтарынын 1 курс студенттерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Оқуға Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесті таңдап алынды. Студенттер жазушының өмірімен, шығармашылығымен таныстып, повесті кезектесіп оқып, ой-пікірлерін ортаға салды. Кітап жайында әңгіме қозғалып, студенттер кітап туралы өз түсініктерін айтты. Мерекеге орай ұйымдастырылған «Кітап – сенің досың» атты кітап  көрмесін  тамашалады.
       Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек. ХХI ғасыр білім, ғылымның ғасыры, ал талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін абырой болары анық. Заманға сай білімді, білікті боламыз десек кітапқа жақын болайық...

17 18 19

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы қазіргі жас ұрпақ пен  елдің ертеңгі келешегі үшін тындырылып жатқан үлкен игілікті іс. Осыған орай 18 сәуір күні осы жобаны студенттерге таныстыру мақсатында жиын өтті.

20 21 22

гис-технологии
ткани для вышивания