Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әбдіқаппаров Нұркен Нұрлыбекұлы

 

Білімі:

  • Жоғары: 2006-2012 ж.ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті. «Ветеринариялық санитария»  мамандығы
  • Магистратура: 2014-2016 ж.ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университеті. «Ветеринариялық медицина» мамандығы

 

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндеттері:

  1. Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжінің студенттік жастардың рухани – құлықтылық жағынан қалыптасуына бағытталған тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын дайындау мен жүзеге ауыстыру ұйымдастыру;
  2. Колледждің , құрылымдылық бөлімшелердегі топ кураторының тәрбие қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды бағыттау және оларды білім беру қызметінің үздіксіздігіне бағытталған өзара әрекетін қамтамасыз ету;
  3. ҚР МЖББСТ сәйкес тәрбиенің құқықтық, әдістемелік, ұйымдастырушылық- экономикалық негізін қамтитын тәрбие жұмысы жоспарын құрастыру және бекіту;
  4. Тәрбие, қоғамдық- саясиқызметтің құлықтылық, қоғамдық саяси және кадырлық қамтамасыз етілуінің ағымдағы күйін талдау және бағалау, оларды жаңарту бойынша ұсыныстар енгізуге;
  5. Оқушылардың оқудан тыс жетістіктерінің, академиялық топтар кураторларының қызметінің сапасының мониторингі мен талдауын кеңейту және жетілдіруге септігін тигізуге;
  6. Құқық бұзушылық ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оқудан шығару, оқушылар құрамына белсенділерді ынталандыру және т.б туралы материалдарды дайындауға;
  7. Тәрбие қызметі мәселелері бойынша Педагогикалық кеңесінің және директорат бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
  8. Тәрбие қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшемен – Жарғылық,колледждің ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, орындаушылық және еңбек тәртібі нормаларының сақталуын бақылау;
  9. Ұжымда оң моралды – психологиялық жағдайдың және Адам құқығы деклорациясы бойынша қызметкерлер мен оқушылар арасындағы өзара сыйластыққа негізделген қырым-қатынастың қалыптасуын қамтамасыз етуге;
  10. Жоғары ұйымдарға колледж қызметі туралы жоспарлық және есептік құжаттаманың дайындалуы мен ұсынылуын жұзеге асыруға;
  11. Діни ахуалды бақылау;
  12.  Жатақхана жағдайын қадағалау;

 

 

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

 

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу
  3. Зияткерлік тәрбиелеу
  4. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие   
  5. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
  6. Отбасы тәрбиесі
  7. Ұлттық тәрбие
  8. Көпмәдиниетті және эстетикалық тәрбие

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.