Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

«Жырлайды жүрек» әдеби-сазды кеші өтті

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсанында, жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мақсаттында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» әдеби-сазды кеші өтті. Кеш қонақтары Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы - Ислямғалиева Лена Мақсотқызы, Қ.Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ақындары – Бисенгалиев Айнабек Сағындықүлы, Ихсанов Эльдар Ермекұлы, Тұяқ Мақсат Боранбайұлы.