Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Психолог

Колледж психологы: Омарова Баян  Конаровна


Туған күні: 25.10.1977ж


Білімі жоғары, Педагогика  ж
әне  психология  ғылымдарының магистрі

 

Психологиялық  қызмет  жұмысының  мақсаттары  мен  міндеттері

 

Мақсаттары:

 

Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, жеке тұлғаның дамуын есепке алып, әр баланың психологиялық және эмоционалдық саулығына оңтайлы жағдай жасау. Оқушылардың жан саулығын сақтауына және олардың кәсіби жетістікке жетуіне мүмкіндік жасау, педагогтардың шығармашылық потенциалын ашуға және оны дамытуға көмек беру негізінде жүйелі түрде шығармашылықпен ойлауын дамыту.

 

Міндеттері:

  1. Оқушылардың жақын арадағы даму деңгейін және  танымдық үрдісін, өзара қарым-қатынас ын анықтап түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

  2. Оқушылар бойындағы агрессия деңгейін түсіру мақсатында жұмыстану және толеранттылыққа тәрбиелеу.

  3. Ойын, тренингтер арқылы топтық жұмыс бағыттарын ұйымдастыру

  4. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстану

  5. 9 сыныптан кейінгі оқушылармен психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстарын жалғастыру

  6. Топ оқушыларымен жеке түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

 

 Психологиялық  қызметтің    жұмысының   бағыттары


1.Психологиялық  диагностика  -  оқытушының,оқушының,ата - ананың тұлға аралық жетілуіндегі және  қарым – қатынасындағы ерекшеліктерге көңіл бөлу.


2.Психологиялық ағарту / профилактика/ тұлғаның  психикалық және тұлғалық  дамуында  кездесетін  сәтсіздіктерге кеңес  беру.Ата – аналардың психологиялық біліктілігін  арттыру.Тұлғаның психологиялық  саулығын  сақтау және  нығайту.


3.Психокоррекциялық жұмыс тұлғаны  дамыту, түзету  және  өңдеу.Жеке тұұгиялық ауытқуларынан  арылту  жағымды  іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.


4.Психологиялық кеңес беру -  диагностикалық  негізде  туындайды. Педагогикалық үрдістегі қатысушыларға мәселелерді,оқу – тәрбие  процесінде  туындаған  өзара кикілжіңдерді  шешуге  түрліше  кеңестер  беру.